Қазақстанның ұлттық құқық қорғау институтын дамыту тәжірибесі Варшавада таныстырылды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұл бағыт азаматтардың өтініштерін қарауды, Ұлттық превентивтік тетіктің жұмысын және халықаралық ұйымдармен жүйелі өзара іс-қимылды қамтиды.
Бұл туралы Варшавада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем жөніндегі конференциясында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ғылыми комиссияның мүшесі Рахимбек Мамырбаев айтты.
Сарапшының айтуынша, елдегі адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебесінің бекітілуі. Бұл жүйенің маңызды тетіктерінің бірі – Омбудсмен жанындағы Ұлттық превентивтік тетік. Ол орталық және өңірлік деңгейлерде жұмыс істейді.
«Ұлттық превентивтік тетік түзеу мекемелеріндегі адам құқықтарының сақталуын, сотталғандардың құқықтарын, сондай-ақ азаптаудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды бақылайды», – деді Рахимбек Мамырбаев.
Баяндамада Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау институттарының қызметіне халықаралық ұйымдар тарапынан берілген тәуелсіз бағалауға да назар аударылды. Атап айтқанда, сарапшы БҰҰ Даму бағдарламасының жобасына қатысу тәжірибесін атап өтті.
«Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан екі рет бағалау жүргізіліп, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Ұлттық превентивтік тетіктің қызметіне оң баға берілді», – деді спикер.
Сонымен қатар Омбудсмен аппаратына азаматтардан түсетін өтініштердің саны да жоғары. Ай сайын Уәкілдің атына 400-ден астам өтініш келіп түседі. Әрбір өтініш бойынша тексеру жүргізіледі. Оның ішінде түзеу мекемелері мен басқа да жабық нысандарға инспекциялық сапарлар ұйымдастырылып, тексеру қорытындысы бойынша министрліктер мен мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар енгізіледі.
Рахимбек Мамырбаев сотталғандардың адами қадір-қасиетін сақтауға қажетті жағдай жасаудың маңызын да атап өтті. Осы мақсатта Адам құқықтары жөніндегі уәкіл заңнаманы жетілдіру және инфрақұрылымды жаңғыртуға қажетті бюджет қаражатын қарастыру бойынша тұрақты түрде ұсыныстар енгізіп келеді.
Сарапшының бағалауынша, құқық қорғау институттарының бұл бағыттағы кешенді жұмысы Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жүйесін халықаралық озық стандарттарға одан әрі сәйкестендіруге бағытталған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















