Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстандық мұғалімдер Кореяда сабақ береді

Қазақстандық мұғалімдер Кореяда сабақ береді

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстан мен Оңтүстік Кореялық мамандар білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Кездесу Сихын қаласында өткен педагогтар форумында ұйымдастырылды. Жиынға Орталық Азия елдері мен Кёнги провинциясының ұстаздары қатысты. Бұл өңір Оңтүстік Кореяда шетелдік оқушылар саны бойынша алдыңғы қатарда тұр. Қазір мұндағы білім беру мекемелерінде қазақстандық мұғалімдер де жұмыс істейді. 

Сихын қаласында өткен форумда Қазақстан мен Кёнги провинциясы арасындағы ынтымақтастық қорытындыланды. Бұл әріптестік 2024 жылдың сәуір айында басталған. Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мен осы өңірдің білім басқармасы меморандумға қол қойған. Ал тамыз айында мұнда төрт жас маман келді. Олар түрлі ұлт өкілдерінің балалары оқитын үш мектепте сабақ берді. Нәтижесінде шетелдік оқушылардың үлгерімі артып, өңір билігі Қазақстаннан келетін мұғалімдер санын көбейту туралы шешім қабылдады.

Салтанат Дарғожиева, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі басқармасының басшысы:

- Бірнеше іріктеу өтіп биыл корей мектептерінде еліміздің жоғары оқу орындарын тәмамдаған шамамен 8 түлек еңбек ететін болады. Яғни бұл жобалар Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдыруға бағытталған негізгі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кёнги провинциясының билігі шетелден мұғалімдер шақыруға мәжбүр. Себебі аймақта шетелдік оқушылар саны едәуір артқан. Егер 13 жыл бұрын олардың саны 47 мың болса, биыл бұл көрсеткіш 5 есеге өсті. Білім іздеп келгендердің көбі Вьетнам, Қытай және Филиппин азаматтары. Одан кейінгі орында Орталық Азия елдері. Қазір бұл аймақтан барып оқып жатқан балалардың саны 9 мыңнан асады.

Хон Джон Пё, Кёнги провинциясы Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Елімізде сапасы жағынан алдыңғы орындардың бірін иеленетін Кёнгидо провинциясының мектептерінде бүгінде түрлі тіл мен мәдениет өкілдері көп. Мұндай ортада білім беру – барлық қатысушыларға тиімді әрі мол тәжірибе жинақтауға көмектеседі деп сенеміз.

Кёнги провинциясында шетелдік оқушылардың көбі корей тілін жетік білмейді. Сондықтан қазақстандық ұстаздар олармен қосымша дайындық сабақтарын өткізеді. Солардың бірі – Жәния Қожахметова. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты қазір Ансан қаласындағы бастауыш мектепте мұғалімнің көмекшісі болып жұмыс істейді.

Жәния Қожахметова, Ансан қаласы бастауыш мектебі мұғалімінің көмекшісі:

- Балалардың шамамен 70 пайызы шетелдік оқушылар. Орыс тілді балалардан бөлек қытай, вьетнам және тағы басқа ұлт өкілдері көп. Сондықтан олардың басым бөлігі корей тілін білмей келеді. Ал тіл білмесең жергілікті ортаға бейімделу қиын. 

Өткен жылдың сәуір айында Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Кёнги провинциясының білім басқармасы арасында тағы бір меморандумға қол қойылды. Тараптар жоғары сынып оқушыларына арналған тағылымдамалар ұйымдастыруға келісті. Нәтижесінде былтыр жазда Кореядан келген бір топ оқушы Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал қазақстандық оқушылар осы елдегі жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдірді.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян                             

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 20:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары