Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Судың сұрауы күшейіп келеді

Судың сұрауы күшейіп келеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

БҰҰ  деректеріне  қарағанда, бүгінде  дүниежүзінде 2 млрд-тан астам таза ауызсуға толық қол жеткізе алмай отыр. Бұл дегеніңіз – әлем халқының 25%-ы деген сөз. Дегенмен  бұл жердегі деректердің бірқатар ерекшелігі бар, яғни статистикада көрсетілген мөлшердегі  адам мүлдем сусыз отыр дегенді білдірмейді. Бірақ су сапасына қатысты мәселе бар. Айталық, 106 млн адам  суды өзендерден, көлдерден немесе су қоймаларынан тасып ішеді. 302 млн адам құдықтар мен бұлақ суын пайдаланады. 287 млн адам үйіне су әкелу үшін кемі 30 минут жол жүреді. 1,5 млрд  адамның үйіне су кіргізілмеген.  Яғни  санитарлық талаптарға сай болмауы өзекті болып тұр. Салдарынан  сапасыз судың кесірінен әлемді күн сайын 5 жасқа толмаған мыңға жуық бала өмірден өтеді.  Сонымен қатар  жалпы саны 2,4 млрд адам су көздері өте тапшы, «су стресі бар»  аймақтарда өмір сүреді. Ал 2050 жылға қарай әлем халқының  жартысынан астамы су тапшылығын сезінуі мүмкін.

Бұл жағдай  Қазақстанның су мәселе­сіне  назар аударуға шақырған  баста­масының  құнын арттырып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  БҰҰ аясында  Халықаралық су ұйымын құру бастамасын ұсынды. Сонымен қатар барлық ірі халықаралық жиындарда Каспий, Арал және трансшекаралық өзендер, су мәселе­сін көтеріп келеді. Мемлекет басшысы  су қауіпсіздігін аймақтық, жергілікті  экологиялық  мәселе ретінде ғана емес,  жаһандық қатер ретінде бағалайды. БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру арқылы мемлекеттердің су ресурстарын  басқарудағы  ынтымақтастығын арттыру,  климат  өзгерісінің  зардабын  төмендету, суға байланысты туындауы мүмкін  жанжалдардың алдын алу көзделеді.  Сондықтан бұл бастаманы халықаралық сарапшылар  өзекті  ұсыныс  ретінде бағалап отыр.

2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макронның бірлескен бастамасы нәтижесінде One Water Summit жиыны өткен еді. Биыл желтоқсанда Абу-Дабиде UN Water conference-2026  деп аталатын басқосу өтеді. Мұндай іс-шаралардың барлығы  су тапшылығының алдын алуды, суды үнемдеуді көздейді. Өйткені  суға қатысты мәселелер күрделене түссе, зардап шегу ықтималдығы бар мемлекеттердің қатарына Қазақстан да кіреді. Еліміздегі өзендердің  шамамен 60%-ы шетелдерден келеді. Ауызсу ғана емес, ауыл шаруашылығына қажет су тапшылығы да күн өткен сайын күшейе беруі мүмкін. Сондықтан адамзат мұндай жағымсыз құбылыстың зардабын төмендетуге қазірден бастап  көңіл бөлуі керек. Қазақстанның жаһандық деңгейде бастама көтеріп, су  үшін шырылдауының мәні осында. 

Әлбетте, бұл жерде Қазақстан  тек ұсыныс айтып қана  қойған жоқ. Ел ішінде де суды үнемдеуге көңіл бөліп жатыр. Ресми мәліметтерге қарағанда,  еліміздегі судың 60%-дан астамын ауыл шаруашылығы саласы тұтынады. Сондықтан ең алдымен агросекторда суды үнемдеу  дағдысы қалыптасуы керек. Мемлекет су үнемдеу технологияларын енгізген фермерлер шығынының 80%-ын  субсидия арқылы өтеуге  бел буып отыр. Мұндай жүйе орнатқан шаруалардың суға төлейтін тарифіне субсидия көлемі 85%-ға жеткізілді. Су үнемдейтін технология  қолданылатын алқаптар көлемін 2030 жылға қарай 1,3 миллион гектарға  жеткізуді жоспарлап отыр.  Бұл дегеніңіз жылына 2,2 млрд  текше  метр суды  үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа Су кодексіне сәйкес өндірістердің  суды қайта пайдалану тетігі де қалыптастырылды. Сала цифрлан­дырылып жатыр.  Яғни Қазақстан  жаһан жұртын су үнемдеуге  шақыруды өз ісімен де бекемдеп отыр. Сондықтан  суды үнемдеуге бағытталған  жаһандық бастаманы қолдайтын,  іске асыруға ұмтылатын мемлекеттер мен  халықаралық ұйымдардың да  қарасы  аз болмайды деген  үміт бар. Адамзат  судың қадірін күн өткен сайын жете түсіне берері сөзсіз.

А.Сұлтан

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 07:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары