Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстанда мемлекеттік стипендияларды тағайындау қағидалары өзгерді

Қазақстанда мемлекеттік стипендияларды тағайындау қағидалары өзгерді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Үкіметтің 2026 жылғы 31 шілдедегі қаулысымен мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және олардың мөлшерлерін белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жоғары оқу орындары операторға стипендия алатын білім алушылар туралы мәліметтерді әр айдың 12-сінен кешіктірмей жолдауға тиіс. Ұсынылатын ақпаратта білім алушы туралы нақты деректер, аралық аттестаттау, яғни емтихан сессиясының нәтижелері, стипендия алушының санаты, сондай-ақ оның таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте немесе Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотының деректемелері көрсетілуге тиіс.

Егер айдың 12-сі демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, мәліметтерді тапсыру мерзімі одан кейінгі алғашқы жұмыс күні аяқталады.

Оператор жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынған мәліметтерді тексеріп, оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға немесе тиісті саланың өзге де уәкілетті органдарына қаржыландыруға өтінім жібереді.

Уәкілетті органдар стипендия алушылардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік стипендия төлеуге арналған қаражатты операторға аударады.

"Жоғары білімнің бірыңғай платформасы" цифрлық жүйесіне енгізілген мәліметтердің анықтығы мен дұрыстығына тиісті білім беру ұйымы жауап береді.

Егер жоғары оқу орны дұрыс емес мәлімет ұсынғандықтан мемлекеттік стипендия қате аударылса, білім беру ұйымы стипендия алушының артық төленген қаражатты операторға қайтаруын қамтамасыз етуге міндетті.

"Жоғары білімнің бірыңғай платформасы" цифрлық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және ондағы стипендия алушылар туралы деректердің сақталуын Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік стипендияларды төлеуге арналған қаражаттың операторға уақтылы аударылуына Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мен тиісті саланың өзге де уәкілетті органдары жауапты болады.

Ал мемлекеттік стипендиялардың алушылардың ағымдағы шоттарына уақтылы түсуін және оларды төлеуге байланысты есеп айырысуды оператор қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшерлері жаңа редакцияда белгіленді.

2024 жылғы 1 қыркүйектен және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап белгіленген стипендия мөлшерлері:

техникалық және кәсіптік білім берудің жұмысшы біліктіліктері бойынша білім беру бағдарламаларында оқитын студенттерге – 43 574 теңге және 43 574 теңге; орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларында оқитын студенттерге – 41 896 теңге және 41 896 теңге; педагогикалық бағыттар мен "Денсаулық сақтау" бағытын қоспағанда, жоғары білім беру бағдарламаларында оқитын студенттерге – 47 135 теңге және 52 372 теңге; педагогикалық бағыттар мен "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге – 75 600 теңге және 84 000 теңге; интерндерге – 85 376 теңге және 94 862 теңге; мемлекеттік органдардың жолдамасынсыз оқитын ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарын қоса алғанда, магистранттарға – 107 061 теңге және 117 098 теңге; "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының магистранттарына – 200 000 теңге және 218 750 теңге; резидент-дәрігерлер мен "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша білім алатын магистранттарға – 123 122 теңге және 134 664 теңге; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша білім алатындарды қоса алғанда, докторанттарға – 240 000 теңге және 262 500 теңге; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдерінің тыңдаушыларына студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясының 85%-ы мөлшерінде – 40 065 теңге және 44 516 теңге.

Қаулы 2026 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 16:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары