Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстанда 16 жасқа дейін желіде тіркелуге тыйым салынады әлемдік тәжірибе қандай

Қазақстанда 16 жасқа дейін желіде тіркелуге тыйым салынады әлемдік тәжірибе қандай

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге ерекше назар аударып отыр. Ол Құрылтайдың бірінші сессиясында депутаттарға тиісті заңнаманы қарастыруды ұсынған болатын. Қазір бірқатар елде балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына жас шектеулері енгізіліп жатыр. Sputnik Қазақстан осы саладағы әлемдік тәжірибеге шолу жасады.

Шектеуді бірінші болып енгізген мемлекет

Қазір әлемнің көптеген елінде балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Олардың ішінде Аустралия 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға тыйым салған алғашқы ел болды.

2025 жылдың соңында қабылданған заңға сәйкес, жауапкершілік ата-аналарға емес, цифрлық платформаларға жүктелген. Олар аккаунт ашатын адамның жасын тексеруге міндетті.

Шектеу барлық негізгі әлеуметтік желілерге және кейбір стримингтік сервистерге қатысты. Үкімет бұл тізімді жаңарта алады.

Шектеу енгізілгеннен кейін Аустралияда жаңа аккаунт ашатын пайдаланушылардың жасын банк аккаунты, жеке куәлік көшірмесі немесе видео-селфи арқылы тексеру тәсілдері қолданылды. Үкіметтің есебінде адамның бет-әлпетін талдайтын технология тиімді әдістердің бірі ретінде көрсетілген.

Заңды бұзған платформаларға бастапқыда 49,5 млн австралиялық доллар көлемінде айыппұл қарастырылған. Кейін билік бұл соманы арттыруды ұсынды.

Бразилияның тәжірибесі қандай

Биыл наурызда Бразилияда балаларды цифрлық ортада қорғауға бағытталған арнайы заң күшіне енді. Онда әлеуметтік желілерге толық тыйым салынбайды, бірақ балалардың аккаунттарына бірқатар шектеу қойылған.

Заңға сәйкес, 16 жасқа дейінгі баланың әлеуметтік желідегі аккаунты ата-анасының немесе заңды өкілінің аккаунтына байланыстырылуға тиіс. Ал тіркелу кезінде платформалар пайдаланушының жасын құжат және биометриялық деректер арқылы тексеруге міндетті.

Сонымен қатар балаларға қауіпті контент анықталған жағдайда ол туралы ақпаратты тиісті органдарға хабарлау талап етіледі.

Бұл талаптарды бұзған платформаларға 50 млн реалға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Кей жағдайда платформаның жұмысын толық тоқтату да қарастырылған.

Миллиондаған аккаунт бұғатталды

Бразилиядан кейін Индонезия да 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарын бұғаттауға кірісті. Цифрлық технологиялар және байланыс министрлігінің алғашқы тізіміне YouTube, TikTok, Threads, X, Bigo Live және Roblox сияқты платформалар енгізілді.

Индонезияда 13 жасқа дейінгі балалар тек жасына арналған қосымшаларды пайдалана алады. 15 жасқа дейін қаупі төмен деп саналатын сервистерге кіруге болады, бірақ ата-ананың рұқсаты қажет. 16 жастан бастап бұл шектеулер қолданылмайды.

Кейбір платформалар пайдаланушының жасын жасанды интеллект арқылы анықтау жүйесін қолданады. Ол үшін қысқа видео-селфи жасалады. Жүйе адамның жасын автоматты түрде анықтайды. Биометриялық деректерді қорғау мақсатында тексеру аяқталғаннан кейін олар жойылады.

Үкімет әлеуметтік желідегі аккаунттарды әр адамның жеке сәйкестендіру картасымен байланыстыру мүмкіндігін де қарастырып жатыр.

Еуропа не істеп жатыр

Еуропалық одақта әлеуметтік желілерге қатысты бірыңғай жас шектеуі әзірге жоқ.

Испанияда кәмелетке толмағандарды цифрлық ортада қорғауға арналған заң жобасы қаралып жатыр. Онда 16 жасқа дейін әлеуметтік желілерге шектеу енгізу ұсынылған. Норвегия билігі де осындай талапты енгізу туралы заң жобасын әзірлеуде.

Грекияда 2027 жылдан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға тыйым салу жоспарланып отыр.

Францияда биыл шілдеде осы мәселеге қатысты заң қабылданған. Қыркүйектен бастап 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салу жоспарланған болатын. Алайда тамызда Францияның Конституциялық кеңесі заңдағы әлеуметтік желілерге қатысты негізгі норманы конституцияға қайшы деп таныды.

Кеңес бұл шектеу сөз бостандығы мен ақпарат тарату еркіндігіне шамадан тыс әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар баланың жасын тексеру кезінде жеке деректерді қорғауға қатысты құқықтық кепілдіктер жеткіліксіз деп бағаланды.

Франция президенті Эммануэль Макрон заң жобасын қайта әзірлеуді тапсырды.

Ұлыбритания қандай шешімге келді

Ұлыбританияда әлеуметтік желілерді пайдалану үшін ең төменгі жас шегін 16 жасқа дейін көтеру мәселесі қаралып жатыр. Жаңа талаптар 2027 жылдың көктемінен бастап енгізілуі мүмкін.

Сонымен қатар 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға қатысты қосымша шектеулер енгізу ұсынылып отыр. Олардың қатарында әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығу сияқты кейбір функцияларды шектеу бар.

Қазақстанда қалай болады

Қазақстан Үкіметі әзірлеген заң жобасы Құрылтай аясында талқыланып жатыр. Депутаттар құжатты бірнеше рет талқылаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға арналған арнайы SIM-карталарды енгізуді де тапсырған болатын.

"Балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін жаппай таратуды тапсырамын. Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Тоқаев биылғы Тамыз конференциясында.

Мамандар әлеуметтік желілердегі алгоритмдер мәселесіне де назар аударуға кеңес береді. Өйткені пайдаланушыларға көрсетілетін контенттің басым бөлігі осы алгоритмдер арқылы іріктеледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:49
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 19:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары