Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Аптаның алғашқы күні Асет Исенали Корея Республикасындағы, ал Марғұлан Баймұхан Мьянма Одағы Республикасындағы елші қызметіне тағайындалды

Ал Нұрғали Арыстанов Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Дүйсенбіде Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Нұрсұлтан Исабеков Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Нұрсұлтан Арқабайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.

2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы Құрылыс және дизайн колледжін, 2013 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын, 2021 жылы академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы «ГАПП» ЖШС-ның техник-жобалаушысы болып бастаған.

2012-2015 жылдары «Табыс-Жоба» ЖШС-ның бас инженері, 2015-2021 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің технигі, 2021-2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің жоспарлау және қала аумағын соғу секторының бас маманы, 2023-2024 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек етті.

2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

13 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл қызметті Берік Дүйсенов атқарады. 

Б.Дүйсенов 1978 жылы 7 қыркүйекте бұрынғы ОҚО Арыс қаласында туған.

Білімі жоғары. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Академиялық инновациялық университетін және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, құрылыс.

Ол еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе қалалық прокуратурасы бөлімінің прокуроры болып бастаған.

2004-2016 жылдары «Кит Со», «Отау Строй», «Корпорация Бастау» ЖШС-нің заңгері, Түркістан қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің меңгерушісі, Түркістан, Шымкент қалалары әкімі аппараттарының басшысы, «Сәулет-Бетон» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған.

2016-2017 жылдары ОҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары, 2017 жылы ОҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, 2017-2020 жылдары Шымкент қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, сондай-ақ 2020 жылы «Саулет-Бетон» ЖШС директорының кеңесшісі, 2020-2025 жылдары ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы болған.

2025 жылдың мамыр айынан бүгінге дейін «Аялдама Қызмет» ЖШС директорының кеңесшісі қызметін атқарып келді.

Аптаның үшінші күні Нұрлан Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы атанды. 

Ол 1978 жылы 13 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын «мотоатқыштар әскерлерін басқару тактикасы» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетін «әскери және әкімшілік басқару» бағыты бойынша, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мотоатқыш взводының командирінен бастап, әртүрлі гарнизондардағы әскери бөлімдердің командиріне дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Жаңа лауазымға дейін ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — штаб бастығы қызметін атқарды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Дәл осы күні Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке көпжылдық тәжірибесі бар хирург Рүстем Нысамбаев келді. 

Оның еңбек жолы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы жетекші медициналық мекемелермен байланысты, сондай-ақ басқарушылық тәжірибесі де бар.

Рүстем Серікұлы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Еңбек жолын 2008 жылы Сәтбаев қаласының медициналық-санитарлық бөлімінде бастаған.

2013-2016 жылдары Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» медициналық орталығында қызмет атқарды.

Одан кейін 2016 жылдан 2025 жылға дейін Жезқазған қаласының облыстық көпсалалы ауруханасында бірқатар жауапты қызметтерді атқарды, жарақат бөлімін басқарды және хирургиялық қызметке жетекшілік етті.

2025 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Сәтбаев қаласының ауруханасын басқарған.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Мерхат Сапарғалиев тағайындалды. 

Мерхат Балтыбекұлы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2004 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінде бастаған.

2010-2011 жылдары Орал қалалық мәслихаты аппаратының жетекші маманы қызметін атқарған.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаржылық бақылау инспекциясында бас инспектор-ревизор болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2023 жылға дейін өңірдің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында түрлі лауазымдарды атқарды.

2023-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2025 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінде бас сарапшы лауазымында жұмыс істеген.

Бейсенбіде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Болат Жұмағалиев Орал қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды. 

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Болат Әлібекұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2011 жылы Алматы қаласында аудан прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.

Сондай-ақ аудан прокурорының аға көмекшісі, бөлім аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің аға прокуроры, Бас прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарды.

2023 жылдан бастап Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарып келді.

Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі — 14 жыл.

Осыған дейін Орал қаласының прокуроры болған Мейірхан Ізімов басқа қызметке ауысты.

16 сәуір күні «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып Едіге Дүйсенұлы Әділханов  тағайындалды 

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұған дейін ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының креативті индустриялар департаментінің директоры қызметін атқарған. Туризм және қонақжайлылық саласында мол тәжірибесі бар, оның ішінде халықаралық қонақүй брендтерінде, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ құрылымында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Спорт істері агенттігінде қызмет еткен.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды тәмамдаған, магистр дәрежесін туризм мен қонақжайлылық бағытындағы әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі — César Ritz University-де (Швейцария) оқыған.

Күні кеше ҚР Президенті  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, өңірлік кадрлық резервтің мүшесі Хамза Оралбекұлы Оразбеков  Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Хамза Оразбеков 1988 жылы туған. Еңбек жолын 2007 жылы бастап, Павлодар облысы Павлодар ауданындағы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінде жауапты қызметтер атқарған. Кейінгі жылдары Заңғар ауылдық округінің әкімі, Павлодар ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының орынбасары, Павлодар қаласы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысының орынбасары, Павлодар ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары қызметтерінде болған.

Ол ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, өңірлік кадрлық резервтің мүшесі.

Өткен аптадағы кадрлық тағайындауларды білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Сәуір 2026 12:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары