Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда энергетикаға арналған жаңа буын материалдары әзірленеді

Қазақстанда энергетикаға арналған жаңа буын материалдары әзірленеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін Астана қаласындағы «Назарбаев Университет» ДББҰ жанындағы Institute of New Materials and Energy Technologies базасында сирек және сирек жер материалдар саласындағы флагмандық ғылыми бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараны ұйымдастырушы — 2027-2031 жылдарға арналған аталған бағдарламаның негізгі әзірлеушісі саналатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы.

Кеңес жұмысына ҚР ҰҒА академиктері, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Ядролық физика институты, сондай-ақ еліміздің жетекші ғалымдары қатысты.

Талқылаудың негізгі өзегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің экономиканың қажеттіліктеріне бағдарланған басым ғылыми-технологиялық бағыттарды қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Қазақстан Республикасының энергетика саласында жаңа буындағы сирек және сирекжер материалдарын өндіру мен қолдануға арналған ғылыми-технологиялық базаны құру» бағдарламасы болды.

Бағдарламаның басты мақсаты — Қазақстанда сирек және сирекжер металдарын терең өңдеуге, сондай-ақ ядролық, сутектік және болашағы зор термоядролық энергетика үшін жоғары технологиялық өнімдер жасауға арналған ғылыми-технологиялық негіз қалыптастыру.

Кеңесті ашқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев бұл бағыттың стратегиялық маңызын ерекше атап өтті:

«Бүгінде сирек және сирекжер металдары мәселесі Қазақстан үшін тек геология немесе шикізатты өңдеу мәселесі ғана емес. Бұл — технологиялық тәуелсіздік, энергетиканы дамыту, жаңа индустрияларды қалыптастыру және түптеп келгенде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі», — деген болатын.

Оның айтуынша, Қазақстанның ресурстық әлеуеті зор болғанымен, қосылған құнның негізгі бөлігі әлі де терең өңдеу және материалдар өндіру кезеңдерінде қалыптасып отыр.

«Бізде шикізат бар, алайда оны өндіруден бастап түпкілікті жоғары технологиялық өнім шығаруға дейінгі құн тізбегін жеткілікті деңгейде бақылап отырған жоқпыз», — деп атап өтті А. Күрішбаев.

Кеңес барысында шикізат базасын зерттеуден және оны алу технологияларын әзірлеуден бастап, жоғары тазалықтағы қосылыстар алуға және энергетика мен өнеркәсіпте қолданылатын материалдар жасауға дейінгі тұтас ғылыми-технологиялық тізбекті қалыптастыру мәселелері қаралды.

Бағдарлама стратегиялық маңызы бар бірқатар бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, сирекжер шикізатын өңдеу технологияларын әзірлеу, жаңа буындағы жоғары температуралы асқынөткізгіштер жасау, ядролық қауіпсіздік саласына цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтерін енгізу, сондай-ақ сутектік технологияларды дамыту көзделген.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар 2027–2031 жылдарға арналған флагмандық ғылыми-техникалық бағдарламаны іске қосу, ведомствоаралық жұмыс тобын құру, басым бағыттар мен пилоттық жобалар тізбесін қалыптастыру, сондай-ақ оны іске асырудың жол картасын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды қарастырды.

«Бүгін декларативті емес, нақты практикалық шешім қабылдау маңызды — осы бағдарламаны флагмандық ғылыми-технологиялық жоба ретінде іске қосу қажет. Бұл Қазақстанға шикізаттық модельден жаңа экономиканы қалыптастыратын технологиялар мен материалдар жасау моделіне көшуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ҚР ҰҒА президенті.

INMET бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, NU профессоры Жұмабай Бәкенов флагмандық бағдарламаның негізгі бағыттары мен мазмұнын таныстырды.

«Бағдарлама аясында ресурс қорын зерттеу, сирек және сирек жер элементтерін алу мен өңдеу технологияларын әзірлеу, оларды қолдану, соның ішінде шағын модульдік реакторларда пайдалану, сондай-ақ қазақстандық шикізат негізінде “жасыл” сутегі өндірісін жергіліктендіріп, дамыту көзделген», — деді INMET бас директоры.

Бағдарламаны іске асыру Қазақстанда сирек және сирекжер материалдар саласында толыққанды ғылыми-технологиялық тізбек қалыптастыруға, отандық өнімнің қосылған құнын арттыруға, технологиялық тәуелділікті төмендетуге және экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын дамытуға негіз қалауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 21:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары