Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда балалардың профилактикалық тексерістері өзгерді енді не тексерілетін болады

Қазақстанда балалардың профилактикалық тексерістері өзгерді енді не тексерілетін болады

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда балаларды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу ережелері өзгерді. Tengri Health балалардың қай жаста және қалай тексерілетіні, кімдерге дене шынықтыру сабағынан босату берілетіні және ата-аналар үшін ненің маңызды екенін баяндайды.

Балалар қай жаста және қандай тексерулерден өтеді?

Балаларды профилактикалық тексеруден өткізудің жаңартылған ережелері 30 тамыздан бастап қолданысқа енді. Біз медициналық қызметтерге ақы төлеу саласындағы сарапшы-практик, нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістерді зерттеп, талдап жүрген Әсел Егімбаевадан құжаттың бұрынғы және жаңа редакциясын салыстырып беруді сұрадық.

Ол, ең алдымен, кейбір тексерулерді жүргізу жасының өзгергеніне назар аударады.

артериялық қан қысымы: бұрын жеті жастан бастап өлшенсе, енді алты жастан бастап өлшенеді; ЭКГ 14 және 17 жаста жасалатын, енді - 10, 14, 15 және 16 жаста жасалады; жалпы қан және зәр талдауы енді бір жас, екі жас алты ай, бес, он, он төрт және он алты жаста қарастырылған. Бұйрық жаңартылғанға дейін - бір жасқа дейін, екі, бес, 14 және 17 жаста болатын; ауыз қуысын профилактикалық тексеруге жолдама беру тәртібі қосымша бекітілді: екі жаста, екі жас алты айда, содан кейін үш жастан он жеті жасқа дейін жыл сайын; бас шеңбері бұрын үш жасқа дейінгі балаларда өлшенсе, енді бес жасқа дейін өлшенеді. Сонымен қатар, кеуде қуысының шеңберін өлшеу профилактикалық тексерудің дәрігерге дейінгі кезеңіндегі міндетті антропометриялық өлшеулер тізімінен шығарылды.

Анықтама: Кеуде қуысының шеңбері - баланың физикалық дамуы мен өсу пропорционалдығын бағалау үшін қолданылатын антропометриялық көрсеткіш. Балалардың кеуде қуысы ағзаның өсуіне қарай біртіндеп ұлғаяды. Сондықтан оның шеңберін жасқа, бойға және басқа да антропометриялық көрсеткіштерге сәйкестендіруге болады.

Бұдан бөлек, профилактикалық тексеру кезінде бір айдан он сегіз жасқа дейінгі балаларға пульсоксиметрия жасалады, бұл - қанның оттегімен қанығу деңгейін өлшеу.

Тексеру кезінде баланың жағдайы қалай бағаланады?

Егімбаева айтқан тағы бір маңызды жаңалық - арнайы бағалау парақтары. Медицина қызметкерлері соларды пайдалана отырып, баланың денсаулық көрсеткіштерін: есту қабілетін, көру өткірлігін, жүйке және эндокриндік жүйелердің күйін, стоматологиялық және басқа да көрсеткіштерді анықтауы тиіс.

"Алты жасқа дейінгі пациенттерді бейінді балалар мамандары тексереді. Алты жастан кейін денсаулықты бағалаудың бірінші кезеңін ішінара педиатр немесе жалпы практика дәрігері, тіс дәрігері және офтальмолог немесе хирург кабинеттерінің медбикелері жүргізеді. Егер медбикелер ауытқуларды анықтаса, бала педиатрға немесе жалпы практика дәрігеріне жіберіледі", - деп түсіндіреді сарапшы.

Әсел Егімбаева

медициналық қызметтерге ақы төлеу саласындағы сарапшы

Өзгерістер медициналық араласуға ерікті түрде ақпараттандырылған келісім беру мәселесіне де қатысты болды. Ол бұрын да бар болатын, бірақ қазір оны ресімдеу талабы профилактикалық тексеру жүргізу ережелеріне тікелей енгізілді.

"16 жасқа дейін келісімді ата-анасы немесе басқа заңды өкілі береді, ал 16 жастан бастап кәмелетке толмаған бала оны өзі ресімдей алады - бұл "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексте қарастырылған", - деп нақтылады Егімбаева.

