Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мерзімді әскери қызметшілерге 1 000 нан астам білім беру гранты бөлінді

Қазақмыс ​ ​Жезқазғанда 3 мың адамға арналған мешіт ​салып берді

Байлықтың бәсі, салықтың салмағы бар

Қос жүлде еншіледі

Әзербайжанда Қазақтың дәстүрлі мәдениеті көрмесі ашылды

Алаштанушы Global Elm Award сыйлығын алды

Шоқанның ауылынан шыққан академик

Арал Каспий магистралі: Сырда басталған стратегиялық жоба

“Барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз“ деді Тоқаев жемқорлықпен күрес туралы

Ұлттық валюта күні: Ұлттық ұланның қаржы қызметі бірыңғай жүйеге көшті

Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді

Қытай Тайвань маңына 100 ден астам әскери кеме шығарды

Ағзада алкоголь өздігінен түзілетін синдром болса, көлік жүргізуге рұқсат беріле ме?

Қазақстандық әйел ЖСН ін ашық дереккөзден тапты: коммерциялық сайттар жеке мәліметтерді жариялай ала ма?

АҚШ Украинаға Донбастан бас тартудың орнына НАТО ға мүше болуды ұсынған Зеленский

Блогер Елдос Колобоктың он жыл күткен баласының тұсауын Қайрат Нұртас кесті (видео)

Бас прокуратура жеке деректерді бақылайтын ақпараттық қауіпсіздік комитетін тексеріп жатыр

Софья Самоделкина АҚШ Гран при кезеңінде үздік ондыққа кіре алмады

Шетелде жүріп радикалды идея таратқан күдікті Алматыда ұсталды

Мессидің орны білініп қалды . Аргентина құрамасы Уругвайдан ұтылды

Зайсандағы жаңа әуежай қандай болады жоба туралы не белгілі

Зайсандағы жаңа әуежай қандай болады жоба туралы не белгілі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сәтбай ауылы маңындағы әуе айлағының құрылысы бір жарым жылға созылды - жұмыс 2025 жылдың наурызында басталған болатын. Tengri Travel ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан әуежайдың қазіргі жай-күйі мен жолаушылар қашан ұша алатынын анықтап көрді.

Әуежайдың қазіргі көрінісі

Жолаушылар көлігі басқармасы әуежай 93,7 пайызға дайын екенін және құрылыс аяқталу сатысында тұрғанын хабарлады.

"Зайсан (Сәтбай) әуежайы құрылыстың аяқталу сатысында. Нысанның жалпы құрылыс дайындығы 93,7 пайыз. Аэродром бөлігі бойынша негізгі жұмыстар, соның ішінде ұшу-қону жолағы, перрон, такси жолы, периметрлік және кіреберіс жолдары, DVOR радиомаягы, су бұру жүйесі, сыртқы байланыс және электрмен жабдықтау желілері, сондай-ақ жарық беру-сигналдық жабдықтарының құрылысы аяқталды", - деп атап өтті басқарма.

Зайсан әуежайы. Фото: ШҚО Көлік басқармасы

Қазіргі уақытта әуежай кешенінің жекелеген нысандары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Бүгінде әуежай кешенінің нысандары бойынша, соның ішінде аэровокзал, инженерлік және авариялық-құтқару инфрақұрылымының ғимараттары мен құрылыстары, жабдықтардың жекелеген түрлерін монтаждау және аумақты абаттандыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр", - деп хабарлады әуежай.

Басқарма мәліметінше, әуежай құрылысын 2026 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Зайсан әуежайы. Иллюстрация: ШҚО Көлік басқармасы

Қанша адам жұмыс істейді?

Өңірлік басқарма өкілдері әуежайда 126 адам жұмыс істейтінін айтты.

"Штаттық кестеге сәйкес әуежай қызметін қамтамасыз ету үшін 126 штаттық бірлік қарастырылған. Жаңа Зайсан әуежайы пайдалануға берілгеннен кейін оның кадрлық құрамын негізінен Зайсан әуежайының қазіргі қызметкерлері есебінен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Олар лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары ескеріле отырып, жаңа нысанда жұмысын жалғастыруға ауыстырылады", - деп атап өтті ведомство.

Ал қызметкерлерді дайындау үшін Өскемен әуежайы базасында арнайы оқыту курстары өткізіледі.

"Сонымен қатар әуежайды білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында және "Қазаэронавигация" РМК талаптарына сәйкес, әуежайларда жұмыс істеуді жоспарлап отырған азаматтар тиісті кәсіптік оқудан және жұмыс берушінің базасында тағылымдамадан өтуі тиіс. Осыған байланысты, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша жұмыспен қамту бағдарламасы аясында "Өскемен әуежайы" АҚ базасында әлеуетті қызметкерлерді оқыту мен тағылымдамадан өткізу ұйымдастырылды", - деп хабарлады көлік басқармасы.

Зайсаннан қайда ұшуға болады?

Басқарма мәліметінше, қазір әуекомпанияларды тарту және маршруттық желіні қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Халықаралық бағыттарды іске қосу бойынша жұмыс атқарылып жатыр, әзірге тек ішкі рейстер туралы белгілі:

Өскемен; Алматы; Астана. Жаңа әуежайда не болады?

Ведомство әуежайда барлық қажетті инфрақұрылым жасақталатынын нақтылады: жолаушыларға арналған терминалдар, авиациялық қауіпсіздік және құтқару қызметтері, сондай-ақ метеоқамтамасыз ету, байланыс, электрмен жабдықтау және су бұру жүйелері болады.

Еске сала кетейік, Зайсандағы әуе айлағының құрылысы 2025 жылдың наурызында қаладан шамамен 25 шақырым жердегі Сәтбай ауылы маңындағы бұрынғы әскери аэродром базасында басталған болатын. Жобаға климат пен көлік логистикасы ескеріліп, ауданы шамамен 184 гектар жер телімі бөлінді.

Жоба ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағын салуды көздейді. Ол Bombardier Q400 және ATR-72 сияқты әуе кемелерін қабылдай алады. Сонымен қатар әуежайда төрт әуе кемесіне арналған перрон және ауданы 4 мың шаршы метрге дейінгі жолаушылар терминалы бой көтереді. Терминал сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетуге есептелген.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Астана, Алматы және Өскеменге қатынайтын ішкі рейстерден бөлек, Қытайға - Үрімжі, Алтай және Қанас қалаларына халықаралық бағыттарды ашу жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Балқаш әуежайының “прайм-дәуірі“ басталды: аспашам, жүк және қайтарылған активтер туралы

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 14:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мерзімді әскери қызметшілерге 1 000 нан астам білім беру гранты бөлінді

15 Қараша 2026 01:40see130

Қазақмыс ​ ​Жезқазғанда 3 мың адамға арналған мешіт ​салып берді

15 Қараша 2026 02:55see125

Байлықтың бәсі, салықтың салмағы бар

15 Қараша 2026 01:41see124

Қос жүлде еншіледі

15 Қараша 2026 01:34see124

Әзербайжанда Қазақтың дәстүрлі мәдениеті көрмесі ашылды

15 Қараша 2026 01:39see124

Алаштанушы Global Elm Award сыйлығын алды

15 Қараша 2026 01:35see123

Шоқанның ауылынан шыққан академик

15 Қараша 2026 01:41see122

Арал Каспий магистралі: Сырда басталған стратегиялық жоба

15 Қараша 2026 01:40see122

“Барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз“ деді Тоқаев жемқорлықпен күрес туралы

15 Қараша 2026 01:19see122

Ұлттық валюта күні: Ұлттық ұланның қаржы қызметі бірыңғай жүйеге көшті

15 Қараша 2026 01:36see121

Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді

15 Қараша 2026 01:34see121

Қытай Тайвань маңына 100 ден астам әскери кеме шығарды

15 Қараша 2026 01:40see121

Ағзада алкоголь өздігінен түзілетін синдром болса, көлік жүргізуге рұқсат беріле ме?

15 Қараша 2026 01:21see121

Қазақстандық әйел ЖСН ін ашық дереккөзден тапты: коммерциялық сайттар жеке мәліметтерді жариялай ала ма?

15 Қараша 2026 01:16see119

АҚШ Украинаға Донбастан бас тартудың орнына НАТО ға мүше болуды ұсынған Зеленский

15 Қараша 2026 01:37see119

Блогер Елдос Колобоктың он жыл күткен баласының тұсауын Қайрат Нұртас кесті (видео)

15 Қараша 2026 01:41see118

Бас прокуратура жеке деректерді бақылайтын ақпараттық қауіпсіздік комитетін тексеріп жатыр

15 Қараша 2026 01:26see118

Софья Самоделкина АҚШ Гран при кезеңінде үздік ондыққа кіре алмады

15 Қараша 2026 09:06see118

Шетелде жүріп радикалды идея таратқан күдікті Алматыда ұсталды

15 Қараша 2026 01:27see117

Мессидің орны білініп қалды . Аргентина құрамасы Уругвайдан ұтылды

15 Қараша 2026 01:24see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары