Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қ.Тоқаев Д.Трамппен кездеседі

Қ.Тоқаев Д.Трамппен кездеседі

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Осы аптаның басты оқиғасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа барады.

Ақ үйде Дональд Трамппен кездеседі. Мұнда С5+1 саммиті өтеді. Бұл саммитке Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары қатысады. Жалпы Президенттер деңгейіндегі мұндай саммит алғаш рет екі жыл бұрын, 2023 жылы өтті. Бұл жолғысы екінші саммит.

Сөйтіп жиында қандай мәселелер қаралуы мүмкін? Қазақстан АҚШ-пен қай салада серіктестікті дамытуға күш салады?

Алып экономика АҚШ-пен аралас-құралас сауда жасау қай ел үшін де тиімді. Мұхиттың арғы жағында жатқан мемлекет тамырын терең жайып, нарықты билеп отыр. Біздің елде Құрама Штаттардың ірі әрі беделді 630 компаниясы жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін экономикамызға 100 млрд доллардай инвестиция  құйды. Қазақстан АҚШ-та өтетін С5+1 саммитінің алаңын бұл жолы да иімді пайдалануға мүдделі.

Джеффри Пайетт, дипломат, MCLARTY Associates компаниясының атқарушы директоры:

- Қазақстанның жаһандық энергетика нарығындағы айтарлықтай ролін ескерсек, ал энергия жасанды интеллект дәуірінің басты ресурстарының бірі екенін түсінсек, АҚШ пен Қазақстан арасындағы жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенімім мол.

Саяси оқиғаларды қалт жібермейтін халықаралық сарапшылардың айтуына қарағанда, Орталық Азия мен АҚШ арасындағы саммит аймақтық ынтымақтастыққа жаңа серпін береді. Басқосуда Қазақстан Құрама Штаттармен ірі келісімдер жасауға тиіс. Соның бірі - Америка аса мұқтаж болып отырған сирек металдар. Ал, Қазақстанда бұл қазба байлықтың қоры мол.

Джессика Ниафи, Назарбаев университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры:

- АҚШ алдағы C5+1 саммитінде Орталық Азия елдерімен табиғи ресурстар саласында экономикалық әріптестікті нығайтуға ден қояды. Яғни Президент Трамп мыс, уран және сирек металдар бойынша нақты ұсыныстар мен бастамалар көтеруі мүмкін. Бұл әсіресе Қазақстан үшін маңызды. Өйткені бұл экспорттық бағыттарды әртараптандыруға жол ашады.

Саммит қамтитын тағы бір мәселе - әуе тасымалы болуы мүмкін. Өйткені қазір жолаушылар АҚШ-қа Еуропа арқылы қатынайды. Ал тікелей рейс ашылса, экономикалық және туристік байланыс нығаяды. Іскерлік қатынас жеңілдейді. Бұдан бөлек екі жақты сауда ұлғайған сайын жүк тасымалдау мәселесі туындайды.

Джессика Ниафи, Назарбаев университетінің Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры:

- АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пайдалы қазбалармен ғана шектелмейді.  Көлік және инфрақұрылым  бойынша келісімге келуі мүмкін. Құрама Штаттар теміржол, порттар және кеден жүйесін жаңғыртуға арналған технологиялық және қаржылай қолдау көрсетуі ықтимал. Сондай-ақ азаматтық авиация саласында да келісімдер болады деген болжам бар. АҚШ-тан Орталық Азияға тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін.

Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Ресей мен Украина арасы, Таяу Шығыстағы соғыс, АҚШ пен Қытайдың сауда текетіресі бізге сақ әрі тереңнен ойлап қимылдауды талап етеді. Ал сарапшылар «мұндай сын қатерлі кезеңде C5+1 форматындағы кездесу аймақ елдері, соның ішінде Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа кезеңнің бастауы болуы мүмкін», - дейді.

Авторы: Зайнұр Байжігіт

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 07:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары