Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қыр соңыңнан қалмайтын жарнаманы қалай тоқтату керек

Қыр соңыңнан қалмайтын жарнаманы қалай тоқтату керек

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мамандар мұны «ілеспе жарнама» немесе «ретаргетинг» деп атайды. Бұл – бұрын белгілі бір тауарға қызығушылық танытқан адамдарға жарнаманы қайталап жолдай беретін технология. Мысалы, адам бір сайтқа диван қарап, сатып алмады дейік. Жүйе осы әрекетті тіркейді. Біраз уақыт өткенде әлгі адам интернетке кірген бойда өзі қараған диванға ұқсас жарнамасы қаптап кетеді. Ұшақ билетін іздесеңіз де, тауар таңдасаңыз да осылай.

Бизнестің бұл мәселедегі қисыны қарапайым. Адам тауарға қызығушылық танытқан екен, демек сатып алу ықтималдығы жоғары. Сондықтан жарнама жүйелері сол тауарды үнемі еске салып, пайдаланушыны сауда жасауға итермелейді.

Сайттар пайдаланушыны қалай «есте сақтайды»

Қыр соңыңнаан қалмайтын жарнамаға түрлі технологиялар қолданылады. Ең танымалы – cookies, яғни, браузерде сақталатын шағын файлдар. Олар сіз қандай беттерді ашқаныңызды тіркеп отырады. Бұдан күрделірек құралдар да бар. Мысалы, «пиксель» деп аталатын жасырын бағдарламалық элементтер пайдаланушының сайттағы әрекеттері туралы мәліметті жарнама жүйелеріне жолдап отырады.

Бұдан бөлек жарнама идентификаторлары қолданылады. Бұл телефон немесе компьютерге берілетін ерекше цифрлық белгі іспеттес. Ол пайдаланушыны әртүрлі қосымшаларда тануға мүмкіндік береді. Егер адам Google сияқты сервистерде немесе басқа платформаларда аккаунтқа кірген болса, оның әрекеттері әртүрлі сайттар арасында да өзара байланыстырылуы мүмкін.

Бұл жерде маңызды бір жайт бар: жүйе нақты адамның өзін «көрмейді». Яғни оған пайдаланушының аты-жөні емес, интернеттегі әрекеттері маңызды. Не іздегені, тауарды қарауға ақнша уақыт арнағаы, бір жаиранамаға неше рет қайталап кіргені есептеледі. Жарнама осы мәліметтер негізінде «тықпаланады».

Кейде жарнаманың қарқынына жекелеген адамның әрекеті ғана емес, жалпы үрдістер де әсер етеді. Белгілі бір кезеңдерде маусымдық жарнаманың көбейгенін байқауға болады. Мысалы, 8 наурыз қарсаңында әшекей бұйымдар, иіссулар мен сыйлықтарға қатысты ұсыныстар жиілейді. Ал Жаңа жыл алдында акциялар, жеңілдіктер және мерекелік тауарлар көбейеді. Мұндай жағдайда алгоритмдер жеке қызығушылықпен қатар жалпы сұранысты да ескеріп, көпшілікке өзекті тауарларды жиірек көрсетеді.

Жарнама неге көпке дейін жоғалмайды

Себебі алгоритмдер кейінге қалдырылған шешімге есептелген. Алам әсіресе қымбат тауарларды бір көргеннен сатып ала салмайды. Түрлі нұсқаны салыстырып, ойланады. Алғашқы нұсқадан артығын таппаса, қайта оралады. Сондықтан жарнама жүйелері бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін мазалайды. Адам агрессивті жарнамаға еліткенін байқаса, мазалау тіпті ұзаққа созылуы мүмкін. Мұның бәрін автоматтандырылған таргет «адам өзіне қажетті тауарды әлі іздеп жүр» деп түсінеді.

Кейде адам іздеген тауарын сатып алып қойса да, жарнама шыға беруі мүмкін. Мысалы, кір жуатын машина сатып алғаннан кейін де сол модельдің жарнамасы тағы біраз уақыт көрсетілуі мүмкін. Бұл жүйе сатып алудың аяқталғанын бірден «түсінбеуімен» немесе деректердің кеш жаңаруымен байланысты. Оның үстіне адам тауарды интернеттен қарап, бірақ дүкеннен барып офлайн сатып алуы мүмкін. Автоматтыол әрекетіңізден бейхабар болғандықтн, жарнама жолдауын тоқтатпайды.

Заң мұндайға неге жол береді?

Жарнама маза бермей кетсе, деректеріңіз біреудің қолына түсті деп алаңдау артық. Өйткені «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға сәйкес, деректерді жинау мен өңдеу тек пайдаланушының келісімімен жүзеге асады. Сол себепті сайттарға кіргенде cookies туралы хабарлама шығады. «Қабылдау» батырмасын басу арқылы пайдаланушы өзінің әрекеттері туралы мәліметті өңдеуге келісім береді.

Бұдан бөлек, «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң бар. Ол жарнама механизмдерінің ашық болуын талап етеді және мақсатты жарнама көрсетілген кезде пайдаланушының жеке деректерін жариялауға тыйым салады.

Қорыта айтсақ, жаарнаманың агрессивтілігі пайдаланушының өзіне де байланысты. Интернеттен тауар іздеушілердің басым бөлігі шарттарды оқымай-ақ келісіп, өз әрекеттері туралы деректерді жинауға рұқсат береді.

Негізі мұндай жарнаманың қарқынын бәсеңдетуге болады. Ол үшін cookies-ті тазалап, телефон немесе браузер баптауларынан жеке өзіңізге бағытталған жарнаманы өшіру керек. Интернеттен тауар іздеген кезде «инкогнито» режимін пайдалану да жақсы көмектеседі. Бұл шаралар жарнаманы толық жоймаса да, оның қарқынын әлсіретеді.

Бұғн дейін Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтардың жаңа әдісін әшкерелегенін жазған едік. 

Интернет-алаяқтар мессенджерлер мен SMS арқылы «өткізіп алған жеткізілім» туралы жалған хабарламаларды жаппай тарата бастаған. Хабарламада курьердің сәлемдемені жеткізе алмағаны және жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін сілтеме арқылы өту қажет екені көрсетіледі.

– Алайда көрсетілген сілтеме пайдаланушыны логистикалық компаниялардың ресми сайттарына ұқсатып жасалған жалған интернет-ресурстарға бағыттайды. Мұндай сайттарда азаматтардан жеке мәліметтерін (аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы), сондай-ақ жеткізілімді қайта рәсімдеу үшін аз көлемде төлем жасау талап етіледі. Аталған мәліметтерді енгізіп, төлем жасағаннан кейін қаскөйлер азаматтардың құпия және банк деректеріне қол жеткізеді. Бұл қаржылық шығындарға ғана емес, дербес деректердің кейіннен заңсыз мақсатта пайдаланылуына әкелуі мүмкін, - дейді тәртіп сақшылары.

ІІМ азаматтарға мынандай қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынып отыр:

– егер сіз ешқандай жеткізіп беруді күтпесеңіз, күмәнді хабарламадағы сілтемелерге өтпеңіз;

– сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз (Алаяқтардың ресурстары көбіне бір-екі таңбалы атауды таңдайды)і;

– күмәнді сайттарға жеке және банк деректерін енгізбеңіз;

– жеткізіп беру мәртебесін тек ресми сайттар мен қосымшалар арқылы тексеріңіз;

– күмәнді хабарламаларды елемей, бұғаттаңыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Наурыз 2026 18:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары