Жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов туралы не белгілі
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды. Tengrinews.kz ол туралы белгілі деректерді назарларыңызға ұсынады.
Өмірбаяны
Айдос Мырзахметов - жиырма жылдан аса уақытын әскери қызметке арнаған кәсіби офицер.
1981 жылы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.
2002 жылы Қарулы Күштердің Әскери академиясын үздік тәмамдады. Кейінгі жылдары ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде жедел және командалық даярлық курстарынан өтті.
Министрліктің мәліметінше, Айдос Мырзахметов Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінде офицерлік қызметтің барлық сатысынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.
2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірді.
2022 жылы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. Айдос Мырзахметов үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін атап өтті.
Президент кәсіби даярлықтың сапасын арттыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде міндеттер жүктеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:110
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қыркүйек 2026 15:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















