Қазақстандық қыз Солтүстік Кипрде ауыр жарақат алды
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
22 жастағы Жанерке Абдразақова супермаркетте пышақпен жасалған шабуылдан кейін өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті.
Бұл туралы ZTB News хабарлады.
Оқиға 3 тамыз күні сағат 11:45 шамасында Никосия (Лефкоша) қаласының Ташкынкёй ауданындағы Metropol Market дүкенінде болған.
Полиция дерегіне сәйкес, ер адам белгісіз себеппен қызға шабуыл жасап, кейін өзіне де қол жұмсамақ болған.
Екеуі де ауыр жарақатпен мемлекеттік ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында жатыр.
Кейбір жергілікті БАҚ куәгерлерге сілтеме жасап, ер адам бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасауы мүмкін деген болжам таратты. Алайда полиция бұл нұсқаны ресми түрде растаған жоқ.
Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.
Бүгін, 13:53
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:91
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 14:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















