Қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тұрғындарға неден сақтану керек
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бұл туралы бүгін "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылды.
"2026 жылғы 3 тамызда Алматыда, ал түнде Қарағанды, Теміртау және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық құбылыстардың, атап айтқанда желсіз ауа райы, баяу жел, тұман және температуралық инверсияның жиынтығы.
Мұндай жағдайда қала тұрғындарына, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ашық ауада жүретін уақытты қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық сырқаттары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі керек.
Айта кетейік, 2026 жылғы 2 тамызда Алматы мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:94
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 09:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















