Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қазақстандағы дәрігердің онлайн консультациясы: қандай медициналық қызметтер қашықтан қолжетімді болады

Қазақстандағы дәрігердің онлайн консультациясы: қандай медициналық қызметтер қашықтан қолжетімді болады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда пациенттер онлайн ала алатын қызметтер тізімін көбейту ұсынылып отыр. Алғаш рет нақты тізбе жасалып, оған ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), КТ, МРТ және басқа да зерттеулердің қорытындысын түсіндіру қызметтері енгізілді. Мән-жайды Tengri Health тілшісі анықтап көрді.

Ережелер қалай өзгермек?

Ресми құжат "Қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және оларға ақы төлеу қағидалары" деп аталады. Ол тамызда "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің ақпараттандыру саясаты басқармасының басшысы Руслана Егізбаеваның айтуынша, заңнама бұған дейін де мұндай консультациялар өткізуге тыйым салмаған. Тіпті олардың ақысын төлеуге арналған тарифтер де әзірленген болатын.

Бірақ осы уақытқа дейін нақты тізім болмаған - енді ол пайда болды, алайда құжат әлі түпкілікті бекітілген жоқ.

"Біз медициналық ұйымға бармай-ақ алуға болатын қызметтердің тізбесін әзірлеп, оларды нақты көрсеттік. Бұған дейін бірде-бір бұйрықта қашықтықтан көрсетуге болатын қызмет түрлері нақты айқындалмаған еді", – деп нақтылады сарапшы.

Руслана Егізбаева бұл өзгерістердің бірінші кезекте ауыл тұрғындары үшін пайдалы болатынын түсіндірді.

Мәселен, ауылдық амбулаторияда адамға ЭКГ немесе қандай да бір радиологиялық зерттеу жасалды делік, бірақ медициналық ұйымда радиолог немесе кардиолог дәрігер жоқ.

"Мұндай жағдайда амбулатория маманы түсірілімдерді басқа медициналық ұйымдағы әріптестеріне жібере алады, ал олар қашықтықтан қорытынды береді. Пациентке аудан орталығына немесе жақын маңдағы қалаға барудың қажеті болмайды. Ауыл тұрғындары әрдайым аудан орталығына қажетті дәрігерге бара алмайды, әсіресе қыста жол жабылғанда қиын. Сондықтан біз адамдардың қызметтердің бір бөлігін онлайн алуға мүмкіндігі болғанын қалаймыз", - деп түсіндірді спикер бұл шешімнің мәнін.

Мұнда маман назар аударған өте маңызды ескерту бар: пациентті алғашқы қабылдау қашықтықтан жүргізілмейді.

"Бастапқыда адам кез келген жағдайда емханаға жүгінеді. Дәрігер тексеріп, консультация береді, қажетті зерттеулерді тағайындайды, ал қайта қабылдау қашықтықтан болуы мүмкін. Келесі кездесу форматы туралы дәрігер мен пациент өзара келісуі тиіс", – дейді Егізбаева.

Бұрын қашықтықтан консультация алуға болатын ба еді?

Сарапшының айтуынша, қолданыстағы ережелер де қызметтің кейбір түрлерін қашықтықтан алуға тыйым салмайды. Бірақ қазір олар қажетті деңгейде кең қолданылмай отыр, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі қызметтер тізбесін кеңейтіп, қашықтықтан қабылдау ережелерін нақтылап жатыр.

"Мен бұл мүмкіндікті өзім де пайдаланамын: бірінші рет қабылдауға барып, талдаулар мен зерттеулерге жолдама аламын, ал нәтижелері шыққанда Damumed қосымшасы арқылы дәрігердің қашықтықтан консультациясына өтінім беріп, онымен онлайн байланысамын", – дейді сарапшы.

Қандай қызметтерді қашықтықтан көрсету ұсынылады?

Аталған ережелердің қосымшасында 166 медициналық қызмет түрі көрсетілген. Олардың қатарына мыналар жатады:

Дәрігерлердің қайта қабылдауы: терапевтен эндокринологқа дейін терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы; акушер-гинеколог; хирург; уролог; эндокринолог; офтальмолог және басқа да барлық бейінді мамандар. УДЗ, КТ, МРТ және рентген қорытындыларын онлайн оқу

Дәрігердің қайта қабылдауынан бөлек, қашықтықтан мына қызметтерді алуға болады:

зерттеулердің әртүрлі түрлерінің - ЭКГ, электроэнцефалограмма, КТ және МРТ, бүкіл қаңқаның немесе дененің жекелеген бөліктерінің рентген нәтижелерінің және басқа да көптеген зерттеулердің қорытындысын түсіндіру мен оқу; УДЗ-ның барлық түрлерінің - медициналық қызметтер тізбесіне кіретін ішкі ағзалар, қантамырлар, жұмсақ тіндер және тағы басқа зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру мен оқу. Онлайн қабылдауға қалай жазылуға болады және неге WhatsApp арқылы болмайды?

Руслана Егізбаеваның айтуынша, дәрігермен өзара іс-қимылдың қай форматы өзіне ыңғайлы екенін пациенттің өзі шешуі тиіс.

"Дәрігер қайта қабылдауды онлайн өткізуге болатынын түсіндіреді. Қосымша арқылы жазылған кезде: бетпе-бет немесе қашықтықтан дегенді таңдауға болады. Қабылдауды тек цифрлық медициналық жүйелер арқылы жүргізу керек - ешбір жағдайда WhatsApp немесе Telegram арқылы емес. Бұл бұрыннан ережелермен реттеледі, өйткені барлық ақпарат қорғалуы тиіс", - дейді спикер.

Оның айтуынша, мамандар тексеру жүргізіп, көптеген консультациялардың әлі де WhatsApp, Skype, Zoom арқылы көрсетілетінін анықтаған – бұл киберқауіпсіздік талаптарын бұзу болып саналады.

"Қазір біз бұған ерекше көңіл бөліп отырмыз және медициналық сақтандыру қорынан тексерулер жүргізуді, сондай-ақ медициналық ұйым тиісті қосымшаларды пайдаланған жағдайда ғана қашықтан көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді талап етеміз", – дейді спикер.

2,6 миллион онлайн-қабылдау: қанша медициналық қызмет қашықтан көрсетіліп жатыр?

Сұхбат берушінің айтуынша, жыл басынан бері қызметтердің 9,3 пайызы онлайн форматта көрсетілген. Қалғандары - офлайн. Бұл тамыздың аяғындағы мәлімет. Айта кететін жайт, бұл қазақстандықтар алған жалпы медициналық қызметтердің емес, тек қашықтан жүргізуге болатын қызметтердің үлесі.

"Бұл - қашықтан өткізілген 2 594 982 дәрігер қабылдауы. Әдетте бұл терапевт пен басқа да мамандардың кеңестері. УДЗ және өзге де зерттеулерді дешифрлеу қызметтері әзірге аз, сондықтан алдағы уақытта дәл осы көрсеткішті арттыру жоспарланып отыр".

Жаңа ережелер қашан күшіне енеді?

Ережелер тиісті министрліктерде мақұлданды. Қазіргі уақытта олар Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр. Құжатты жақын арада қабылдау жоспарланған.

Авторы: Оксана Акулова

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қазақстанда емханаларға тіркелу науқаны тоқтатылды: нені білу маңызды?

Қазақстанда балаларды кім емдейді? Денсаумин емханалар жұмысына өзгерістерді дайындап жатыр

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

дәрігер

Қазақстан

тексеру

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:45
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 17:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары