Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Алға тұрғындары жаңа мектеп, балабақша және мәдениет үйін талап етті

Алға тұрғындары жаңа мектеп, балабақша және мәдениет үйін талап етті

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Махамбет ауданындағы Алға ауылының тұрғындары әлеуметтік нысандардың жағдайына шағымданды.

Олардың айтуынша, ауылдағы балабақша ескіріп тозған, мәдениет үйі апатты деп танылған, ал бастауыш сынып ғимараты жабылғаннан кейін мектеп шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп отыр.

Алға ауылында шамамен 2 400 адам тұрады. Ол аудан орталығынан 32 шақырым қашықтықта орналасқан. Соңғы жылдары ауылда бірде-бір жаңа әлеуметтік нысан салынбаған. Тек 2025 жылы жаңа әкімдік ғимараты пайдалануға берілген. Ал мектеп, балабақша және мәдениет үйі ондаған жыл бұрын салынған ескі ғимараттарда қызметін жалғастыруда.

Жобалар бар, құрылыс жоқ

«АЖ» тілшісімен кездесуге отыз шақты жергілікті тұрғын келді. Олар осыған дейін түрлі жиындарда бұрын да осы проблемалар көтерңілгенімен орындалмағанын айтады. 

Ауыл белсендісі Ғабиден Смағұлдың айтуынша, мектеп, балабақша, мәдениет үйлерін жаңарту, замануи үлгідегі типтік дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу  қажет. 

- Қазіргі ұсынып отырғаны модулды спорт кешенін салмақшы, оған біз қарсымыз, себебі ол тар. Аудан, облыстың намысын қорғап жүрген кіші аяқ доп, валейболдан құрылған командалардың еркін дайындалуына мүмкіндік бермейді. Егер модулды спорт кешені салынады да, сосын бізге қосымша кешен салынбайды. Сол себептен қарсымыз. Бүгінде спортшыларымыз 45 шақырым жердегі Атырауға қатынап дайындалады, - дейді ол. 

Тұрғындардың айтуынша, шамамен 150 бала балабақшаға бара алмай отыр. Ата-аналар оларды 20 шақырым қашықтықтағы Бесікты ауылына апаруға мәжбүр. Бастауыш мектеп ғимараты апатты деп танылғаннан кейін барлық оқушылар бір мектеп ғимаратына көшірілген. Мәдениет үйі де жартылай жабық, ал үйірмелер іс жүзінде жұмыс істемейді.

Алға ауылы тұрғындары Жайық өзеніндегі жағалауды бекіту жұмыстарын да атап өтті.

- Қазір Жайық жағасының жарлары құлап жатыр, үйлерге 100 метрдей қалған болар. Халық атынан сұрайтынмыз осы жұмысты тезірек аяқтаса,-дейді тұрғын Оңалбай Балқасынов.

Әрі кеткен мектеп

2025 жылдың 8 қыркүйегінде бастауыш мектеп ғимаратының төбесі құлап, апатты жағдайда деп танылды. Осыдан кейін дайындық және бастауыш сынып оқушылары негізгі мектеп ғимаратына көшірілді.

Мектеп директоры Нұргүл Жұмағалиева ахуалға түсінік берді:

- 320 орындық мектеп 1976 жылы салынған. Бүгінде бұл мектепте 560 оқушы екі аусыммен оқуда. Бастауыш сыныптарға арналған мектеп болған еді, онда оқушылар өткен жылға дейін оқып келді. 2025 жылдың 8 қыркүйегінде мектеп апатты деп танылып, мектеп алды даярлық, бастауыш сынып оқушылары осы оқу жылында бір мектепке көшірілді. Кабинет жетіспеушілігі жоқ дей алмаймыыз, топқа бөлінгенде болмаса оқушыларға барлық жағдай жасалған, ешқандай шағымымыз жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, спорт залы барлық оқушыға жеткіліксіз, ал акт залы сабақ өткізу үшін пайдаланылып отыр. Журналист мектептің ішкі бөлмелерін көруге тырысқанымен, мектеп басшылығы түсірілім жасауға рұқсат бермеді.