Тексеру нәтижелері ата-аналарға медициналық цифрлық жүйе немесе мобильді қосымша арқылы қолжетімді болуы керек екені бөлек жазылған.

Кімдер дене шынықтыру сабағынан босатылады?

Ережелерде дене шынықтырумен айналысуға арналған төрт топ егжей-тегжейлі бекітілген: негізгі, дайындық, арнайы және босатылған топтар. Бұрын олардың саны екеу - негізгі және арнайы болатын.

Қазір топтар келесідей бөлінеді:

бірінші, негізгі топ - 1-ші және 2-ші денсаулық тобындағы балалар. Дене шынықтырумен жалпы білім беру бағдарламасы бойынша шектеусіз айналысады. екінші, дайындық тобы - 3-ші денсаулық тобындағы балалар. Физикалық жүктеме қарсы көрсетілімдерді ескере отырып шектеледі. үшінші, арнайы топ - 4-ші денсаулық тобындағы балалар. Физикалық жүктеме шектеледі. төртінші, босатылған топ - 5-ші денсаулық тобындағы балалар. Кәдімгі дене шынықтырудың орнына олармен емдік дене шынықтыру (ЕШ) сабақтары өткізілуі тиіс.

Анықтама: 1-ші - сау балалар; 2-ші - шамалы ауытқулары немесе қауіп факторлары бар балалар; 3-ші - созылмалы аурулары бар, бірақ жағдайы тұрақты балалар; 4-ші - тұрақты бақылауды қажет ететін созылмалы аурулары бар балалар; 5-ші - денсаулыққа айтарлықтай әсер ететін ауыр созылмалы аурулары бар балалар.

Бала профилактикалық тексеруден өткеннен кейін не болады?

Сарапшы ең басты өзгеріс ретінде баланың бұдан былайғы маршрутын атайды. Қосымша тексеруге жолдама бұрын да болған, бірақ енді бұл процесс толығырақ жазылған.

"Егер тексеру кезінде ауру белгілері анықталып, бірақ бірден диагноз қою мүмкін болмаса, бала тіркелген жері бойынша педиатр немесе жалпы практика дәрігері арқылы бейінді маманға жіберіледі. Цифрлық жүйеде кеңес алу, қажетті талдаулар тапсыру және әрі қарайғы бақылауды қамтитын бағыт автоматты түрде қалыптасуы тиіс", - деп түсіндірді спикер.

Бұдан бөлек, ережеге оқушылардың денсаулығын сауықтырудың жеке алгоритмі қосылды. Онда баланы қосымша тексеруге кім жіберетіні, ата-аналарды кім хабардар ететіні және емдеу мен ұсынымдардың орындалуын кім бақылайтыны көрсетілген.

Әсел Егімбаева балаларды динамикалық бақылау аясы да кеңейіп жатқанын айтады. Бұған дейін ол тек денсаулығы үшінші, төртінші және бесінші топқа жататын, яғни созылмалы аурулары бар балалар үшін қарастырылған болатын.

"Енді оған екінші топ та енгізілді. Яғни, созылмалы ауруы әлі жоқ, бірақ ағза жұмысында ауытқулар немесе қауіп факторлары анықталған балалар да бақылауға алынады", - дейді ол.

Сарапшының түсіндіруінше, өзгерістердің мәні - ата-аналар профилактикалық тексеру қорытындысын алып қана қоймай, баланың бойынан қандай ақаулар табылғанын, қандай тексерулерге жолдама берілгенін көріп, оның жағдайын әрі қарай бақылау қажеттігін түсінуі тиіс.

"Яғни, профилактикалық тексеру қандай да бір мәселесі анықталған балаға көмек көрсетудің түсінікті жол картасының бастауына айналуы керек", - деп түйіндеді спикер.

Егімбаева профилактикалық тексерулердің бұрын да жүргізілгенін атап өтті: емханаларда балалар тізімі жасалып, мамандардың мектептер мен балабақшаларға шығуы ұйымдастырылатын. Алайда қазір кейбір процедуралар өзгертіліп, нақтыланды - бұл маңызды ақпарат.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қазақстан

Денсаулық

тексеріс

өзгеріс

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 08:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары