Құны 100 млн доллар: Ақтөбе облысында жел электр станциясы салынады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбе облысында құны 100 млн АҚШ долларын құрайтын жаңа жел электр станциясы салынады, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Жоба Eni Plenitude компаниясының Ақтөбе облысындағы қызметінің жалғасы болмақ. Компания өңірде бұған дейін "Бадамша-1" және "Бадамша-2" жел энергетикасы жобаларын іске асырған. Әр станцияның белгіленген қуаты 48 МВт, жалпы қуаты — 96 МВт.
"Бадамша-1" 2020 жылы, ал "Бадамша-2" 2021 жылғы қыркүйекте коммерциялық пайдалануға берілді.
"Бадамша-3 белгіленген қуаты 100 МВт құрайтын жел электр станциясын салуды көздейді. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 100 млн АҚШ долларын құрайды. Құрылыс кезеңінде шамамен 30 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 150 тұрақты жұмыс орны құрылады", - дейді әкімдік.
Бүгінде жобаға қажетті ауданы 1 мың гектар жер учаскесі берілді. Қазіргі уақытта нысанда ішкі дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:42
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 19:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















