Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Құқықтық мәдениет қоғамды алға сүйрейді

Құқықтық мәдениет қоғамды алға сүйрейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүкілхалықтық референдумда қабыл­данған Ата заңымыздың 1-бабында: «Қазақ­стан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мем­лекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бос­тандықтары», – деп жазылған. Қағазға түскен жай жазу ғана емес, әр адамның өзіндік мінезі болатыны сияқты, демокра­тияға ұмтылған мемлекетті өзгелерден ерекшелендіріп тұратын белгісі. 1948 жылы БҰҮ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Жалпыға бірдей адам құқықтары декла­рациясындағы» заң алдындағы теңдік, ар-ождан, дін бостандығы, сөз еркіндігі бас құжатымыздың негізіне айналған. Адвокат қызметінің күшейіп, «Миранда құқығының» енгізілуі кінәсіздік презум­циясы барлығын нақтылай түседі. Ста­тистикаға сүйенсек, Қазақстан бюджетінің шамамен 37-38 пайызы әлеуметтік салаға бөлініп, 9,6-9,8 трлн теңгені құрайды екен. Бұл біздің әлеуметтік мемлекет екенімізді айғақтап, сөз бен істің арасында алшақтық жоғын аңғартады.

Елімізде демократиялық институттың үш тармағы, яғни заң шығарушы, атқарушы және сот билігі бар. «Күшті Президент  – ықпалды Парламент – есеп беруші Үкімет» концепциясы олардың тепе-теңдігін сақтап, басқару үлгісін жетілдірді. Соңғы саяси өзгерістер бір палаталы Парламент жүйесін енгізіп, унитарлы мемлекетке тән сапалы секіріс жасады. Кейінгі уақытта  Парламент Сенаты мақұлдаған Конституциялық заңдар пакеті, «Салық кодексіне», «Сайлау туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бізді әлемдік стандарттарға жақындатты. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға ауысып, аралас меншік фор­масын қабылдап, сырттан инвестиция тартып, реформаларды жеделдету үшін әлеуметтік-саяси салада тез шешімдер қа­былдау қажеттілігі туды. Осы тұста  Пар­ламент Сенатының рөлі күшті болғанын мойындауымыз керек. Қазіргі даму эволю­циясы бұл институт қызметінен бас тартып жатса, ұлттық заңнамамыздың негізгі базасы жасақталып үлгерді деген сөз.

Автократиялық режимде микрофон еркіндігі шектеліп, демократия акустикасы әлсірейді. Биліктің монологы ғана тыңдалып, диалогқа орын берілмейді. Осы сең бұзыл­ғаны көңілге демеу береді. Әділетті Қазақ­станның «Естуші Үкімет» идеясы елдік мегажобалардың, инновациялық баста­малардың, тұрмыстық мәселелердің қоғамдық талқылауға түсуіне жол ашты. Цифрланған eGov платформасында  50 мың дауыс жинаған кез келген петиция Үкімет отырысында қаралып, кәсіби мамандардың сүзгісінен өтеді. Мемлекет басшысы әрбір билік өкілі өзін халықтың қызметшісі сезініп, менеджерлік қабілетін танытуын баса ескертіп келеді. Пікірталас, ой алуандылығы бар жерде біржақтылық азайып, дұрыс шешім қабылданады. Бұған  Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың подкаст жобасы жарқын мысал. Ол: «Біздің міндетіміз – күрделі мәселелерді халыққа ұғынықты форматта жеткізу. Бұл арқылы әр азаматқа пайдалы ақпарат бере аламыз деп сенеміз»,  – деген болатын. Қозғалған жайтқа ішінен үңіліп, әр істің төркіні неде жатқанын айыра ала­тын сала мамандарынан көрерменнің алары көп. Жасыратыны жоқ, біз кейде журна­лист көтерген мәселемен емес, оның авторымен күресіп кетеміз. Ал қолында тізгіні бар топ арасындағы түрлі талқының түйіні тез шешіледі. Осы тәжірибені басқа әріптестері де қолға алса, ашықтық пен жариялық принциптері өміршең болар еді. 

Алдымызда билік иерархиясы да, халық таңдауы да сыналатын сайлау науқаны келе жатыр. Кез келген елде экономика нарығы жылдам қалыптасқанымен, сайлау нарығының орнығуы оңай болмайды. Демократия талаптарына төзімділік сана сілкінісіне, заң үстемдігін мойындауға тікелей байланысты. Құрылтайдың пар­тиялық тізіммен, яғни пропорционалды тәртіппен жасақталуы менталды ерекше­лігімізді ескергеннен барған қадам екені түсінікті. Рулық-жершілдік, кландық мүд­де­ні алға шығарып, заң шығару органына кездейсоқ адамдардың кіріп кетуі қауіпті. Бірақ дауыс көп жинаған партияның қата­рында аты-жөні көпшілікке танымал, қоғамдық өмірде белсенді азаматтардың болғаны маңызды. Заң мен экономикадан хабары мол, әлеуметтік ойдың бел ортасында жүрген кәсіби мамандардың шоғырын көргіміз келеді. Популистік мәлімдемелерге әуес, қой мен қоянның ізін айыра алмай­тындар абырой әпермейді. Жалақыны сіз бен біздің салығымыздан алатын депутат сапасын талап етуге құқылымыз.

1937-1938-жылдардағы сталиндік қуғын-сүргінге қатысты орыстың тарихшы ғалымы Юрий Жуков тосын түйін жасайды. «Неге қанды қасаптың едәуір үлкен бөлігі осы екі жылға келді?» деген сұраққа жауап іздейді де, оны 1936 жылы қабылданған конституциямен байланыстырады. Билікке керзі етіктің күшімен келгендер альтер­нативалы сайлау жүесінен қорқып, сауатты жаңа буын ішіндегі оппоненттерін «халық жауы» тізіміне қосуға асыққанын айтады. Сөзінің дәлелі ретінде архив құжаттарын ұсынады. Бүгінгі сайлауда да әділ бәсеке болмаса, қарсылас тараптар ақпараттық ресурстарда түрлі троллинг, манипуляцияға құрылған материалдар ұйымдастырып, бір-бірін кемсітіп, мұқатуы мүмкін. Сол үшін де құқықтық иммунитетіміз мықты болуы қажет.

Білім мен ғылым өркениет көшіне ілесудің басты локомативі саналады. Кез келген реформа – сырты бүтін, іші түтін жылтырақ дүние емес, мемлекеттік саясатты түбірімен өзгіртіп, жаңару мен жаңғыруға бастайтын қадам. Таяу жылдары бұл саланың заңдың іргетасы нығайып, қаржылық әлеуеті артты, мақсатты гранттар бөлініп, ғылыми ортаның ынтасы мен құлышынысы өсті. Ескі Қазақстанның «ережесіз күрестері» Қаныш Сәтбаев негізін қалаған қара шаңырақтың тоз-тозын шығарып, бұтарлап тастағаны өтірік емес. Дүниежүзін дүрмекке салған пандемия, ғаламдық жылымық, табиғи және техногенді апаттар ғалымдар қауымдастығының маңызын көрсетті. Тіпті, кез келген заң жобасы ғылыми ортаның сүзгісінен өтсе, лоббизмнің лабиринтіне түспей, қарапайым халық үшін жұмыс істейтіні белгілі. Бір қуанарлығы, біздегі Ғылым ордасының мемлекеттік мәртебесі қайтарылып, қазына қамқорлығына алынды. «Ғылым және технологиялық саясат», «Педагог мәртебесі туралы» заңдар қабылданып, оқытушы-профессорлық құрамның материалдық жағдайы дұрысталды. Мысалы, академик атағын алғандарға өмір бойы мемлекеттік стипендия тағайындалуының өзі сүйінші­лейтін жаңалық емес пе?! Мектеп мұғалімдері де жаяудың қасындағы атты кісідей еңсесін тіктеп алғаны көңілімізді марқайтады.

Иә, болашақ кілті білімде. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек» жинақтаушы жүйелері құрылып, «Жайлы мектеп» бағдарламасы қарқынды іске асуда. Үш ауысымды білім ошақтарынан біртіндеп құтылып, заманауи үлгіде жабдықталған жаңа ғимараттар кілті жиі табысталуда. Астана мен Алматы секілді қалаларда «24 те 7» үлгісіндегі кітапханалар жұмыс істеп, оқырмандар сұранысын өтеуде. Бұл – Америка мен Еуропада бұ­рын­нан бар тәжірибе, соны өзімізге сі­ңіріп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру әреке­тіндеміз. Жақында ғана «Кітап оқу мәдение­тін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулыға қол қойылып, алдағы мақсатымызға жақындай түстік. Осы орайда классик жазушымыз Әбіш Кекілбайдың: «Кітап адамды, кі­тап­хана адамзатты тәрбиелейді», – деген тәмсілі еске түседі. Қазақстанның әлемдік жағымды имиджі мәдениеттердің жақын­дасуымен іске асып, сол арқылы бейбіт­шіліксүйгіш бейнеміз айқындалады.

 Жаңа медиа дәуірі азаматтық журналис­тика, блогсфера қызметін жаңа сатыға көтерді. Гаджеттер газеттер аудито­риясынан үлкейіп, автоматтар мен ақпарат­тар соғысы қатар жүріп жатыр. Ешқандай медиаин­дустрияда тәжірибесі, кәсіби дайындығы болмаса да, кез келген адам тікелей эфирге шығып, трансляция жасап, өз ойын бөліседі. Осыдан туатын қауіптің бетін қайтару мақ­сатында «Масс-медиа туралы» заңды жаңа редакцияда қабылдап, жаңа Конс­титуцияның 23-бабының 6-тар­ма­ғында: «Қазақстан Республикасының конститу­циялық құрылыс негіздерін күш­теп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Еге­мендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіп­сіздікке нұқсан кел­тіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алау­ыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылық­қа бас ұруды насихаттауға, сондай-ақ осын­дай әрекеттерге шақыруға жол беріл­мейді», – деп жазылған. Бұл бапта цензураға тыйым салынатыны айтылған, бірақ қисық ауыз, желөкпе сөздерге жол берілмейтіні де ес­кер­­тілген. Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіптің: «Ас-ауқаттан улансақ, дәрігерге барамыз, ал ақпараттан улансақ, қайда барамыз?» – деген ритори­калық сауалы бәрімізді ойландыруға тиіс.

Қазақстан әлемде сауаттылық деңгейі өте жоғары елдердің қатарына жатады. Қоғамның барлық қабатының хат тануы, оқи алуы 99, 8 пайызды құраса, ол – орта және тегін білімге кепілдік берудің нәтижесі. Бірақ осы артықшылықты жете түсінбей, оны судың ағуы, желдің тұруы, оттың жануы сияқты табиғи құбылыс ретінде қабыл­дайтындар бар. Мұхиттың арғы жағындағы Сэм ағайдың елінде функ­цио­налды сауат­сыздар шамамен 20-21 пайызды құрайды екен. Өкінішке қарай, бізде мектеп оқушы­лары мен ЖОО студенттерінің көбі 14 ақпандағы «Әулие Валентин күнін» бар салтанатымен атап өтіп, оқу-білімге қолже­тімділік берген Конституция мәнін жете түсіне бермейді. Әрине, ресми шаралар ұйымдастырылып, құттықтаулар жолдан­ғаны­мен, жүрекпен қабылдап, шын тебір­енген сәттерді аз байқаймыз. Осы ретте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова­ның мектеп бағдарламасына «Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп» пәндерін енгізу бастамасын құптаймыз. Егер бастауыш сынып оқушыларының сөмкесінде «Отан­тану» оқулығы жүрсе, патриоттық тәрбие күшейіп, жас жеткіншектер ұлы даламыздың бағасын біліп, бір жұтым ауасының қадірін сезер еді. Ренессанстық дәуірдің басында тұрған Алаш көсемдері төл мәдениеті мен дәстүріне сүйенген жапондық үлгіге бекер басымдық бермеген. Біз де тарихи жадымыз­ды тірілтіп, жас ұрпақ санасын оятып, сакралды ерекшеліктерімізді ұлықтауымыз керек.

Саясаттанушылар отарлық езгіде болған елге толық тәуелсіздік екі ұрпақ  ауысқасын келеді деп болжайды. Қазіргі сын-қатерлер мен тәуекелдер, әлемдегі турбуленттілік, орналасқан геосаяси жағдайымыз «орта держава» ретіндегі позициямызды күшейтуге итермелейді. Конституциямызды жаңа редакцияда қайта қарап, ұлттық заңна­маларымызды оған сәйкестендіру – райы мен реңі өзгерген заманға бейімделу амалы. 

Бекжан ӘШІРБАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 19:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары