Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қорғаста 250 миллиард теңгеге әуежай салғысы келеді: жоба қандай кезеңде

Қорғаста 250 миллиард теңгеге әуежай салғысы келеді: жоба қандай кезеңде

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жетісу облысында Қорғас халықаралық әуежайының құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Құны шамамен 250 миллиард теңгені құрайтын жобаның жоспары мақұлданғанымен, құрылыс әлі басталған жоқ. Оған басты себеп - инвестор іздеу жұмыстары. Tengri Travel жобаның қазіргі жай-күйі мен онда не салынатынын анықтап көрді.

Болашақ әуежай туралы не белгілі?

Халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА аумағында орналастыру жоспарланған. Жоба авторларының пайымдауынша, ол Air – Rail – Auto – Air мультимодальды схемасы бойынша жұмыс істейтін ірі авиациялық-логистикалық кластердің бөлігіне айналады.

Жобаға 840 гектар жер бөлінген. Қаржыландыру толығымен жеке шетелдік инвестициялар есебінен жүзеге асырылады деп күтіледі.

Жобаға сәйкес, әуежай Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) ұсынымдарына сай үш кезең бойынша салынады.

Кешен құрамына мыналар кіреді:

өткізу қабілеті сағатына 500 жолаушыға дейінгі жолаушылар терминалы; жылдық айналымы 250 мың тоннаға дейінгі жүк терминалы; қуаттылығы жылына 550 мың тоннаға дейінгі JET A-1 авиациялық отынына арналған қойма; авиациялық-техникалық орталық (MRO); бизнес-терминал; бизнес-орталық; қонақ үй мен апартаменттер; туристік және сауда-ойын-сауық инфрақұрылымы нысандары. Жоба қай кезеңде тұр?

Панфилов ауданының әкімдігі үш өлшемді визуализациясы бар шеберлік жоспардың бірқатар ведомствомен келісілгенін хабарлады.

Құжат Көлік министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің және "Қазаэронавигация" РМК-ның мақұлдауын алды. Сонымен қатар жобаға ICAO стандарттары негізінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұсынымдары берілді.

Әкімдік мәліметінше, нысанда негізгі инженерлік-іздестіру жұмыстары аяқталған.

"Негізгі инженерлік-іздестіру зерттеулері (геодезия, геология, топография) аяқталды. Қазіргі уақытта жоба техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеуді аяқтау және жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) дайындау кезеңінде тұр", - деп атап өтті ведомство.

Қазіргі уақытта әзірлеушілер техникалық-экономикалық негіздемені аяқтап, жобалау-сметалық құжаттаманы жасауға кіріскен.

Бизнес-жоспар мен қаржылық есептеулерді тексеру үшін халықаралық PwC консалтингтік компаниясы тартылды. Жұмыс Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.

Жобамен кім айналысады?

Жетісу облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, жобаны 2024 жылы құрылған "Skyhansa" ЖШС қазақстандық-германдық бірлескен кәсіпорны жүзеге асырады.

Германия тарапынан жобаға авиациялық инфрақұрылымды дамытуға және әуежайларды жаңғыртуға маманданған The Hansa Consortium қатысады. Қазақстандық серіктес - әуежайларға арналған инженерлік шешімдер саласында жұмыс істейтін "Skymax Technologies компаниялар тобы" ЖШС.

Басқарма мәліметінше, жобаға тартылатын жеке инвестицияның жалпы көлемі шамамен 250 миллиард теңгені құрайды.

Қазіргі жағдай қандай?

Аудандық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытқа дейін әзірлеушілер АЭА қатысушысы мәртебесін алу үшін құжаттар пакетін дайындап, әлеуетті авиатасымалдаушылармен және логистикалық компаниялармен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ бірқатар ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды.

Жобаға қызығушылық танытқан компаниялардың қатарында Cargolux, Schenker, Ceva Logistics, Rhenus Group және DHL бар.

Сонымен қатар отын құю кешендерінің әлеуетті операторлары Skytanking, BAFS және Exolum компанияларымен алдын ала келісімдерге қол қойылды.

Қонақ үй кешені, бизнес-орталық және бизнес-терминал құрылысы үшін де жеке инвестор анықталды.

Құрылыс неге әлі басталмады?

Негізгі кедергі - қаржыландыру мәселесі.

Әкімдіктің хабарлауынша, бұған дейін қарастырылған Mataraxia инвестициялық қоры жобаға қатысудан бас тартқан. Оған инвестордың жеке жағдайлары себеп болған.

Тағы бір әлеуетті серіктес - венгриялық Equilibrium Capital қоры да мақұлданбады.

"Германия тарапынан анонс берілген қаржыландыруды тарту бойынша консалтингтік компания ретінде ұсынылған, бастапқы (seed) капиталы 3 миллион долларды құрайтын венгриялық Equilibrium Capital (The Hansa Consortium-ның CJG Development бөлімшесі) қорына қатысты күмән туындады. Себебі қаражаттың шарттары, көлемі, сондай-ақ шығу көздері жарияланбады", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Нәтижесінде қазақстандық тарап жаңа инвесторлар іздеуді жалғастырады.

Құрылыс қашан басталуы мүмкін?

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, жоба бастамашылары әуежайды салу ниетінен айныған жоқ, алайда жұмыстың басталуын биыл үшінші-төртінші тоқсанға ауыстыруды сұрап отыр.

"Алдағы 2-3 айдың ішінде ЕҚДБ грант түрінде ұсынатын қаражатқа PWC компаниясы бизнес-жоспар мен қаржы-экономикалық модельді растайды деп жоспарланып отыр", - деп толықтырды әкімдіктегілер.

Жобаның іске қосылуына не кедергі?

Панфилов ауданының әкімдігі бірнеше негізгі кедергілерді атап өтті.

Біріншіден, АЭЖ қатысушысы мәртебесін алу үшін жобаның жалпы құнының кемінде 10 пайызы көлемінде қаражаттың бар екенін растау қажет.

Екіншіден, көптеген шетелдік мердігер қосымша кепілдіктер талап етеді. Ірі қытайлық компаниялар Қазақстанның мемлекеттік кепілдіктерін талап етсе, басқа халықаралық мердігерлер келісімшарттар құнының 15–20 пайызы деңгейінде банктік кепілдіктерді сұрап отыр.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Даму Банкі қаржыландыруды тек жоба бастамашылары құрылыстың жалпы құнының кемінде 30 пайызы мөлшерінде меншікті қаражаты бар екенін растай алған жағдайда ғана қарастыруға дайын.

Әуежайдан күтілетін нәтижелер

Әкімдік деректеріне сүйенсек, әуежайдың транзиттік әлеуеті 2026 жылы 13 000-нан астам рейсті құрауы мүмкін.

"Талдау көрсеткендей, өңірде транзиттік қонулар саны еселеп артып келеді (2026 жылға арналған болжам - 13 000-нан астам рейс). Жоба ҚХР-мен шекарадағы тиімді орналасуының арқасында осы нарықтың бір бөлігін иеленуді көздейді", - деп атап өтті ведомство.

Әкімдік есептеулері бойынша, жоба экономикалық тұрғыдан тиімді. Инвестицияның нақты табыстылығы жылына 25,47 пайыз (IRR көрсеткіші) деп бағаланған. Сонымен қатар капиталды тартудың орташа құны (WACC) шамамен 12 пайызды құрайды. Егер бұл параметрлер сақталса, жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі шамамен 8 жылды құрауы мүмкін.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары