Құрылтай сайлауы: Партиялар үгіт насихат кезеңіне кірісті
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«Әділет» партиясы республикалық штабын ашып, 20 өңірлік, 226 аумақтық штаб пен 30 мыңға жуық сенімді өкілдің жұмысқа кіріскенін мәлімдеді. Партиялық тізімге заң, ғылым, цифрлық технология, өнеркәсіп, азаматтық қоғам және әлеуметтік сала өкілдерінен құралған 186 кандидат енгізілді.
Сауалнама қай партиялардың бір электоратқа таласатынын көрсетті
Respublica партиясы сайлауалды штабын іске қосып, өңірлік құрылымдардың жұмысын бастады. Партия Құрылтай сайлауына 75 кандидат ұсынды. Олардың басым бөлігі – кәсіпкерлер. Кандидаттар алдағы уақытта өңірлерді аралап, сайлаушылармен кездесулер өткізеді.
«Ауыл» партиясы республикалық штабын ашып, өңірлердегі филиалдарының жұмысын жандандырды. Арнайы ұйымдастырылған алаңдарда тұрғындар партия бағдарламасымен танысып, өз ұсыныстарын білдіре алады. Партия 69 кандидатты ұсынып, ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруды негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіледі.
Құрылтай сайлауына қатысатын партиялар арасында теледебат өтеді
«Байтақ» партиясы республикалық және өңірлік штабтар арасындағы үйлестіру жұмыстарын бастап, сайлауалды іс-шаралар жоспарын бекітті. Партиялық тізімде 47 кандидат бар, олардың 38,3%-ын әйелдер, жастар және мүгедектігі бар азаматтар санаты құрайды.
«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды науқанын жастар форумымен бастады. Кездесу барысында партия бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, жастарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік тұрғын үй және экономикалық бастамаларға басымдық берілетіні айтылды.
Алдағы кезеңде партия өкілдері өңірлерде сайлаушылармен кездесулер өткізіп, өз бағдарламалары мен бастамаларын таныстыратын болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:77
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 00:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















