Қазақстан мен Аустрия парламентаралық диалогты нығайтуда
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Маркус Хофер бастаған «Аустрия – Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан» парламенттік тобының делегациясымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, парламентаралық диалогты ілгерілетуге ерекше назар аударды. Екі ел депутаттары арасында тікелей байланыстар орнатудың және келешекте «Қазақстан – Аустрия» достық тобының Венаға жауап сапарын ұйымдастырудың маңыздылығы аталып өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылға, оның ішінде биыл 19-20 қарашада Венада өтетін Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің алдағы отырыстарына дайындық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Сұхбаттастар сирек кездесетін металдар, энергетикалық қауіпсіздік, көлік инфрақұрылымы және логистика салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды. Аустриялық компаниялардың бірлескен өндірістер мен Орта дәліз аясындағы жобаларға қатысу әлеуетіне назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар ауыл шаруашылығы, дуальды оқыту және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту жөнінде пікір алмасты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 09:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















