Қазақстанда байланыс жоқ жерде де телефон ұстайтын технология іске қосылады
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстанда қарапайым ұялы телефондарды спутниктік байланысқа қосатын Direct-to-Cell технологиясының алғашқы іске қосылуы 2026 жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, жаңа технология базалық стансалар мен талшықты-оптикалық желілер жоқ аумақтарда да байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Байланыс жылдамдығы жоғары болмаса да, пайдаланушылар қоңырау шалып, хабарлама жібере алады.
Жоба ең алдымен, шалғай елді мекен тұрғындары, саяхатшылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Төтенше жағдайда олар спутник арқылы жақындарымен байланысып немесе көмек шақыра алады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда OneWeb, Starlink және KazSat спутниктік жүйелері жұмыс істейді. Тамыз айының соңына дейін қажетті нормативтік құжаттар қабылданғаннан кейін операторлар лицензиялау кезеңіне көшеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:22
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 17:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