Тозығы жеткен балабақша

90 орындық «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасының да өз проблемасы жетеді. 1983 салынғанымен апатты күйге жетіп тұр. 2012 жылы 11 млн теңге қаржы бөлініп, ғимараттың сыртына қаптау жүрген. Одан кейін күрделі жөндеуге қаржы бөлінбегендіктен инфрақұрылымдар ескіріп тозған.  

- Ресми апатты деп танылмағанымен балабақшаның қазіргі жай-күйі қиын жағдайда. Кезінде ғимараттың жері дұрыс таңдалынбаған, көлдің орны болған дейді. Іргетасы сөгіле бастағандықтан едені де төмен түсіп кетіп тұр, төселген линолеум ығысып кеткен. Қабырғалар тегіс болмағандықтан ештеңе де іле алмаймыз. Екі топқа өз күштерімізбен, яғни жұмысшылармен цемент құйдық, сонымен тұр. Он жылдан бері жаңа балабақша салынады дейді, әлі жоқ,-дейді балабақша меңгерушісі Әлия Нұрғалиева.

Мәдениет үйі апатты деп танылды

Мәдениет үйі 1957 жылы салынған. Күрделі жөндеу жүргенімен саман тастан салынған бөлігі адам шошырлық күйге жетіпті. Мәдениет үйінің қабырғасы мен төбесі ырсиып, тіреумен тірелген, әбден тозығы жеткендіктен сыртқы бөлігі құлап жатыр. Ғимараттың бір бөлігі қауіпті болғандықтан жауып тастауға тура келген. Ақтөбе қаласының сарапшылары 2025 жылдың қаңтарында мәдениет үйін апатты деп таныған екен. 

- Өткен жылы жаңа мәдениет үйін салу үшін сметалық құжаты жасалды, енді қаржысын қараймыз деп жатқанда үш жылға мәдениет үйінің құрылысын жүргізбеуге мароторий жаряланып кетті. Енді қалай шешілетінін білмеймін, үш жылда ғимарат түгел құлайды,-дейді мәдениет үйінің басшысы Ілес Боранбаев.

Кітапхана да бұрынғы совхоздың ескі ғимаратының бөлмесіне орналасқан, қазіргі таңда ауылдағы мәдени іс-шаралар сол жерде ұйымдастырылып жүр. 

«Жоба дайын, бірақ қаржы жоқ»

Алға округінің әкімі Расул Төлегенұлы балабақшаның апатты күйге жетіп тұрғанын жасырмады, мәдениет үйінің құрылысы сараптамадан өткенімен мароторийге байланысты тұрып қалғанын, апатты ғимаратқа орналасқан мәдениет қызметкерлерін басқа орынға уақытша көшіруге орын таба алмай отырғанын жасырмады.

- Мен 2020 жылдан бері әкіммін. Менен бұрын болған әкімдер ешқандай ұсыныс бермеген. Мен әкім болғалы осы жұмыстарды қолға алғаныммен жобалық смета, сараптама, қаржы бөлу бәрі уақыт алып тұр, — деді ол.

Алға ауылының тұрғындары әлеуметтік құрылыс салуға осы жылдың 19 қаңтарында аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың атына хат жолдаған болатын. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймұратов ауылдан 280 орындық балабақша салу үшін мемлекеттің оң сараптама алғанын, ал мәдениет үйін салуға мемлекеттік оң сараптама алынғанымен ҚР Үкіметінің қаулысымен мароторий жариялануына байланысты құрылыс жұмысына қаржы бөлінбегенін, тез тұрғызылатын спорт кешенін сатып алуға жұмыстанып жатқанын айтып жауап берген. 

Ауылда жаңа әлеуметтік нысандар пайда бола ма және бұл нақты қашан жүзеге асады — әзірге жауапсыз қалып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттер мен видео автордікі

Кеше, 23:48

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 00:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see153

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see151

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see144

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see130

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see127

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see125

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see123

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see121

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see120

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see120

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see120

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see120

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see119

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see118

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see117

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see117

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see117

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see116

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары