Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары мемлекеттің қорғауында қалады

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары мемлекеттің қорғауында қалады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әлеуметтік саланы жаңғырту шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен (БЖЗҚ) бірлесіп азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғаудың неғұрлым тиімді әрі ашық моделіне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес мемлекет азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Кодекстің 217-бабында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) нақты енгізілген сомасының сақталуына мемлекеттік кепілдік заң жүзінде бекітілген. Осы норма өзгеріссіз сақталады.

2027 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен салымшыларға инфляция деңгейіндегі айырманы біржолғы өтеуді көздейтін бюджеттік кіші бағдарлама оңтайландырылады. Бұл қадам зейнетақы жүйесін икемдірек, кәсіби әрі ұзақ мерзімді нақты инвестициялық табыстылыққа бағдарланған жүйеге айналдыруға бағытталған кешенді реформалардың жалғасы болып табылады.

2026 жылғы қыркүйектен бастап (2026 жылғы 7 шілдеде қол қойылған заңға сәйкес) зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Негізгі өзгеріс – бұрын қолданыста болған шектеулердің толықтай алынып тасталуы. Егер осыған дейін салымшылар жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) зейнетақы активтерінің 50%-ынан аспайтын бөлігін ғана сенімгерлік басқаруға бере алса, енді бұл шектеу толығымен жойылады. Азаматтарға жинақтарының 100%-ына дейін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы ұсынылады. Осылайша, қазақстандықтар өз қаражатын басқаруда толық таңдау еркіндігіне ие болып, тәуекелі төмен немесе жоғары табысты инвестициялық стратегияны өз қалауынша таңдай алады.

Мұндай жағдайда инфляциялық тәуекелдерді мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен автоматты түрде өтеудің экономикалық негізі жойылады. Өйткені салық төлеушілердің қаражаты азаматтардың жеке инвестициялық шешімдерінің нәтижесін өтеуге жұмсалмауы тиіс. Сонымен қатар жеке инвестициялық портфельді басқарушылар қатаң қаржылық жауапкершілікке ие және теріс инвестициялық нәтиже туындаған жағдайда айырманы өз капиталы есебінен өтеуге міндетті. Оларға меншікті капитал көлеміне (кемінде 1,9 млрд теңге немесе 440 мың АЕК) және қызмет тәжірибесіне қатысты жоғары талаптар қойылады.

Консервативті инвестициялық тәсілді таңдаған салымшылар үшін негізгі басқарушы бұрынғыдай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қала береді. Әлеуметтік кодексте Ұлттық Банктің зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді нақты табыстылыққа қол жеткізуге ұмтылуға міндетті екені заңнамалық деңгейде бекітілген. 2028 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар аясында Ұлттық Банкке зейнетақы активтерінің табыстылығын инфляция деңгейінен кемінде +1 пайыздық тармаққа арттыру міндеті жүктелген. Бұл ретте активтерді инвестициялау жоғары деңгейдегі әртараптандыру қағидаттарына сәйкес, сапалы шетелдік қаржы құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар валюталық активтердің үлесі кемінде 30% деңгейінде сақталады.

Қазіргі уақытта Еңбек министрлігі қолданыстағы зейнетақы жүйесін трансформациялау мәселелері бойынша жұмыс тобын құрды. Оның аясында сақтандыру құрамдасын енгізу, «4+1» моделі, еңбек өтілін 40 жылға дейін есепке алу, сондай-ақ Сингапурдың зейнетақы жүйесінің моделі сияқты түрлі тәсілдер қарастырылды.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – азаматтарды еңбек өтілін ескеретін және жоғалған табысты Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес кемінде 40% деңгейінде алмастыруды қамтамасыз ететін БЖЗҚ-дан өмір бойғы үздіксіз төлемдермен қамту. Осы мақсатта Үкімет зейнетақы жүйесінің әлеуметтік сақтандыру құрамдасын қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуде. Ол азаматтардың зейнетақы жинақтарының көлеміне тәуелсіз, бірақ олардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескеретін, БЖЗҚ-дан өмір бойғы тұрақты төлемдерді қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты мемлекеттік кепілдік шеңберінде төленетін біржолғы өтемақының өзектілігі жойылады.

Мемлекет қабылдап отырған барлық шаралар әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыруға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және ең бастысы – қазақстандықтардың ұзақ мерзімді әл-ауқатын қамтамасыз ететін сенімді, ашық әрі табысты зейнетақы жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 10:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары