Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша рақымшылық жасалады Сенат заңды мақұлдады

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша рақымшылық жасалады Сенат заңды мақұлдады

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бүгін Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы  жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық туралы» заңды, сондай-ақ рақымшылықты іс жүзінде жүзеге асыруға қажетті қылмыстық, қылмыстық-процестік, әкімшілік құқықбұзушылықтар және атқару өндірісі заңнамасына түзетулерді мақұлдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл ретте, заң жобасын әзірлеушілер бұл қылмыстық саясатты қайта қарауды немесе қылмыстық құқықбұзушылықтарға жұмсақ қарауды білдірмейтінін ерекше атап өтті. Керісінше, ең қауіпті қылмыстар үшін жауапкершіліктен қашу мүмкін емес деген қағидат сақталады.

Заң қылмыстық теріс қылықтар жасаған адамдарды, ауыр емес қылмыстарды, сондай-ақ нұқсан келтірілмеген не толық өтелген кезінде ауырлығы орташа жекелеген қылмыстарды жауаптылықтан не негізгі жазадан босатуды көздейді. Кейбір сотталғандарға өтемеген жазаның қысқартылуы қарастырылған. Сонымен қатар рақымшылық сыбайлас жемқорлық, лаңкестік пен экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстар, зорлау, сталкинг, соққыға жығу, азаптау, кісі өлтіру, мемлекеттік сатқындық және басқа да аса қауіпті қылмыстар жасаған тұлғаларға қолданылмайды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет енгізілген әкімшілік рақымшылық ең маңызды жаңашылдықтардың бірі болып отыр. Бұған дейін рақымшылық актілер тек қылмыстық салаға қатысты болса, енді азаматтарды, жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке орындаушыларды, адвокаттар мен заң консультанттарын орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан немесе олардың қалған бөлігінен босату қарастырылған. Рақымшылық қолданылғаннан кейін тиісті атқару өндірістері тоқтатылады.

Әкімшілік рақымшылық қоғамдық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекет мүддесіне қауіп төндіретін құқықбұзушылықтарға қолданылмайды. Осылайша, ұсынылып отырған тетік қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне әсер етпейді, керісінше, ең алдымен азаматтардың әкімшілік жүктемесін азайтуға және олардың экономикалық белсенділігін қолдауға бағытталған.

Рақымшылықты қолдану тәртібін цифрландыруға арналған түзетулердің бөлек жиынтығы қарастырылған. Осы мақсатта Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне жаңа бап қосу ұсынылады, ол арқылы Біріккен әкімшілік өндіріс тізілімінде (БӘӨТ) рақымшылыққа ілінетін тұлғалардың тізімі автоматты түрде жасалып, шешімдер электронды  форматта қабылдануы мүмкін. Әзірлеушілердің пікірінше, бұл бюрократиялық рәсімдерді айтарлықтай қысқартуға, шешім қабылдауды жылдамдатуға және рақымшылық актілерді орындау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Рақымшылық мәселелерінен бөлек, заң жобалары қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруді қарастырады. Атап айтқанда, айыптау актісіне қойылатын талаптар, тергеу нәтижелерін рәсімдеу тәртібі және қылмыстық процесті аяқтау тетіктері нақтыланады. Бұл өзгерістер құқық қолдану тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етуге, процессуалдық құжаттардың сапасын арттыруға және қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, рақымшылық жаңа Конституцияны қабылдауға байланысты 2026 жылғы 17 наурызда Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған кешенді қылмыстық және әкімшілік рақымшылық шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 16:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары