Қазақстан мұнайына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ министрлік
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы маңындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомствоның мәліметінше, 17 шілдеде "Nordic Zenith" танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған. Кеме портқа мұнай тиеу үшін бағыт алған, ал шабуыл кезінде бос болған.
Танкер экипажы өртті жедел түрде өз күшімен сөндірген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
"Қазақстан мұнайына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Сондай-ақ министрлік Каспий құбыр консорциумының технологиялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Компания жүк тиеу операцияларын қалыпты тәртіпте жүргізіп, белгіленген кестеге сәйкес танкерлерге мұнай құюды жалғастырып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:66
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 17:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















