Қазақстан мен Мысыр стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты, саяси, сауда-экономикалық, цифрлық және инвестициялық қатынастарды тереңдетудің кең ауқымды мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келіссөздер барысында тараптар өзара сенім мен бауырластыққа негізделген екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бірқатар уағдаластықтарды бекітті.
Екі ел азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақстан астығын Мысыр нарығына тікелей жеткізудің кешенді қолдау тетіктерін іске қосу шараларын талқылады.
Сондай-ақ энергетика мен экология салаларында Мысырдың «Эль-Дабаа» АЭС құрылысы мен Қазақстанның бейбіт ядролық бағдарламасы аясында уран өндірісі бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын бірлесе ілгерілету мақұлданды.
Кездесу соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жедел іске асыру мақсатында ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға келісті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















