Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қазақстанда агроөндірістің жаңа моделі: фермерлер жасымық жеткізуге келісті

Қазақстанда агроөндірістің жаңа моделі: фермерлер жасымық жеткізуге келісті

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстанда агроөндірістің жаңа үлгісі қалыптасып келеді. Мәселен, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлері «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамымен жасымық өсіру және жеткізу бағытында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасты. Бұл бастама БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жоба аясында жүзеге асырылып жатыр және экологиялық таза егіншілік тәсілдерін енгізуге, сондай-ақ тозған жерлерді қалпына келтіруге арналған.

Қазақстандағы жоба Ауыл шаруашылығы министрлігінің қатысуымен және Жаһандық экологиялық қордың қолдауымен іске асырылады. 

Биыл Солтүстік Қазақстан экожүйелерін сақтау және тұрақты агроөндіріс әдістерін дамытуға бағытталған бағдарламаға қатысатын ауыл шаруашылығы өндірушілерін іріктеу басталды. Алғашқы қатысушылар анықталып, бес шаруашылықпен пилоттық келісімшарттар жасалды.
Жобаның негізгі құралы — жасымықты форвардтық сатып алу тетігі.

Корпорацияның мәліметінше, бұл тетіп дәстүрлі қаржыландыру шеңбері, яғни, ол фермерлерді айналым қаражатымен қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық бағдарлама аясында экологиялық тұрақты тәжірибелерді енгізуді ынталандырады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуын азайтып, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

— Бағдарлама тек қаржылай қолдаумен шектелмейді, сонымен қатар шаруашылықтарды кешенді сүйемелдеуді көздейді. Қатысушылар ғылыми сараптамаға, заманауи агротехнологияларды қолдану бойынша кеңестерге, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді бағалау және басқару құралдарына қол жеткізеді, — делінген хабарламада.

Алғашқы кезеңде жоба Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын қамтиды. Жасымық жеткізу көлемі 2,5 мың тоннаны құрайды.
Келешекте жер және су ресурстарын ұқыпты басқарудың тиімді тәжірибелерін басқа өңірлерге тарату жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Корпорация аграршыларды қолдаудың қосымша тетіктерін дамытуды жалғастыруда. Атап айтқанда, тауарлық несиелеу тетігі және көпжылдық мал азықтық дақылдарды (оның ішінде жоңышқаны) үшжақты форвардтық сатып алу жүйесі пысықталуда. Бұл бағыт мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайтып, егіс алқаптарын әртараптандыруға ықпал етеді.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай бастамалар Қазақстан агробизнесінің жаңа даму нүктелерін қалыптастырады. Баламалы және мал азықтық дақылдар нарығын дамыту, сондай-ақ ұзақ мерзімді келісімшарттық тетіктерді енгізу саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ауыл шаруашылығын экологиялық тұрғыдан тұрақты модельге көшіруге негіз қалайды.

Айта кетейік, 11 өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтандыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 12:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары