Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қуат Машырықов: Дәрігерге құрмет адам өміріне, ұлт денсаулығына құрмет

Қуат Машырықов: Дәрігерге құрмет адам өміріне, ұлт денсаулығына құрмет

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ол бұл шешімді ақ халатты жандардың еңбегіне берілген нақты баға деп санайды. 44 жылға жуық ғұмырын медицина саласына арнаған ардагер дәрігердің айтуынша, жаңа заң ең алдымен дәрігердің мәртебесін көтеріп, олардың алаңсыз, сенімді жағдайда қызмет етуіне мүмкіндік береді.

— Дәрігер үшін ең бастысы — науқасқа бар ынтасымен, кәсіби тұрғыда көмек көрсету. Ал қауіпсіздік қамтамасыз етілген жерде жауапкершілік те, сенім де арта түседі. Бұл заң медицина қызметкерлеріне үлкен қолдау, — дейді Қуат Машырықов.

Ардагер дәрігер жаңа заңның қабылдануы медицина саласына тың серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай шешім дәрігерлердің жұмысқа деген ынтасын арттырып қана қоймай, қоғамдағы өзара сыйластықты нығайтады.

— Дәрігер адам өмірі үшін күреседі, күн сайын үлкен жауапкершілікпен жұмыс істейді. Мемлекет тарапынан осындай қолдау көрсетілуі — дәрігер еңбегінің лайықты бағаланғанының белгісі, — дейді ол.

Заңның тағы бір маңызды тұсы — дәрігер мен пациент арасындағы сенімді күшейту. Қуат Машырықов бұл ретте қоғамда түсіністік пен мәдени қарым-қатынастың орны ерекше екенін айтады.

— Өзара сыйластық болған жерде ғана сапалы медицина қалыптасады. Бұл заң соған жол ашады, — дейді сала ардагері.

Қуат Машырықов — Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетінің 1982 жылғы түлегі, мамандығы — стоматолог. Ол еңбек жолында хирург-стоматолог, ортопед-стоматолог, сондай-ақ бас дәрігер қызметтерін абыроймен атқарған. Өзен және Ақтау қалаларында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өңір халқының денсаулығын нығайтуға зор үлес қосты.

Зейнет жасына шықса да, ардагер дәрігер медицинадан қол үзген емес. Бүгінде ол жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісіп келеді.

— Бұл мамандықта ең басты құндылық — білім мен тәжірибе. Сол екеуі үздіксіз ізденіспен ұштасқанда ғана нәтиже болады, — дейді ол.

Ардагер дәрігер бүгінгі медицинаның, әсіресе стоматология саласының қарқынды дамуын ерекше мақтанышпен айтады. Компьютерлік технологиялар, цифрлық жүйелер, имплантация, цирконий коронкалар — мұның бәрі отандық медицинаның жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

— Бұрын қолмен жасалған дүниелер қазір автоматтандырылған жүйе арқылы орындалады. Бұл — уақыт талабы, әрі үлкен мүмкіндік, — дейді Қуат Машырықов.

Ол алдағы уақытта отандық медициналық материалдар өндірісі дамыса, саланың әлеуеті одан әрі арта түсетініне сенімді. Ардагер дәрігер жас әріптестеріне де ақжарма тілегін жеткізді.

— Үнемі білімді жетілдіріп, тәжірибе алмасып отыру керек. Ең бастысы — адамгершілік. Әр науқасты жақыныңдай қабылдап, шынайы қызмет етсең, халықтың алғысы да, сенімі де артады, — дейді ол.

Сөз соңында Қуат Машырықов Мемлекет басшысына медицина саласына көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау үшін алғысын білдіріп, бұл бастамалардың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

— Дәрігерге құрмет — адам өміріне, ұлт денсаулығына деген құрмет. Осындай игі қадамдар арқылы медицина саласының абыройы арта беретініне сенемін, — деп түйіндеді ол.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 17:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары