Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау күшейіп келеді

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау күшейіп келеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігі – экономика өсуінің негізгі нүктесінің бірі. 2025 жылы Қазақстанда 1 миллионнан астам әйел шағын және орта бизнесті басқаруда. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  48,1%-ы, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әйелдер сауданы, қызметтерді, сұлулық индустриясын, қоғамдық тамақтануды, білім беру жобаларын, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік бастамаларды батыл дамытуда. Олар өңір экономикасын нығайта әрі заманауи даму трендін қолдай отырып, тұрақты, технологиялық және қоғамдастыққа бағытталған кәсіпорындар құруда.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен елімізде 20 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және шағын қалалар мен ауылдарда 164 өңірлік орталық жұмыс істейді. Олар қызметтерді ақысыз ұсынып, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қамтиды.

Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін төрт негізгі құрал бар.

Біріншісі – ақпараттық-консультациялық көмек. Әйелдер негізгі сұрақтарға жауап алады: бизнесті қалай тіркеу, ЭҚЖЖ таңдау, құжат ресімдеу, мемлекеттік қолдауды пайдалану және тендерлерге қатысу.  2026 жылғы 1 қаңтарда 16 326 әйелге 60 249 қызмет көрсетілді.

Екіншісі – жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау. Бұл – бухгалтерлік есеп, салық, есептілік, "1С", бизнес-жоспар мен ілгерілету стратегиясын әзірлеу. Барлығы 6 410 әйелге 7 106 қызмет ұсынылды.

Үшінші құрал – "Іскерлік байланыстар". Кәсіпкерлер шетелдік әріптестермен байланыс орнатып, шетелде тағылымдамадан өтеді. Бағдарламаны 36 кәсіпкер, оның ішінде 10 әйел аяқтады.

Төртінші құрал – жергілікті өндірушілердің әлеуетін ашуға көмектесетін және ауылдық жердің экономикалық дамуын күшейтетін "Бір ауыл – бір өнім" жобасы. Бүгінге қатысушылардың 90%-ы – әйелдер. 1 мыңнан астам қатысушы кеңес алса, оның ішінде 742-сі – әйел. 38-і финалист атанды. Жоба 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант алуға және оқытуда, брендингте және өнімді жылжытуға қолдау алуға мүмкіндік береді.

Тағы бір бағыт – ЕҚДБ-мен бірлескен "Бизнестегі әйелдер " бағдарламасы. 2015 жылдан бастап 565 консалтингтік және коучингтік жоба өткізілген. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 10 мыңға жуық кәсіпкер "Микробизнестегі әйелдер” бес модульді онлайн бағдарламасына қатысты. 

Мемлекеттік субсидиялау және кепілдік беру құралдары кәсіпкер әйелдер үшін қаржы мен бизнесті дамытуға тең жағдай жасайды.

Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы 13,2%, ал әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 12,2% ставка бойынша беріледі. Несиелер 3 жылға дейін 200 млн теңгеге дейін беріледі.

Барлығы 3373 жоба 365,7 млрд теңгеге қолдау тауып, 268,5 млрд теңге субсидия төленді.

Оның ішінде 1423 жоба, яғни 42% – әйелдердікі. Несие сомасы – 119,7 млрд теңге.

Кепіл жетіспейтін кәсіпкерлер үшін мемлекет кепілдік береді.

1 және 2 Кепілдік қорлары шеңберінде кепілдік беру құралы. Бұл тетік шағын және орта бизнеске 7 млрд теңгеге дейін ірі несие алуға көмектеседі. Кепілдіктің ең жоғары мөлшері – 85% дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды.

603,4 млрд теңгеге 3 110 жобаға қолдау көрсетіліп, 304,2 млрд теңгеге кепілдік берілді.

Оның ішінде 1 262 жобаны әйелдер іске асырған: олар 67,7 млрд теңгеге кепілдікпен 132,4 млрд теңгеге несие алды.

Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шаралары шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар "Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту" тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге елеулі үлес қосады. 

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламаларын дамыту, қаржыландыруға қол жеткізу, сондай-ақ оқыту мен тәлімгерлік әйелдер үшін қосымша мүмкіндік туғызып, Қазақстанда гендерлік теңдікке қол жеткізудегі прогресті жеделдетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 11:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары