Қазақстанда 218 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Оларға жалпы 23,1 миллиард теңге төленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 40,4 мың отбасыға тағайындалған. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 62,7 миллиард теңге қарастырылған.
Атаулы әлеуметтік көмек табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен отбасыларға тоқсан сайын тағайындалады.
Мемлекеттік қолдау тек ақшалай төлеммен шектелмейді. Еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне жұмысқа орналасуға, кәсіптік оқудан өтуге, біліктілігін арттыруға немесе жеке ісін бастауға мүмкіндік беріледі. Биылғы сегіз айда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 6 565 еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасты.
Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем беріледі. Қыркүйектегі мәлімет бойынша мұндай төлем 67,8 мың балаға тағайындалып, оған 2,5 миллиард теңге бағытталған.
Атаулы әлеуметтік көмекке тұрғылықты жердегі мансап орталығы немесе ауылдық округ әкімі арқылы өтініш беруге болады. Өтінішті eGov.kz порталы арқылы да онлайн тапсыруға мүмкіндік бар.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 22:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















