Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қазақстанда азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Аталған қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі және өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.

Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған мерекелік күндер мен атаулы даталардың тізбесін жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жергілікті өкілді органдар айқындайды.

Сондай-ақ, жаңа нормаларға сәйкес:

Мерекелік күндер мен атаулы даталарға байланысты әлеуметтік көмектің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 есесін (2026 жылы 10 812,5 теңге) құрайды және ол күнтізбелік жыл ішінде бір рет тағайындалады.

Бірнеше негіз болған жағдайда, мерекелік күндер мен атаулы даталарға арналған әлеуметтік көмек тек бір ғана негіз бойынша тағайындалады.

Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі, оның шекті мөлшері және жекелеген мұқтаж азаматтардың әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері жергілікті атқарушы органдар тарапынан белгіленіп, жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесі қысқартылды:

табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген зиян;өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген зиян;әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;жан басына шаққандағы орташа табыстың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне қатысты жергілікті өкілді органдар айқындаған шектен аспауы.

Еске салайық, бұған дейін мұндай негіздерге мыналар да кірген:

жетімдік, ата-анасының қамқорлығынсыз қалу;қартайғанына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмау;бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінде есепте тұру.

Табиғи апат немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келтірілген жағдайда, әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан, зардап шеккен мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету түрлерінің тізбесі және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру тәртібі жергілікті өкілді органдармен бекітіледі.

Әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару кезінде арнайы комиссиялар азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін жергілікті өкілді органдар бекіткен негіздер тізбесін басшылыққа алады.

Әлеуметтік көмек алу үшін азамат-өтініш беруші өзі немесе отбасы атынан (не сенімхат бойынша өкіл арқылы) уәкілетті органға, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне, Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық портал арқылы жазбаша өтініш береді.

Жазбаша өтініш түскен жағдайда құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салулар қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген немесе болмаған жағдайда, өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса ұсынады:

жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер (егер әлеуметтік көмек табысқа қарамастан тағайындалатын болса, табыс туралы мәліметтер ұсынылмайды);мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің бар екенін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

– табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген зиянды растайтын құжат;

– өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген зиянды растайтын құжат;

– әлеуметтік мәні бар аурудың бар екенін растайтын құжат.

Құжаттар түпнұсқалары және көшірмелерімен бірге салыстыру үшін ұсынылады. Салыстырудан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, оған әлеуметтік көмек көрсету туралы өтінішті қабылдаудан бас тартылғаны жөнінде қолхат беріледі.

Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде, қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

Бұл ретте өтініш беруші электрондық өтінішті және мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырады.

Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығындарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Мемлекеттік корпорация уәкілетті органнан түскен әлеуметтік көмек қаражатын алушылардың банктік шоттарына аударады.

Енгізілген түзетулерге сәйкес:

Әлеуметтік көмекті есептеу және төлеу кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын мөлшеріне қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

Әлеуметтік көмек көрсету мынадай жағдайларда тоқтатылады:

алушы қайтыс болған жағдайда;алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда;алушы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген жағдайда;өтініш беруші ұсынған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда;әлеуметтік көмек алуға негіздердің жойылғаны анықталған жағдайда.

Әлеуметтік көмек көрсету туралы уәкілетті орган қабылдаған шешім негізінде Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек төлеуге қажетті бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады:

біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жүргізілетін айдың алдындағы айдың 27-сі күні.

Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін Мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек төлеуге қажетті сомаға өтінімді уәкілетті органға жолдайды.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген сомалар шегінде қаражатты Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Айдың 27-сінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге қажетті сомаға өтінімдер бойынша уәкілетті орган қаражатты келесі айдың 1-інен кейін Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Қаулы 2026 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 09:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары