Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бейінді мамандар пациенттерді қосымша тексерулер мен консультацияларға өздері жолдай алады, ал емханалар дәрігерлердің қабылдау кестесін екі ай бұрын жариялап қояды. Tengri Health жаңартылған ережелерде тағы қандай өзгерістер қарастырылғанын баяндайды.

Неге бұйрыққа өзгерістер енгізілді?

Әңгіме "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрық жайында болып отыр. Бұл құжат қазақстандықтардың бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) деңгейінде, яғни емханаларда қандай консультациялық-диагностикалық қызметтерді ала алатынын айқындайды.

Аталған бұйрық 2022 жылы қабылданған. Кейін оған өзгерістер енгізіліп, олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Енді құжаттың жекелеген нормаларына тағы да толықтырулар енгізілді.

Анықтама: Консультациялық-диагностикалық көмек (КДК) - дәрігер-мамандардың консультациялары мен диагноз қоюға, ем тағайындауға немесе пациенттің жағдайын ауруханаға жатқызбай бақылауға мүмкіндік беретін қажетті тексерулерді (талдаулар, УДЗ, КТ, МРТ және басқа да зерттеулер) қамтитын медициналық көмек.

Денсаулық сақтау министрлігі Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының (ҰДСДҒО) департамент директоры Әсел Хасенованың айтуынша, құжат күшіне енгеннен кейін сарапшылар оның кейбір нормаларын нақтылау қажет екенін түсінген.

"Қазір біз кімнің қандай міндет атқаратынын егжей-тегжейлі нақтылап жаздық. Бұл алдағы уақытта құжатты әртүрлі түсіну мен қолданудағы алшақтықтардың алдын алуға мүмкіндік береді", – дейді ол.

Ендеше, бүгіннен бастап қандай өзгерістер күшіне енгенін және олардың дәрігерлер мен пациенттерге қалай әсер ететінін қарастырайық.

Анықтама: Әсел Хасенова - дәрігер, денсаулық сақтау экономикасының магистрі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы департаментінің директоры.

Бейінді мамандар қосымша тексерулерге жолдама бере алады

Әсел Хасенованың айтуынша, бейінді мамандар, яғни кардиолог, уролог, гинеколог және басқа да тар бейінді дәрігерлер бұрын да пациенттерді қосымша тексерулерге және өзге мамандардың консультациясына өз бетінше жібере алатын.

Алайда бұған дейін бұл норма бұйрықтарда көрсетілгенімен, міндетті талап ретінде қарастырылмағандықтан, іс жүзінде әрдайым орындала бермеген.

Енді іс жүзінде не өзгереді?

Мысалы, адамның жүрегінде ақау болып, ол кардиологтың диспансерлік есебінде тұр делік. Белгілі бір мерзім сайын ол жоспарлы қабылдауға кардиологқа келеді.

 "Кардиолог қандай асқынулардан қауіптенеді? Қанайналым жүйесіндегі бұзылыстар инсультке әкелуі, қан тамырлары мен көру қабілетіне кері әсер етуі мүмкін. Енді дәрігер пациентті қабылдау кезінде оған офтальмолог, невропатолог немесе ангиохирург кеңесі қажет екенін байқаса, сол мамандарға өз бетінше жолдама бере алады. Бұл зерттеулерге де қатысты. Мысалы, УДЗ немесе талдауларға жолдаманы да өзі рәсімдей алады. Бұрын пациенттер кардиологтың қабылдауынан кейін қайтадан учаскелік дәрігерге жазылып, осы жолдамаларды содан алуға мәжбүр болатын. Енді мұндай қажеттілік болмайды", – дейді Әсел Хасенова.

Әсел Хасенова

Салидат Қайырбекова атындағы ҰДСДҒО срапшысы

Бейінді маман пациентке талдауларға жолдама жазып немесе қажет болған жағдайда оны басқа бейінді дәрігерлердің қабылдауына өз бетінше жібере алады. Алайда мұндай жолдамалар үш маманнан аспауы тиіс.

Бұл талап тағы бір өзгеріске байланысты.

"Біз тәжірибеге "аяқталған жағдай" және оның нәтижелері деген ұғымдарды енгізіп отырмыз. Енді дәрігер бұл мәліметтерді ақпараттық жүйелерде міндетті түрде белгілейтін болады", – дейді Әсел Хасенова.

Пациенттің "мәртебесі": емдеу процесіне қалай әсер етеді?

Бұйрықта былай делінген:

"Мамандандырылған көмек қызметін көрсету кезінде жағдай аяқталмаған кезде МАЖ-ға ауру жалғасып жатыр деп қорытынды енгізіледі".

Бұл дәл кардиолог, офтальмолог немесе эндокринолог сияқты бейінді маман пациентке қосымша ем, тексеру немесе басқа дәрігердің консультациясы қажет деп шешетін жағдайға қатысты.

Мұндай кезде дәрігер ақпараттық жүйеде "емін жалғастырып жатыр" деген белгі қояды. Осыдан кейін ол пациентті қайта қабылдауға өз бетінше жазып, қабылдауды жоспарлай алады.

Әсел Хасенованың айтуынша, бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Көп жағдайда пациент қайтадан бейінді маманға қаралу үшін алдымен жалпы практика дәрігеріне барып, одан жолдама алуға мәжбүр еді.

Тағы бір жаңашылдық – қабылдау соңында дәрігер медициналық ақпараттық жүйеде (МАЖ) пациенттің шартты "мәртебесін" көрсетуге міндетті болады. Ресми құжатта бұл "емдеу нәтижесі" деп аталады:

"Дені сау" – пациенттің шағымдары мен қандай да бір патологиясы жоқ болған жағдайда. "Сауықты" – пациент толық айығып, қосымша тексеру немесе емдеу қажет болмаған жағдайда. "Жағдайы жақсарды" – пациенттің жағдайында оң өзгерістер байқалған кезде. "Өзгеріссіз" – пациенттің жағдайы тұрақты болып, жақсару немесе нашарлау белгілері болмаған жағдайда. "Жағдайы нашарлады" – пациенттің жағдайында теріс динамика байқалған кезде. "Қайтыс болды" – өлім жағдайы тіркелген кезде.

"Бұл ақпарат бізге ішкі статистика жүргізу үшін қажет. Ол пациенттерге де, дәрігерлердің жұмысына да ешқандай әсер етпейді. Біз осы деректерді талдап, проблемаларды анықтап, қажет болған жағдайда оларды түзете аламыз", – деп түсіндірді сарапшы.

Алты нәтиже ішінде "емін жалғастырып жатыр" мәртебесінен басқасының бәрі аяқталған жағдай болып есептеледі.

"Дәрігер пациентке ем тағайындап, ақпараттық жүйеде "емін жалғастырып жатыр" деген мәртебені белгілеген жағдайда ғана оны қайта қабылдауға өз бетінше жаза алады", – деп нақтылады Әсел Хасенова.

Дәрігерлердің қабылдауы

Тағы бір маңызды өзгеріс – пациенттерге қолайлы уақытты таңдауды жеңілдету үшін емханалар дәрігерлердің қабылдау кестесін кемінде 60 күнтізбелік күн бұрын жариялап, кестеге өзгеріс енгізілген жағдайда оны дер кезінде жаңартып отыруға міндеттеледі. Бұған дейін дәрігердің қабылдауына жазылу, әдетте, 7–10 күнге ғана ашық болатын.

"Мысалы, пациент гастроэнтерологтың қабылдауына келді делік. Дәрігер оны қарап, ем тағайындап, бір айдан кейін қайта келуді ұсынады. Бірақ бұрын гастроэнтеролог пациентті бірден қайта қабылдауға жаза алмайтын, себебі жазылу тек 7–10 күн бұрын ғана ашылатын. Сондықтан пациент қайтадан жалпы практика дәрігеріне баруға мәжбүр болды. Енді бұл рәсім әлдеқайда жеңілдейді", – дейді сарапшы.

Әсел Хасенова медициналық ақпараттық жүйелердегі (МАЖ) жұмыс алгоритмі де өзгергеніне назар аударды.

"Соңғы уақытқа дейін дәрігер қабылдау кезінде пациент туралы барлық мәліметті МАЖ-ға енгізу үшін жеті түрлі әрекет жасауы керек болатын. Енді учаскелік дәрігерге аурудың халықаралық жіктемесі бойынша (АХЖ) диагноз кодын дұрыс көрсету жеткілікті. Осыдан кейін ақпараттық жүйе қызметтің қандай қаржы көзі есебінен көрсетілетінін автоматты түрде анықтайды", – дейді ол.

Сарапшының сөзінше, бұл өзгерістер дәрігерлердің әкімшілік жүктемесін азайтып, пациенттерге көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді.

Талдаулар мен УДЗ тек клиникалық хаттамаларға сәйкес тағайындалады

Әсел Хасенова құжатқа енгізілген тағы бір маңызды толықтыруға назар аударды. Енді дәрігерлер консультациялық-диагностикалық қызметтерді әрбір ауру бойынша бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес қана тағайындауы тиіс.

"Жаңартылған бұйрық клиникалық хаттамалардың сақталуын бақылауды күшейтеді. Бұған дейін пациент басқа дәрігердің, тіпті медициналық білімі жоқ адамның ұсынған тексерулер тізімімен келіп, талдауларға немесе УДЗ-ға жолдама беруді талап ететін жағдайлар кездесетін",– дейді дәрігер.

Сарапшының айтуынша, бұл өзгеріс пациентке көрсетілетін қызметтердің санын шектеуге бағытталмаған.

"Алайда учаскелік дәрігер УДЗ-ға, бейінді мамандардың консультациясына немесе талдауларға жолдама бергенде әрбір ауру бойынша бекітілген клиникалық хаттамаларды басшылыққа алуы тиіс. Бұл талап расталған диагнозға да, белгілі бір ауруға күдік болған жағдайларға да қолданылады", – дейді Әсел Хасенова.

Ол мұны мысалмен түсіндірді.

Мәселен, пациентке созылмалы гастрит диагнозы қойылса, дәрігер осы ауруды диагностикалау үшін клиникалық хаттамада қарастырылған тексерулерді ғана тағайындай алады.

Немесе адам жеке клиникадағы гастроэнтерологқа қаралып, оған бірқатар талдау ұсынылды делік. Егер бұл зерттеулер клиникалық хаттамада көзделмесе, учаскелік дәрігер оларға жолдама бере алмайды.

"Дәрігер өзінің кәсіби білімі мен объективті тексеру нәтижесіне сүйене отырып диагноз қояды және әрі қарай сол диагнозға арналған клиникалық хаттама аясында әрекет етеді. Клиникалық хаттамалар ашық қолжетімді, сондықтан кез келген адам олармен таныса алады", – дейді сарапшы.

Медициналық қызмет көрсетуге уақыт нормативтері бекітілді

Бұйрықта медициналық қызметтерді көрсетуге арналған уақыт нормативтері де бекітілген.

Құжаттың қосымшаларының бірінде дәрігердің қабылдауына, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізуге, талдау алуға және басқа да медициналық қызметтерге қанша уақыт бөлінуі тиіс екені көрсетілген.

"Кейбір клиникаларда қызмет көрсету тым жылдам ұйымдастырылған. Мысалы, УДЗ кабинетінде тексеріліп жатқан пациент әлі кушеткадан тұрып үлгермей жатып, келесі адам кіріп жатады. Мұндай асығыстық, түптеп келгенде, диагностика мен емдеудің сапасына әсер етеді. Енді әрбір қызметке нақты уақыт нормативтері белгіленді. Мысалы, бір УДЗ процедурасына 20 минут қарастырылған. Бұл уақытқа пациенттен шағымдарын сұрау, зерттеу жүргізу, кушетканы өңдеу және басқа да қажетті әрекеттер кіреді", – дейді Әсел Хасенова.

Уақыт нормативтері барлық медициналық қызмет бойынша белгіленген. Мысалы, педиатр, терапев, хирург, акушер-гинеколог, пульмонолог, кардиолог және басқа да көптеген мамандардың қабылдауы 20 минутқа созылуы тиіс.

Алайда кейбір ерекшеліктер де бар:

психологтың қабылдауы – 30 минут; стоматолог-хирургтың қабылдауы – 40 минут.

Қажет болған жағдайда жоғарыда аталған кез келген маманның алғашқы қабылдауы 30 минутқа дейін созылуы мүмкін.

Ультрадыбыстық зерттеулердің (УДЗ) басым бөлігіне де 20 минут бөлінеді. Дегенмен мұнда да ерекшеліктер бар. Мысалы:

жүктіліктің бірінші триместріндегі акушерлік УДЗ – 40 минут; көпұрықты жүктілік кезіндегі УДЗ – 60 минут; көздің УДЗ-сі – 30 минут.

Бұл уақыт нормативтерінің басым бөлігі 2026 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Авторы: Оксана Акулова

Аударған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

емдеу

дәрігер

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 11:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары