Қазақстандық мерген Қытайдың әскери академиясын үздік аяқтады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасының нұсқаушы сержанты 3-сыныпты сержант Нұрсұлтан Зейнелханов Қытай Халық Республикасының әскери академиясын үздік бітірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқу курсы барысында жерлесіміз ҚХР Құрлық әскерлері Жаяу әскерлер академиясының Шицзячжуан филиалында үздік үлгерім, үлгілі тәртіп көрсетіп, заманауи мергендік даярлық әдістерін меңгеруде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Оқу қорытындысы бойынша 3-сыныпты сержант Нұрсұлтан Зейнелханов жоғары нәтижелері үшін алтын медальмен марапатталып, «Бірінші санатты мерген» құрметті атағына ие болды.
Оқу барысында жинақталған білім мен практикалық тәжірибе Құрлық әскерлері бөлімшелерінің даярлық жүйесіне енгізіліп, әскери қызметшілердің жауынгерлік машығын арттыруға, сондай-ақ отандық мергендер даярлау мектебін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал етпек.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 08:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















