Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстанда соңғы 5 жылда өндірісте жарақат алғандар азайды

Қазақстанда соңғы 5 жылда өндірісте жарақат алғандар азайды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл күннің басты мақсаты – жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік қорғалуын арттыру және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудару. Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендер саны 8,3%-ға азайды.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің биылғы тақырыбы – «Қолайлы психоәлеуметтік еңбек ортасы: жұмыскерлердің әл-ауқатына бастар жол». Осыған орай әлемнің барлық өңірлерінде үкіметтер, кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер бірлестіктері және сала мамандары еңбекті қорғау саласындағы заманауи технологияларды енгізу, цифрлық трансформацияны дамыту, сондай-ақ қауіпсіз әрі салауатты еңбек ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылайтын іс-шаралар өткізуде.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп үлесі тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарына – жалпы көрсеткіштің 17-18%-ға жуығы тиесілі. Құрылыс саласында бұл көрсеткіш 10-12% шамасында қалып отыр.

Бүгінде шамамен 500 мыңға жуық адам зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді, ал ауыр дене еңбегімен айналысатындар саны 100 мыңнан асады. Соңғы жылдары зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 650-700 мыңға жуық жұмыскер жыл сайын өтемақы алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын одан әрі қамтамасыз ету мақсатында кешенді шараларды іске асырып келеді.

Бұзушылықтардың алдын алу және профилактика жүргізу мақсатында 3 000-нан астам кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.

2019 жылдан бастап «Нөлдік жарақаттану» – Vision Zero тұжырымдамасы белсенді түрде ілгерілетіліп келеді. Бүгінде оған республика бойынша 600-ден астам кәсіпорын қосылған.

Сонымен қатар 300-ден астам кәсіпорында құрылыс саласындағы мердігер ұйымдарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін тік бақылау моделі енгізілді.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Бұл төлемді 55 жасқа толған, кемінде 7 жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жұмыскерлер алуға құқылы.

Белгіленген талаптарға сай келетін азаматтар бұл қолдау шарасын пайдаланып, зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатып, арнайы әлеуметтік төлем алуға мүмкіндік алады.

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы іске асырылуда. Құжат еңбек жағдайларын жақсартуға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге бағытталған. Бұл жаңа қаржыландыру тәсілдерін енгізу, жұмыскерлердің жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесіне қатысуын кеңейту, еңбекті қорғау бойынша оқыту сапасын арттыру және қоғамдық бақылау рөлін күшейту арқылы жүзеге асады.

Тұжырымдама аясында Кәсіпорындардың цифрлық картасы мен Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы іске қосылды. Бұл жүйелер нақты уақыт режимінде еңбек қауіпсіздігіне және еңбек қатынастарына қатысты тәуекелдерді бақылауға және алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Еңбекті қорғау саласын цифрландыру шеңберінде өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған жасанды интеллектке негізделген құралдар енгізілуде. Мұндай шешімдер салалық және өндірістік деректерді, еңбек жағдайларын және оқыс оқиғалардың себептерін талдау арқылы негізгі тәуекел факторларын анықтап, алдын алу шараларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыт тәуекелдерге жедел әрекет етуден проактивті басқару жүйесіне көшуге және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге негізделген.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай дәстүрлі түрде өтетін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме 28-30 сәуірге жоспарланған. Аталған іс-шара саладағы жетекші мамандарды, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдерін бір алаңға жинап, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдер іздеуге мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 15:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары