Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Құжатта әлеуметтік көмектің ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетіні және Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) берілетіні нақтыланған.

Бұған дейін қағидаларда әлеуметтік көмекті жарты жылда 1 рет көрсету де көзделген болатын.

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесі қысқартылды:

дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілуі;өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілуі;әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;жан басына шаққандағы орташа табыстың жергілікті өкілді органдар белгілеген, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін күнкөріс минимумына қатысты еселенген шектен аспауы.

Құжаттан бірқатар негіздер алынып тасталды:

жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;қарттыққа байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмау;бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде тұру.

Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке залал келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша, оның меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару кезінде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін жергілікті өкілді органдар бекіткен негіздер тізбесін басшылыққа алады.

Есте қаларлық даталар мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай әлеуметтік көмектің мөлшері ұлғайтылды: 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңда белгіленген тәртіппен ақталған тұлғалар үшін – 250 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін.

Түзетулермен тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған көпбалалы отбасыларға мереке күндеріне орай тұрғын үй сатып алу үшін 1 миллион теңге мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек көрсету алынып тасталды.

Сондай-ақ Алматы тұрғындарының жекелеген санаттарына тұрғын үйдің жалпы желісінен жеке тұрғын үйге дейін газ жабдығын жүргізу және орнату шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек көрсету алынып тасталды.

Бұдан бөлек, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

Азаматтың табысы есепке алынбай, 6,5 АЕК мөлшерінде өмір бойғы әлеуметтік көмек келесі санаттарға енді көрсетілмейді:

"Ардагерлер туралы" заңның 4-бабында айқындалған мәртебесі бар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;қайта некеге тұрмаған, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлеріне;Ауғанстандағы немесе басқа мемлекеттердегі жауынгерлік іс-қимылдар кезеңінде жарақат, контузия, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына.

Сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы бір күнкөріс минимумынан аспайтын, Алматы қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын көпбалалы отбасылардан шыққан үздік студенттерге әлеуметтік көмек көрсету де алынып тасталды.

Қағидаларға сәйкес әлеуметтік көмек жыл сайын тағайындалып, тоқсан сайын 3,5 АЕК мөлшерінде төленеді және жан басына шаққандағы орташа табысы 3 күнкөріс минимумынан аспайтын келесі санаттағы азаматтарға беріледі:

Әлеуметтік кодекстің 207-бабы 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнеткерлерге (жасына байланысты зейнеткерлер);созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын I топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

Түзетулермен отбасының табысы есепке алынбай, жыл сайын ай сайынғы төлеммен 2 күнкөріс минимумы мөлшерінде әлеуметтік көмек Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балаларға тағайындалатыны нақтыланды.

Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

алушы қайтыс болған жағдайда;алушының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;алушыны арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тұруға жіберу;өтініш беруші ұсынған мәліметтердің жалған екені анықталуы;әлеуметтік көмек алуға негіздердің жойылғаны туралы мәліметтердің анықталуы.

Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмек төлемдеріне қолданылмайды.

Алушы қайтыс болған, Алматыдан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен немесе арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына орналастырылған жағдайда әлеуметтік көмек төлеу аталған мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Жалған мәліметтердің анықталуы немесе әлеуметтік көмек алуға негіздердің жойылуы жағдайында төлемдер аталған жағдайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.

Шешім 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 09:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары