Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы шақыру бойынша Венгрияның жоғары сот органында болды

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы шақыру бойынша Венгрияның жоғары сот органында болды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Венгрияның Куриясының (Жоғарғы Соты) Төрағасы Андрас Варгидің шақыруы бойынша елдің сот жүйесімен танысу үшін Будапеште ресми сапармен болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Делегация құрамында Шымкент қалалық сотының төрағасы Әділхан Шайхисламов болды. 

Екіжақты кездесу барысында жоғарғы сот төрағалары сот органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтіп, соттардың құрылымы мен қызметі, сондай-ақ екі елде жүргізіліп жатқан сот реформалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Сапар барысында қазақстандық делегация Венгрияның Куриясының сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету тәжірибесімен танысты.

Венгрияның сот жүйесі құқықтық ұстанымдарды белгілейтін және соттардың заңнаманы біркелкі қолдануына ықпал ететін қаулыларды әзірлеуге үлкен мән береді.

Ұсынылғантәжірибенің Қазақстанның сот жүйесіндегі ұқсас тетіктерді одан әрі жетілдіру үшін практикалық маңызы бар.

Сапар барысында Қазақстан Жоғарғы Соты Төрағасының Венгрияның сот қауымдастығы алдында сөйлеген сөзіне ерекше назар аударылды.

Асламбек Мерғалиев Қазақстандағы сот реформасының негізгі бағыттарымен таныстырып, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, кассациялық қадағалауды дамыту, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, сот ісін жүргізуді цифрландыру саласындағы жетістіктерді айтты.

Төраға әкімшілік істер бойынша шешімдердің жартысынан көбі азаматтардың пайдасына шығарылып, бұл олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сот арқылы тиімді қорғалатынын көрсететінін атап өтті.

Қазақстан Жоғарғы Соты Төрағасының сөйлеген сөзі көпшіліктің қызығушылығын тудырып, венгриялық әріптестердің оң бағасын алды, екі тараптың кәсіби диалогты дамытуға және тәжірибе алмасуға мүдделі екеніне тоқталды.

Сапар барысында делегацияға Будапешт өңірлік апелляциялық сотының және Венгрияның сот төрелігі академиясының қызметі таныстырылды.

Қазақстандық делегацияға Венгриядағы жұмысты ұйымдастыру және судьяларды оқытудың ерекшеліктері таныстырылды.  

Қабылдаушы тарап Венгрияның Бас Прокуроры Балинт Надьпен таныстыру кездесуінде ұйымдастырды. Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау және сот төрелігіне сенімін нығайтуда соттар мен прокуратура органдарының өзара іс-қимылы мен заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері туралы ақпаратпен алмасты.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сот органдары арасында белсенді диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 15:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары