Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

Биыл магистратураға түсу үшін 25 мыңнан астам адам тест тапсырды

Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)

Қазақстан мұнайының экспорты қайта жанданды

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр

Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстанда соңғы жеті жылда жол инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы кезеңде елімізде республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 25 мың шақырымнан астамы салынып, реконструкцияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандағы жалпы пайдаланымдағы көлік жолдары желісінің жалпы ұзындығы шамамен 96 мың шақырымды құрайды. Оның 25 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдарға, ал 71 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жолдарға тиесілі. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жаңа көлік дәліздерін қалыптастыруға, өңірлердің байланысын арттыруға және жол желісінің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі 68 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 91 пайызға жетті. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 85 пайыздан 94 пайызға дейін өсті.

«Негізгі жобалардың бірі – еліміздің ірі қалалары Астана мен Алматы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін «Қарағанды – Алматы» автожолын реконструкциялау болды. Жоба аясында трассаның жекелеген учаскелері кеңейтіліп, көпірлер мен жол өтпелері жаңғыртылып, жаңа көлік айрықтары салынды», деп жазды министрлік. 

Сонымен қатар «Талдықорған – Өскемен» автожолында реконструкция жүргізіліп, заманауи асфальтбетонжамылғысы төселіп, жол инфрақұрылымы жаңартылды.

Өткен жылы Қытаймен мемлекеттік шекараға шығуды қамтамасыз ететін және шығыс бағытының транзиттік әлеуетін күшейтетін «Қалбатау – Майқапшағай» трассасын реконструкциялау аяқталды.

Осы жылдар ішінде іске асырылған ірі жобалар қатарында «Қостанай – Денисовка», «Ақтөбе – Қандыағаш –Атырау» автожолдарын, сондай-ақ «Астана –Павлодар», «Ақтау – Жетібай», «Меркі – Бурылбайтал», «Атырау – Астрахань» тасжолдарының реконструкциясы да бар. Бұл жолдар өңіраралық қатынасты дамытуда және ел ішіндегі экономикалық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Жекелеген маңызды жоба ретінде «Үшарал – Достық» автомобиль жолын жаңғыртуды атауға болады. Жобаны іске асыру жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және Қазақстан-Қытай шекарасындағы логистикалық тораппен көлік байланысын жақсартуға мүмкіндік берді.

Қызылорда облысының аумағында «Қызылорда –Жезқазған» автожолы реконструкцияланды. Көптеген жылдар бойы осы трассаның жай-күйі жүргізушілер мен жолаушылар тарапынан сынға ұшырап келді. Қазіргі уақытта жолдың Ұлытау облысы аумағындағы учаскелерін реконструкциялау жалғасуда.

«Ұзынағаш – Отар» жобасы аяқталды, соның арқасында Алматы мен Шымкент арасындағы көлік дәлізінің негізгі учаскелерінің бірінде төрт жолақты қозғалыс қалыптасты.

Сонымен қатар, Қазақстандағы ең ірі Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір және Шақпақ-Баба асуындағы автомобиль тоннелі пайдалануға берілді.

Соңғы жылдардағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 2023 жылы пайдалануға берілген Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) болды. Жолдың көпшілік учаскелерінде алты жолақ, ал жекелеген бөліктерінде төрт жолақты қозғалыс бар. Жоба аясында жеті көлік айрығы, ондаған көпірлер мен жол өтпелері салынды. Бұл құрылыс мемлекет пен жеке сектор әріптестігі аясында жүзеге асырылып, Орталық Азиядағы ауқымы жағынан ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың қатарына қосылды. ҮАААЖ транзиттік қатынасты Алматы қаласының сыртына шығаруға мүмкіндік беріп, қаланың көше-жол желісіне түсетін жүктемені айтарлықтай төмендетті.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеудің ауқымды бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында жалпы ұзындығы шамамен 10 мың шақырым жол қамтылмақ. Жұмыстар елдің негізгі бағыттарында, оның ішінде «Жезқазған – Петропавл», «Қарағанды – Қарқаралы», «Қостанай – Мамлютка», сондай-ақ «Өскемен – Семей» тасжолдарында жүргізілуде.

Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды

Биыл орташа жөндеумен шамамен 5 мың шақырым жолды қамту жоспарланып отыр, ал жыл соңына дейін жаңартылған трассалардың шамамен 2 мың шақырымын пайдалануға беру көзделген.

Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың арқасында стратегиялық көлік дәліздері қалыптасып, жаңартылды. Бұл дәліздер еліміздің өңірлері арасындағы жылдам әрі қауіпсіз байланысты орнатады, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық көлік маршруттарының интеграциясын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы арқылы жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырым болатын сегіз халықаралық автомобиль көлік дәлізі өтеді.

Көптеген жылдар бойы қаржыландыру тапшылығы болған жергілікті жол желісін дамытуға ерекше назар аударылуда. Іске асырылып жатқан жобалар қатарында «Қарағанды – Үштөбе – Құрылыс» жолы, Қызылорда қаласы әуежайына кіреберіс жол, Амангелді ауылына кіреберіс және басқа да бірқатар нысандар бар.

Президент: 2025 жылы 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті

Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салу және жөндеу қазірдің өзінде айтарлықтай экономикалық тиімділік беріп отыр. Бизнестің көліктік шығындары азайып, жүк тасымалы жылдамдап, өңіраралық сауда дамып, шағын және орта бизнес өсіп, аймақтардың инвестициялық әлеуеті өсуде. Заманауи автожол желісі халықтың мобильділігін, ішкі нарықтың дамуын және елдің транзиттік әлеуетін нығайтуды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның экономикалық кеңістігінің каркасына айналып келеді.  

Соңғы жаңалықтар

Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті

Қоғам • Бүгін, 11:33

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті

Қоғам • Бүгін, 11:17

Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды

Оқиға • Бүгін, 11:10

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Қоғам • Бүгін, 11:03

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Оқиға • Бүгін, 10:59

Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді

Аймақтар • Бүгін, 10:41

Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды

Мереке • Бүгін, 10:28

Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:18

Соңғы 7 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі екі есе артты

Қоғам • Бүгін, 10:08

Өңделген өнім үлесі артып келеді

Экономика • Бүгін, 10:00

Көк паспорттың қадірі

Қазақстан • Бүгін, 09:50

14 наурызда доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:48

Өңір үні – ұлттық баспасөзде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Белсенді белес басталды

Референдум • Бүгін, 09:35

Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қоғам • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 11:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

27 Шілде 2026 21:05see256

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

27 Шілде 2026 18:51see167

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

27 Шілде 2026 08:29see153

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

27 Шілде 2026 14:25see150

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

27 Шілде 2026 17:08see149

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

27 Шілде 2026 10:04see147

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

27 Шілде 2026 16:16see146

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see145

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

27 Шілде 2026 16:14see144

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

27 Шілде 2026 19:44see144

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

27 Шілде 2026 12:17see140

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

27 Шілде 2026 11:48see140

Биыл магистратураға түсу үшін 25 мыңнан астам адам тест тапсырды

27 Шілде 2026 15:51see137

Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)

27 Шілде 2026 21:29see132

Қазақстан мұнайының экспорты қайта жанданды

27 Шілде 2026 18:01see132

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

28 Шілде 2026 10:35see131

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see124

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see124

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see123

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары