Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандықтардың 77 пайызы Президенттің қызметін қолдайды сауалнама

Қазақстандықтардың 77 пайызы Президенттің қызметін қолдайды сауалнама

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2025 жылдың қорытындыларын талдау мақсатында Қазақстанның барлық өңірін қамтыған және 1000 респонденттің қатысуымен жалпыұлттық әлеуметтанулық сауалнама өткізілді. Зерттеу нәтижелері азаматтардың өтіп бара жатқан жылды оң бағалайтынын байқатады. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында мұндай нәтиже қоғамның болып жатқан өзгерістерге бейімделу деңгейінің жоғары екенін көрсетеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жеке жетістіктер мен тұрақтылық жылы

«2025 жыл сіз үшін қандай жыл болды?» деген алғашқы сұраққа респонденттердің біразы алдымен ойланып қалды. Бұл күнделікті өмірдің қарқыны аясында жылдың тек сын-қатерлермен ғана емес, сонымен қатар жетістіктермен де сипатталатынын әрдайым бірден аңғару мүмкін еместігін айғақтайды. Сонымен қатар, сауалнама қорытындылары оң бағалардың теріс пікірлерден 3,5 есе басым екенін көрсетті. Атап айтқанда, респонденттердің тек 11%-ы 2025 жылды сәтсіз деп бағаласа, 37%-ы оны табысты жыл ретінде атаған. Респонденттердің басым бөлігі (52%) жылды айқын оң немесе теріс үрдістердің басымдығы байқалмаған, жалпы тұрақты кезең ретінде сипаттаған.

Жыл бойы қоғамдық көңіл күйді қалыптастырған негізгі оқиғалар

2025 жылғы жетістіктер туралы сөз қозғағанда, қазақстандықтар ең алдымен спорт, технологиялар мен цифрландыру, киноиндустрияны дамыту, өнеркәсіп, сондай-ақ мектептер, ауруханалар және өзге де әлеуметтік нысандардың салынуы сияқты салаларды атап өткен.

Ал респонденттерге 2025 жылдың ең жарқын әрі жағымды оқиғаларын атау ұсынылғанда, ең көп аталғандары мыналар болды:

«Қайрат» – «Реал Мадрид» арасындағы тарихи матч және спортшыларымыздың өзге де жетістіктері, Әлемдік жұлдыздардың концерттері (J Lo, Backstreet Boys) және түрлі мерейтойлық шараларды атап өту (Абайдың 180 жылдығы, Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы және басқалары), Жаңа мектептер мен ауруханалардың ашылуы, инфрақұрылымды жақсарту (жолдар, қалалық абаттандыру және т.б.), Жасанды интеллект саласындағы ірі жетістіктер (Alem.ai, суперкомпьютер, Higgsfield AI), Президенттің халықаралық деңгейдегі кездесулері (Дональд Трамп, Си Цзиньпин және т.б.).

Оң оқиғалар жыл бойы тек көңіл-күйдің көтерілуін қана емес, сонымен бірге елдің білім беру, денсаулық сақтау, экология және технологиялар сияқты негізгі салаларында нақты өзгерістер мен жетістіктердің бар екенін көрсетеді.

Осы тұрғыда елдің даму бағытын қолдау зерттеу нәтижелеріндегі нақты деректермен де расталады:

Қазақстандықтардың 71%-ы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл дерек жылдағы оқиғаларды көпшіліктің елдің тұрақты дамуы мен мемлекеттік саясаттың тұрақтылығымен байланыстыратынын көрсетеді. Қазақстандықтардың 77%-ы Президенттің қызметін қолдайтынын білдірді. Қолдаудың осындай жоғары деңгейі Президентті елдің дамуының дұрыс бағытын айқындайтын көшбасшы ретінде қабылдайтынын көрсетеді.

Елдің даму бағытына деген сенімділік пен Президентке берілген жоғары қолдау қоғамда Қазақстанның алдағы даму бағыты жөнінде біртұтас көзқарастың қалыптасқанын айқындайды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:255
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Желтоқсан 2025 13:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары