Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда астықты терең өңдеу негізінде БИ 95 отыны өндірісі іске қосылды

Қазақстанда астықты терең өңдеу негізінде БИ 95 отыны өндірісі іске қосылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

KazFoodProducts холдингі биоэтанол қолдану арқылы өндірілетін БИ-95 автокөлік отынын өнеркәсіптік деңгейде шығаруды бастады. Бұл жоба елімізде алғаш рет аграрлық өнім толық циклмен терең өңделіп, дайын мотор отыны ретінде нарыққа ұсынылғанын көрсетеді.

Мұнда басты назар тек отынға емес, тұтас өндірістік тізбекке аударылады. Биоэтанол Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан BioOperations кәсіпорнында өндіріледі. Бұл – республикадағы бидайды терең өңдейтін бірегей кешен. Яғни астық тек ұн немесе жем ретінде пайдаланылмай, жоғары технологиялық деңгейде өңделіп, қосылған құны жоғары өнім алынады. Кейін BioPetrolCompany базасында соңғы өнім — БИ-95 отыны дайындалып, нарыққа шығарылады.

БИ-95 — құрамында 5–10% биоэтанол бар бензин. Бұл қоспа отынның негізгі сипаттамаларын, соның ішінде октан санын сақтай отырып, оның экологиялық көрсеткіштерін жақсартады. Биоэтанол астық өңдеу өнімдерінен алынып, көміртекті бейтарап компонент ретінде қарастырылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай шешімдер тұрақты энергетиканың ажырамас бөлігіне айналған. Еуропалық одақ, АҚШ және Жапонияда биоэтанол қосылған отындарды пайдалану жиырма жылдан астам уақыт бойы қалыпты тәжірибе болып келеді. Қазақстан да бұл бағытқа кезең-кезеңімен көшіп жатыр: 2022 жылдан бері BioOperations өнімдері Еуропалық одақ пен Ұлыбритания нарықтарына экспортталып, халықаралық талаптарға сәйкестігін дәлелдеді.

Маңыздысы — жаңа отынды пайдалану автокөліктерді жаңғыртуды қажет етпейді. БИ-95-ті қолданыстағы бензин қозғалтқыштарында еш өзгеріссіз қолдануға болады. Жүргізілген сынақтар биоэтанол қоспасының негізгі техникалық сипаттамаларға әсер етпейтінін көрсетті. Қуат пен айналу моменті дәстүрлі бензин деңгейінде сақталады, ал кейбір сынақтарда жоғары тиімділік пен төмен шығарындылар тіркелген.

Алайда жобаның стратегиялық маңызы тек отын сипаттамаларымен шектелмейді. Бұл ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетика салаларының өзара ықпалдастығын күшейтетін жаңа модельдің қалыптасуын білдіреді.

– Біз үшін БИ-95-ті іске қосу — ең алдымен экологиялық қадам. Біз тек жаңа отын түрі туралы емес, қоршаған ортаға түсетін нақты жүктемені азайту туралы айтып отырмыз. Биоэтанолды пайдалану шығарындыларды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе ауа сапасы мәселесі бірінші кезекте тұрған Алматы сияқты қалалар үшін өте маңызды. Сатылымның дәл осы жерде басталуы — саналы шешім. Біз қоғамның неғұрлым таза шешімдерге деген сұранысын көріп отырмыз және бүгіннің өзінде-ақ әдеттерді өзгертпей қолдануға болатын өнім ұсынамыз. Сонымен қатар мұның артында ауқымды міндет тұр — ел ішінде терең өңдеуді дамыту және экология мен экономиканың өзара қайшылыққа түспейтін тұрақты моделін қалыптастыру, — деп атап өтті жоба жетекшісі Лаура Бергибаева.

Экологиялық әсері де айтарлықтай: биоэтанол қолдану ұсақ бөлшектер шығарындыларын 70%-дан астамға, азот оксидтерін 25%-ға (АИ-92 бензинімен салыстырғанда), ал парниктік газдарды 60–70%-ға дейін азайтады. Бұл астықты терең өңдеуді тек экономикалық емес, сонымен қатар экологиялық тұрғыдан да маңызды етеді.

Қазіргі уақытта БИ-95 отыны бөлшек саудаға шығарылған.

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатқанын жазған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 13:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары