Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстан World Government Summit 2026 саммитіне қатысты

Қазақстан World Government Summit 2026 саммитіне қатысты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің басшылығымен қазақстандық делегация World Government Summit 2026 саммитіне қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Саммит аясында делегация Қазақстанды елдің энергетикалық әлеуеті тікелей есептеу қуатына айналатын алаң ретінде таныстырды. ЖИ-экожүйесін қалыптастырудың барлық кезеңдерін қамтыған бірқатар келіссөздер жүргізілді.

Кездесулердің негізгі бағыты жоғары өнімді деректерді өңдеу орталықтарын және «AI-фабрикаларды» құру мәселелеріне арналды. G42 холдингінің басшысы шейх Тахнун бин Заед Әл Нахайянмен өткен кездесу деректерді сақтау мен өңдеу инфрақұрылымын дамыту бойынша нақты қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.

Айта кетер болсақ, шейх Тахнун бин Заед Әл Нахайян - жаһандық ЖИ күн тәртібіндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі. Ол G42 технологиялық конгломератын басқарып, сондай-ақ, БАӘ-нің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі ретінде ауқымды дата-орталықтардан бастап Microsoft және Cerebras сынды әлемдік  БАӘ, АҚШ және Қытай сияқты технологиялық көшбасшылармен стратегиялық әріптестікке дейінгі ЖИ-инфрақұрылымды дамытуға миллиардтаған қаражат инвестициялап келеді .

Сонымен қатар, БАӘ-нің негізгі мемлекеттік қайраткерлерінің бірі - энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейль Мохамед Әл-Мазруимен кездесу өтті. Кездесуде төмен көміртекті энергия үнемдейтін дата-орталықтарды құру мәселелері талқыланды.

Естеріңізде болса Әл-Мазруи ЖИ-ді алғашқылардың бірі болып мұнаймен салыстырған. Ол БАӘ тек энергияны ғана емес, таза энергияға негізделген дайын «есептеу қуатын» сататын модельді ілгерілетіп келеді.

Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі мемлекетаралық әріптестіктің нығаюы болды. БАӘ Министрлер Кабинетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюмен қатар, цифрлық күн тәртіптерін үйлестіру мақсатында БАӘ-нің ЖИ істері жөніндегі министрі Омар Сұлтан Әл Оламамен және сыртқы сауда министрі Тани бин Ахмед Әл-Зеюдимен кездесулер өтті. Сондай-ақ, саммит аясында Эстония Президенті Алар Кариспен және Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Сардор Умурзаковпен де кездесулер ұйымдастырылды.

Бизнес-компаниялармен және халықаралық ұйымдармен кездесулер.

«ЖИ-хабы» стратегиясын іске асыру аясында технологиялық және инвестициялық сектор көшбасшыларымен бірқатар келіссөздер жүргізілді. NVIDIA компаниясымен күрделі нейрожелілерді оқытуға арналған архитектуралық шешімдер талқыланды. Aleria және Phoenix Group компанияларымен ынтымақтастық Қазақстанға «ДӨО алқабын» ауқымдауға мүмкіндік береді. Masdar компаниясымен және Gulf Data Hub операторымен бірлесіп энергия үнемдейтін дата-орталықтарды құру тәсілдері пысықталуда.

ЖИ енгізудің практикалық аспектілері Yandex (Даниил Шулейко), VisionLabs (Александр Ханин) компанияларымен және Botim платформасымен талқыланды. Oracle компаниясымен гибридті бұлтты шешімдерді пайдалану мәселелері қарастырылды, сондай-ақ Mastercard өкілдерімен ЖИ енгізу тақырыбында кездесулер өтті.

Капитал тарту мәселелері әлемдегі ірі ойыншы BlackRock және мамандандырылған MGX қорымен талқыланды. Венчурлық экожүйені нығайту DIFC (Ариф Амири), Dubai Future District Fund (Надер Әл-Бастаки) және Sirius холдингі (ADI Foundation) басшылығымен өткен кездесулердің негізгі тақырыбына айналды.

RTA басшылығымен және Мұхаммед бин Рашид атындағы ғарыш орталығымен (Салем Әл-Марри) өткен келіссөздер ерекше қызығушылық тудырды. Бұл кездесулер «төмен биіктіктегі экономика» мен ұшқышсыз логистиканы дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жалпы алғанда, World Government Summit 2026 жаһандық алаңы болашақтың келбетін айқындайтын рекордтық деңгейдегі ықпалды тұлғаларды біріктірді. Кулуараларда және ресми қабылдауларда, оның ішінде VEON Group ұйымдастырған Майкл Помпеоның қатысуымен өткен іс-шарада және аңызға айналған инвестор Рэй Далиомен болған пікірталастарда мазмұнды диалогтар өтті.

Қазақстан үшін мұндай деңгейдегі диалогқа қатысу елдің жаңа технологиялық әлем картасындағы өршіл әрі болашағы зор ойыншы ретіндегі мәртебесін растады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 12:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары