Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Құмар ойынның құрсауы: қоғам дабыл қақты

Құмар ойынның құрсауы: қоғам дабыл қақты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ескеретін жайт, бұл ресми тіркелгендері ғана. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, елімізде букмекерлік бизнестегі айналым көлемі 3,5-5 трлн теңге шамасында бағаланады. Жоғарыда айтылған «қорқынышты» статистика букмекер мен құмар ойындарының бүтін бір қоғам тағдыры үшін қаншалықты қауіпті екенін айқындай түседі. Себебі бұл сандардың артында жай ғана ақша емес, талай отбасының көз жасы мен сынған тағдырлар жатыр. 

Сырттан ұйымдастырылған қысым мен манипуляция күшейді

Таяуда Алматыда қоғам бел­сен­ділері, заңгерлер мен пси­хологтар букмекерлік бизнес пен лудоманияның ұлттық қауіп­сіз­дікке, өскелең ұрпақтың ке­ле­ше­гіне төндірер қаупін талқылады. Са­рапшылардың айтуынша, бү­гін­де Қазақстанда мемлекет пен ха­лық­аралық букмекерлік ком­па­ния­лар арасында көзге кө­рін­­­­бейтін, бірақ ықпалы зор текетірес кү­шейіп келеді. Бұл компаниялардың негізгі құрылымдары мен қар­жы­лық есепшоттары Кипр, Мальта, Кю­расао және өзге де офшорлық ай­­мақтарда шоғырланған. Қақ­ты­ғыс­тың өзегі – Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізу. Мем­ле­кет қолға алған бұл цифрлық плат­форма құмар ойындар саласында ашықтық орнатып, бәс тігу ай­н­а­лы­мын бақылауға және тәуелд­і­лік­ке бейім азаматтардың қатысуын шектеуге бағытталған. Алайда бұл қадам букмекерлік компания­лар­дың қаржылық мүдделеріне соққы бол­ғандықтан, тиісінше сырттан ұйымдастырылған қысым мен қо­ғамдық пікірді бұрмалайтын ма­ни­пуляциялар күшейіп келеді. 

– Былтыр 15 тамызда мемле­кет­­­тік БЕЖ операторы іске қосыл­ған кезде бағдарлама бірден на­рық­­ты «тазалап», букмекерлік ай­­налымның нақты көлемін анық­­­тады. Бұған дейін нарық ша­ма­мен 500 млрд теңге деп баға­лан­са, жа­сан­ды интеллект қолда­ныл­ған жүйе букмекерлік ком­па­­ниялардың шынайы айналымы 1-3 трлн теңге аралығында екенін көрсетті. Бұл бағдарлама осы айналымды анық­тап қана қоймай, салық төлеуді де қам­тамасыз етеді. Енді алгоритм қа­лай жұмыс істейтінін түсін­дірейін. Мысалы, сіз 1 000 теңгеге бәс тігесіз. Сол сәтте жүйе салық пен аударымдарды ұстап қалады. Осы­дан кейін ғана 300-500 теңге көлеміндегі қаражат букмекерге же­теді. Дәл осы себепті қарсылық туындап отыр. Осыған байланысты кейбір топтар бұл реформаны саясиландырып, қоғам назарын бас­қа жаққа аудартуға тырысып жатыр, – деді қоғам белсендісі Жарқын Күрентаев.  

БЕЖ арқылы бюджет тапшылығын жабуға болады

Сондай-ақ қоғам белсен­ді­сінің айтуынша, Бірыңғай есепке алу жүйесінің (БЕЖ) опе­ра­торы толығымен мемлекеттік қа­тысушы болып саналады. Ком­па­нияның капиталы толығымен мем­лекетке тиесілі. Пилоттық жо­ба енгізілген уақытта жүйе 800-ден астам заңсыз платформаны анық­тап, олардың қызметін шек­те­ген. Жарқын Күрентаев соны­мен бірге БЕЖ-ді тиімді пайдалану арқылы бюджет тапшылығын жа­буға болатынын атап өтті. 

– Барлығымыз білетіндей, 1 қаң­тардан бастап ҚҚС 4 пайызға өсе­ді. Болжамға сүйенсек, бұл құн са­лығы бюджет тапшылығын ша­ма­мен 2 трлн теңгеге жаба алады. Егер БЕЖ арқылы бүкіл ойын на­рығын бақылауға алсақ, 3,5-5 трлн теңге көлеміндегі салық база­сын қамтуға болады. Яғни, қоғам­нан қосымша салық жинамай-ақ, осы бағыттағы түсім есебінен бюд­жет тапшылығын жабуға мүм­кін­дік бар, – деді ол.

Спикердің сөзінше, Бірыңғай есеп­ке алу жүйесінің барлық дата-ор­талығы мен сервері Қазақстан ау­мағында орналасқан. Жүйені «Ұлттық ақпараттық технология­лар» АҚ бақылайды. Бағдарлама­лық қамтамасыз етуге қатысты құ­қықтар мемлекет меншігіне, яғ­ни Туризм және спорт министр­лі­гі­не қарасты «БЕЖ операторы» ЖШС-ға тиесілі. Одан бөлек, спи­кер­лер мемлекеттік сатып алуда ашық­тық пен бәсекелестікті қам­тамасыз ету үшін болашақта тен­дер­лік комиссия құрамына қоғам мен БАҚ өкілдерін енгізу қажет­тігін ұсынды.

Тәуелділік ешқашан жалғыз келмейді

Ал психолог-аддиктолог Жұл­дыз Баймұханова құмар ойындары мен букмекерлік бизнес бүтін бір от­басын ойран ететін, тіпті соңы ауыр трагедиямен аяқталатын мә­се­ле екенін атап өтті. Қазір Қа­зақ­станда ажырасудың негізгі се­бептерінің бірі де сол – құмар ойын­дарына тәуелділік. Бұл тұста пси­холог еліміздің ажырасу бойын­­­­ша былтырғы  статистикада әлемде екінші орында болғанын еске салды. Оның сөзінше, букмекерлік тәуелділік адамға сырттан емес, ең жақын ортадан келеді.

– Тәуелділікке ұрынғандар еш­қа­шан «мен өз бетімше үйрендім» де­мейді. Құмар ойынды балаға аға­сы, туысы немесе досы үйретуі мүм­кін. Бұл – іштен келетін қауіп­ті үрдіс. Тәуелділік ешқашан жал­ғыз келмейді. Ол өзімен бірге адам бойында зиянды әдеттерді қалып­тастырады. Кеше ғана қабылдауы­ма 14 жастағы қызды алып келді. Оның қарызы – үш миллион тең­ге. Жасөспірім сол қарызын өтеу үшін жезөкшелікке барған. Біз осы­ның барлығын көре тұра үнсіз қал­мауға тиіспіз. Лудоманияға қа­тысты нақты заңнамалық шаралар қабылдануы қажет, – деді маман.

Бір психолог мың оқушыға қызмет көрсетеді

Мәселенің тағы бір өзекті қыры – мектептер мен жо­ғары оқу орындарындағы пси­хо­логиялық жұмыстың әлсіздігі. Жұл­дыз Баймұханова білім орда­ларындағы психологиялық алдын алу жұмысы жүйелі жүргізілмей отыр­ғанын сынға алды. Онымен қоса, ол кейбір ата-аналардың  жауап­керішіліктен қашатынын алға тартты.

– Мектептерде бір психолог мың оқушыға қызмет көрсетеді. Психологтың мойнына жүктелген одан өзге де қаншама есеп-қисап бар. Мұндай жағдайда маман ба­лалармен жүйелі түрде жұмыс іс­тей алмайды. Тағы бір мәселе, ата-ана жауапкершілігі. Жақында жасөспірімдер төбелесіп қалды. Кімді кінәлады? Тағы да – мек­теп­ті. Ал мұғалімдер қағазбастылықтан бас көтере алмай отыр. Одан бө­лек, әр баланың тәрбиесін қадаға­лап, білім беруге тиіс. Ал ата-ана­лар ше? Олар «табысты болу» тре­нингтерінде жүр. Кейін тапқан миллиондарын баласын тәуелділік тұзағынан құтқару үшін оңалту орталығына апарып береді. Ең со­рақысы, көп жағдайда ата-ана­ның қаншама қаражаты босқа желге ұшады, – деді психолог-аддик­толог.

Спорт саласында букмекерлік жарнаманы шектеуді ұсынамыз

Жастардың құмар ойын­ның жетегіне еріп, қарыз батпағына белшесінен батуына әлеуметтік желідегі блогерлердің де ықпалы зор. Осыған дейін Қар­жы мониторингі агенттігі төра­ға­сының орынбасары Қайрат Би­жанов Үкімет отырысында онлайн ка­зиноларды жарнамалаған бло­герлерді қылмыстық жауап­кер­ші­лікке тарту туралы ұсыныс айтқан еді. Агенттіктің дерегінше, онлайн казиноларды жарнамалаған 37 бло­­гер анықталып, оның 18-і әкім­­шілік жауапкершілікке тар­тыл­ған. Қоғамда құмар ойынды жар­намалауға қатысты нақты жауапкершіліктің болмауы жағ­дай­­ды одан сайын ушықтырып, жаңа құрбандар санының артуына жағ­дай жасап отыр.

– Көптеген жасөспірім құмар ойын әлеміне блогерлер арқылы тап болады. Блогерлер өз өмірін «үл­де мен бүлдеге оранғандай» етіп көр­сетіп, «бәс тік, сонда сен де әде­мі өмір сүресің» деген жалған үміт ұялатады. Ал санасы әлі толық қа­лыптаспаған жасөспірім мұндай на­сихатқа тез иланғыш келеді. Бло­гер өз табысын қалтасына ба­са­­ды, ал баланың өмірі күйреп, тағ­дыры талқандалады. Көптеген суицид оқиғасының астарында дәл осы ащы шындық жатыр. Не үшін блогерлер онлайн кази­но­лар­ды жарнамалайды? Ішімдік пен есірт­кіні жарнамалауға тыйым са­лынған, бірақ құмар ойын да дәл сон­дай, тіпті одан асып түсетін қауіп­ті дерт, – деді Ж. Баймұханова.

Онлайн казиноларға қатысты жар­нама мәселесі турасында қоғам бел­сендісі де өз ұсынысын ашып айт­ты.

– Біз спорт саласында, әсіресе ба­лалар спортында букмекерлік жарнаманы шектеуді ұсынамыз. Оның ішіне демеушілік арқылы тара­латын жарнамалар да кіреді. Мәселен, адам футбол тама­ш­а­ла­ған уақытта экранда букмекерлік ком­панияның логотипін көреді. Уақыт өте келе ол жарнамаға қы­зы­ғушылық танытып, өзі де бәс тігу­ді ойлай бастайды, – деді Ж. Күрентаев.

Естеріңізде болса, осыған дейін Мәжіліс депутаты Ер­мұрат Бапи букмекерлік ком­па­ниялардың айналымынан қо­сым­ша 3% мақсатты аударым енгізу туралы ұсыныс айтқан еді. Бұл қа­­­ражат негізінен қоғамдық маңы­зы бар салаларға бағытталады. Оның ішінде «Қазақстан халқына» қорына (1%), SportQory қорына (1%), Ұлттық олимпиадалық ко­ми­тет қорына (1%) жұмсау көздел­ген. Депутаттың пікірінше, мұндай бас­тама мемлекеттің әлеуметтік жә­не спорттық жобаларын дамы­ту­ға серпін бермек.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 13:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары