Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қорқынышты ұқсастықтар: неге Айгүл Сайлыбаеваның ісін Катя Бауманн өлімінің көшірмесі деп атайды

Қорқынышты ұқсастықтар: неге Айгүл Сайлыбаеваның ісін Катя Бауманн өлімінің көшірмесі деп атайды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ксения Собчактың Германияда қаза тапқан қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева туралы үлкен шығарылымынан кейін әлеуметтік желілерде тағы бір атышулы іс - Петербург тұрғыны Екатерина Бауманның өлімі туралы жазылып жатыр. Бұл екі оқиғаның арасындағы ұқсастықтар шынымен де адам шошытарлық. Толығырақ Tengrinews.kz материалында.

Ксения Собчактың Германияда қаза тапқан қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева туралы үлкен шығарылымынан кейін әлеуметтік желілерде тағы бір атышулы іс - Петербург тұрғыны Екатерина Бауманның өлімі туралы жазылып жатыр. Бұл екі оқиғаның арасындағы ұқсастықтар шынымен де адам шошытарлық. Толығырақ Tengrinews.kz материалында.

Екатерина Бауманн оқиғасы

Екатерина Бауманн (бұрынғы тегі - Болгова) Санкт-Петербург тумасы болатын. Ол Германияның портты қаласы Бремерхафенде он жылдан астам уақыт тұрған. Күйеуі Вальтер Бауманн 1979 жылы Германияда туып-өскен, алайда БАҚ мәліметтері бойынша, оның ата-анасы Қазақстаннан қоныс аударғандар еді.

Ол Екатеринамен 2010 жылы Түркияда демалыста жүргенде танысқан. Ол кезде Екатерина шамамен 20 жаста болатын. Кейінірек ол Германияға күйеуінің қасына көшіп келеді. Ерлі-зайыптының қызы дүниеге келген.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Кейінірек БАҚ туыстарына және сот материалдарына сілтеме жасай отырып жазғандай, отбасындағы қарым-қатынас бірте-бірте нашарлай бастаған. Екатерина ажырасқысы келген деседі, ал қызының болашағына қатысты мәселе ең күрделі түйінге айналған.

2022 жылдың ақпан айының басында Екатерина жоғалып кеткен.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Бозымбаев Шэньчжэнь мэрімен инновациялық қалаларды дамыту тәжірибесін талқылады

09 маусым 13:18 1

6 миллиард доллар инвестиция: Alatau City бойынша Шэньчжэньдегі келіссөздер қорытындысы

10 маусым 13:32 2

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Күйеуі полицияға әйелінің үйден шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтқан. Туыстары бұл нұсқаға сенбеді: олардың айтуынша, Екатерина кішкентай қызын тастап, іс-түзсіз жоғалып кетуі мүмкін емес еді.

Оны бір айға жуық уақыт бойы полиция, еріктілер мен жақындары іздеді.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

2022 жылдың 1 наурызында Везер өзенінің жағасынан чемодан табылды. Ішінде әйел адамның мүрдесі болған. Сараптама оның Екатерина Бауманн екенін растады.

Екатерина Бауманның денесі табылған күн. "Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Сол күні оның күйеуі ұсталды.

Глинтвейн, ұйықтататын дәрі және браузердегі іздеу сұраулары

Сотта Вальтер Бауманн кінәсін мойындамады. Бірақ тергеу амалдары кісі өлтіру қылмысының алдын ала дайындалғаны туралы қорытындыға келді.

Айыптау нұсқасы бойынша, қылмыс болған кеште ер адам Екатеринаның глинтвейніне ұйықтататын дәрі араластырған. Препарат әсер ете бастағанда ол әйелін буындырып өлтіріп, содан кейін денені бөлшектеп, чемоданға салып, өзенге тастаған.

Сандық іздер маңызды бөлшектердің біріне айналды. БАҚ-тың жазуынша, Вальтердің браузер тарихынан "үйде мәйіттен қалай құтылуға болады" деген тақырыптағы іздеу сұраулары табылған. Бұл айғақ айыптаушы тарап үшін оқиғаның кенеттен шыққан жанжал емес, алдын ала жоспарланған қылмыс екеніне басты дәлел болды.

Іс материалдарында қылмыстың себебі де айтылды: тергеу нұсқасы бойынша, ерлі-зайыпты арасында Екатеринаның ажырасып, қызын өзімен бірге алып кетпек болған жоспарына байланысты жанжал туындаған болуы мүмкін.

Енесі қылмысты өз мойнына алуға тырысқан

Ең күтпеген жағдай сот процесі кезінде болды.

Вальтер Бауманның анасы кенеттен келінін өзі өлтіргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Екатерина оған пышақпен тап берген, ал ол өзін қорғау мақсатында оны буындырып тастаған-мыс.

Бір қарағанда, бұл мойындау бүкіл істің бағытын өзгертуі мүмкін еді. Бірақ тергеу мен сот бұл нұсқаға сенген жоқ.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, сараптама мен іс материалдары Вальтердің анасы бұл қылмысты жасауы мүмкін екенін растамады. Соған қарамастан, ол өте маңызды деректі біліп шықты: ол Екатеринаның денесінің жетіспейтін бөлігі жасырылған жерді көрсетіп берді. Оның нұсқауы бойынша дене мүшесі расымен де табылды.

Яғни, сот оны қанішер деп танымады, бірақ оның дененің қайда жасырылғанын қайдан білгені осы оқиғаның ең жұмбақ тұстарының бірі болып қалды.

Бұл Вальтер Бауманды құтқара алмады. 2023 жылдың мамыр айында неміс соты оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Енесінің өзі кейінірек сотты болды, бірақ кісі өлтіруге сыбайлас ретінде емес. Екатеринаның анасының айтуынша, 2024 жылдың соңында ол жалған айғақ бергені үшін сотталып, айыппұл төлеуге міндеттелген. Қаза тапқан әйелдің туыстары ол ұлына қылмыс ізін жасыруға көмектескен болуы мүмкін деп сенеді, алайда заң жүзінде оның кісі өлтіруге немесе мәйітті жасыруға қатысы бары дәлелденбеді.

Әжесі алып кете алмай отырған немере

Екатерина өлтіріліп, оның күйеуі өмір бойына сотталғаннан кейін, ерлі-зайыптының кішкентай қызы Германияда қорғаншылықта қалды.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Екатеринаның анасы Светлана Болгова бірнеше жылдан бері немересін өзіне алуға немесе ең болмағанда онымен тұрақты араласып тұруға тырысып келеді. Оның айтуынша, Германияның қорғаншылық органдары баланың ресейлік туыстарымен байланысын шектеп тастаған.

Оқиғаның бұл бөлігі Айгүл Сайлыбаеваның ісімен қатты ұқсас келеді: онда да анасы қаза тапқаннан кейін қасіреттің ортасында кішкентай қызы қалған болатын.

Айгүл Сайлыбаеваға не болды?

Айгүл Сайлыбаева - Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының бұрынғы судьясы. Ол Германияда күйеуі Александр Донцовпен және қызы Жаклинмен бірге тұрған.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

2024 жылдың маусым айының басында Айгүл байланысқа шықпай қалды. Ол кезде ол жүкті болатын.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Туыстары дабыл қағып, көмек сұрап жүгінді.

Бірнеше күннен кейін Германияның Бенсхайм қаласының маңынан әйел адамның мәйіті табылды. Кейін сараптама оның Айгүл Сайлыбаева екенін растады.

Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті табылған чемодан. "Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Қаза тапқан әйелдің туыстары Ксения Собчакқа берген сұхбатында кісі өлтірудің аса қатыгез мән-жайларын айтып берді. Айгүлдің анасы Шолпан Батқалованың айтуынша, денесінде 30-дан астам пышақ жарақаты болған. Беті, басы және саусақтары зақымдалған. Туыстары Айгүлдің қорғанбақ болғанын айтады.

Адвокат Жанна Оразбахованың айтуынша, жәбірленуші тарап кісі өлтіру оқиғасы Айгүл күйеуімен бірге тұрған пәтерде болғанына сенімді. Адвокат үйдің мұқият жуылғанын, алайда криминалистер арнайы шамның көмегімен жуып жіберілген қан іздерін тапқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қан іздері жертөледен де табылған.

Сондай-ақ Оразбахова қылмысты бірнеше адам жасауы мүмкін деген болжам жасады. Адвокаттың айтуынша, жарақаттардың сипаты пышақ сұғу мен доғал затпен соғудың бір мезгілде болғанын көрсетеді. Осы негізде жәбірленуші тарап қылмысқа тек енесі Наталья Донцова ғана емес, Айгүлдің күйеуі Александр Донцовтың да қатысы болуы мүмкін екенін алға тартты.

Енесі күдікті ретінде танылған

Айгүл Сайлыбаеваның ісінде енесі Наталья Донцова ресми түрде күдікті ретінде аталады.

БАҚ-тың ресми дереккөздерге сілтеме жасап таратқан мәліметіне сәйкес, Дармштадт қалалық сотының шешімімен ол кісі өлтіру ісі бойынша күдікті деп танылды. Германияда және Еуропаның басқа елдерінде оны тұтқындауға ордер берілді.

Айгүлдің отбасының айтуынша, келіні жоғалып кеткеннен кейін бірден Донцова Германиядан кетіп, Ресейге ұшып кеткен. Сондай-ақ туыстары әуежайдағы кадрлардан оның қолы жарақаттанғанын және оны жасыруға тырысқанын айтады.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Ашық жарияланымдарда жәбірленуші тараптың сөзіне сүйене отырып, Наталья Донцованы қылмыс орнымен байланыстыратын қан іздері туралы ақпарат та шыққан. Бірақ бұл мәліметтерге әлі нақты сот бағасы берілген жоқ.

Күйеуі, телефон және дайындық туралы нұсқа

Істің жеке бір бағыты - Александр Донцовтың Айгүл жоғалар алдындағы және одан кейінгі іс-әрекеттері.

Отбасының адвокаты Донцовтың жұбайына қатысты алдын ала "компромат" жинағанын мәлімдеді: жанжалдарды жазып алып, оның іс-әрекетін видео мен аудиоға түсіріп отырған. Жәбірленуші тараптың нұсқасы бойынша, бұл Айгүлді "қауіпті ана" ретінде көрсетіп, болашақта баланы тартып алу үшін қажет болуы мүмкін еді.

Тағы бір жайт - қызы Жаклиннің азаматтығы. Адвокат пен туыстарының айтуынша, Александр Донцов кісі өлтіру оқиғасынан бірнеше ай бұрын Айгүлдің келісімінсіз балаға Ресей азаматтығын рәсімдей бастаған. Марқұмның отбасы бұл баланы анасының және оның қазақстандық туыстарының ықпалынан шығару жөніндегі кең ауқымды жоспардың бір бөлігі болуы мүмкін деп санайды.

Собчактың YouTube-шығарылымында Александр Донцовтың телефонындағы мәліметтер де келтірілді: Айгүл жоғалғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда, анасын әуежайға шығарып салып жүрген кезде, ол интернеттен ГФР-да кісі өлтіргені үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат іздеген-мыс.

Александр Донцовтың өзі кінәсін мойындамайды. Ол БАҚ-қа полицияға өзі жүгінгенін және іс бойынша жәбірленуші ретінде қатысып жатқанын мәлімдеген.

Бауманн ісі неге қайта жаңғырды?

Екатерина Бауманның тарихы Айгүл Сайлыбаеваның ісіне ұқсас жантүршігерлік детальдарға байланысты қайта еске түсті.

Екі жағдайда да әйелдер Германияда күйеулерінің отбасымен бірге тұрған. Екеуі де жоғалып кетіп, кейін мәйіттері табылған. Екі істе де чемодан мен су тақырыбы кездеседі: Екатеринаның денесі Везер өзенінің жағасынан чемоданнан табылса, БАҚ пен туыстарының мәліметінше, Айгүлдің денесі де су жағасынан табылған, ал іс материалдарында чемодан туралы айтылады.

Тағы бір сәйкестік - ененің рөлі. Бауманн ісінде сотталған адамның анасы кісі өлтіруді өз мойнына алуға тырысып, дененің жетіспейтін бөлігі қайда жасырылғанын білген. Сайлыбаева ісінде енесі Наталья Донцова ресми түрде күдікті деп танылды, бірақ әзірге ұсталған жоқ.

Екі оқиғада да аналары қайтыс болғаннан кейін кішкентай қыздары қалды. Екатеринаның қызы Германияда қорғаншылықта, ал оның Ресейдегі әжесі бірнеше жылдан бері немересімен көрісуге тырысып жүр. Айгүлдің қызы болса, туыстарының айтуынша, Ресейде әкесінің қасында, ал марқұмның отбасы баланы тым болмаса видеобайланыс арқылы көру мүмкіндігіне қол жеткізе алмай отыр.

Халықаралық фактор да бар: Германия қылмысты тергеп жатыр, марқұмдардың туыстары басқа елдерде тұрады, ал негізгі айыптылар Ресей және Қазақстанмен байланысты. Бұл тергеуді де, отбасылардың балалар үшін күресін де қиындата түседі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары