Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

“Қыргүйек“ пен “көгөніс“ қайдан шықты? Тіл мамандары күтпеген себепті атады

“Қыргүйек“ пен “көгөніс“ қайдан шықты? Тіл мамандары күтпеген себепті атады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанда қыркүйек айының атауын қалай жазу керектігіне қатысты әлі де ортақ мәміле жоқ: шенеуніктер бір нұсқаны айтса, сөздіктер басқасын ұсынады, ал оқушылардың бағасы төмендетіліп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі тіл мамандарынан даулы норманың қайдан шыққанын және алдағы уақытта не болатынын білді.

Дау қалай басталды?

Қыркүйек айының басында біз мектептерде балалардың үйреншікті "қыркүйек" сөзін "қыргүйек" деп түзетіп жатқаны туралы жазған болатынбыз. Сол кезде Ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2013 жылғы сөздікке сәйкес "қыргүйек" деп жазу дұрыс екенін айтып, кесіп жауап берді.

Threads желісіндегі жазбаның скриншоты

Кейінірек Ғылым министрлігі орфографиялық ережелер ресми түрде өзгермегенін және "қыркүйекті" "қыргүйекпен" алмастыру туралы бөлек шешім қабылданбағанын нақтылады. Ал Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өз кезегінде "қыркүйек" деп жазатынын айтып, түпкілікті шешімді тіл мамандарының еншісіне қалдыруды ұсынды.

2013 жылғы сөздікті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты дайындаған болатын. Біз "қыргүйек" нұсқасының қайдан шыққанын және оның неліктен сөздікке енгенін білу үшін аталған институтқа хабарластық.

Телеарналар мен әншілердің кесірінен бе: "қыркүйек" неге өзгерді?

Институтта "қыргүйек" нұсқасының пайда болуының күтпеген себебін атады.

2001 жылға дейін орфографиялық сөздіктерде үйреншікті "қыркүйек" жазылып келді. Дәл осылай "шекара" және "көкөніс" сөздерінің жазылуы да сақталған еді.

Бірақ академик Рәбиға Сыздық тележүргізушілер мен әншілердің сөйлеу мәнеріне назар аударады. Оның байқауынша, олар сөздерді орфоэпиялық ережелерге бағынбай, жазылуы бойынша айта бастаған.

"Академик былай деп түсіндірді: радио мен телевидениеде тележүргізушілер мен әншілер орфоэпиялық заңдылықтарды сақтамай, сөз ішіндегі үндестік пен дыбыстардың қисынын бұзуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты академик орфоэпиялық заңдылықтарды дәріптеу мақсатында мұндай формаларды сөздікке енгізу тәжірибесін ұсынды", – деп хабарлады институттағылар.

Осылайша, 2001 жылғы "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне" алғаш рет "қыргүйек", "шегара" және "көгөніс" сөздері енді.

25 жыл ішінде жазылуы қалай өзгерді?

Институттың жауабына сүйенсек, соңғы онжылдықтарда ай атауының жазылуы бірнеше рет өзгерген. Оның үстіне, әр жылдары сөздіктерде бірде "қыркүйек", бірде "қыргүйек" нұсқалары ұсынылып отырған.

Хронология келесідей:

1988 жыл – "қыр - күйек"; 2001 жыл – "қыргүйек"; 2006 жыл – сөз сөздікте жоқ; 2007 жыл – қайтадан "қыр - күйек"; 2013 жыл – қайтадан "қыргүйек".

Айта кетерлігі, 2007 жылы "қыр - күйек" нұсқасы бұрын сөзді "Г" арқылы жазуды ұсынған Рәбиға Сыздықтың бастамасымен қайтарылған. Оның неліктен бұрынғы нұсқаға оралуға шешім қабылдағанын институтта нақтыламады.

Ал мектептегі жұмыстар не болмақ?

2005 жылғы сөздіктің алғысөзінде Рәбиға Сыздық өтпелі кезеңде (4-5 жыл) ескі және жаңа жазылу нұсқаларын қате деп есептемеу керектігін жазған болатын. Бұл әсіресе оқушыларға қатысты еді.

"Жақын арадағы 4-5 жыл ішінде осы қатардағы бірнеше сөздің бұрынғы нұсқасын да, кейінгі нұсқасын да қолдануды қате деп санамау керек. Әсіресе оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде бұл ескерту өз күшін сақтайды. Сондықтан қос нұсқа да қатар қолданылатын нұсқалар ретінде қарастырылуы мүмкін, ал уақыт өте келе қарым-қатынас барысында бір нұсқа іріктеліп, бекігеннен кейін, оны норма ретінде қабылдап, ережеге енгізуге болады", – деп институт оның ұстанымын алға тартты.

Сонымен қатар қазір институт "қыргүйек" деп көрсетілген 2013 жылғы сөздікті негізге алуды ұсынады.

"Жазу кезінде 2013 жылғы орфографиялық сөздік нормасын басшылыққа алу керек. (...) Қазақ тіліндегі бірқатар сөздің жазылуында бірізділіктің болмауы тіл тұтынушыларының сауаттылығына кері әсерін тигізеді. (...) Жазбаша коммуникацияда олар бірыңғай орфографиялық норма негізінде берілуі тиіс", – деп хабарлады институттағылар.

"Қыркүйек" нұсқасы қайтарылуы мүмкін бе?

Иә, институт мұндай мүмкіндікті жоққа шығармайды. Қазақстандық тіл мамандары арасында бұл мәселе бойынша келіспеушіліктер бар. "Қыркүйек" нұсқасын қолдаушылардың басты уәждерінің бірі – сөз түбірінің, яғни "к" әрпінің сақталуы.

Сонымен қатар институттың бақылауы бойынша, күнделікті сөйлеу тілінде де, жазуда да адамдар көбіне "қыркүйек" нұсқасын таңдайды.

"Бір сөздің орфограммасының салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде бірнеше рет өзгеруі бұл норманы қайта зерттеу қажеттігін көрсетеді", – дейді тіл мамандары.

Институттағылар 2013 жылғы сөздіктің мемлекеттік деңгейде жеке нормативтік құқықтық акт ретінде бекітілмегенін айтты. Сондықтан мамандар сөздің жазылуын қайта қарап, норманы өзгертуді ұсына алады.

Қазақстанда жаңа орфографиялық сөздік дайындалып жатыр

Дау-дамайдың аясында Қазақстанда жаңа орфографиялық сөздік дайындау туралы шешім қабылданды.

Институттың хабарлауынша, бұған вице-президент Ерлан Қариннің мемлекеттік орган өкілдерімен және тіл мамандарымен ұйымдастырған талқылауы негіз болған.

Сөздікті дайындау үшін ғалымдардан құралған жұмыс тобы құрылады. Содан кейін жобаны ведомствоаралық комиссия қарастырады.

"Жаңа Орфографиялық сөздікті дайындау кезінде, бір жағынан, ғылыми негізділік пен тілдік деректерге сүйену, екінші жағынан, мәселені шешуде асығыстыққа жол бермеу маңызды", – деп атап өтті институттағылар.

Тіл мамандары жаңа сөздікте кейбір даулы сөздердің екі нұсқасы да қатар көрсетілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды: "қыркүйек/қыргүйек", "шекара/шегара" және "көкөніс/көгөніс".

Бұл ретте институт жаңа сөздіктің нақты қашан шығатынын атап көрсетпеді.

Тарихи анықтама: "қыргүйек" сөзі қайдан шықты?

Институт мамандары бұл сөздің шығу төркініне қатысты тілші ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ екенін түсіндірді.

1916 жылы зерттеуші В. А. Куфтин өзінің "Қырғыз-қазақ халқының күнтізбесі және алғашқы астрономиясы" атты еңбегінде "қыркүйекті" қыркүйек айына сәйкес келетін күзгі жүн қырқу науқанына байланысты "қырық күйек" тіркесімен ұштастырған.

Тағы бір түсіндірме де бар. Профессор Нұргелді Уәлидің пікірінше, бұл атау "қыр күйегі" тіркесінен шығып, даланың маусымдық өзгерістері мен жабайы жануарлардың күйек алу кезеңіне сілтеме жасауы мүмкін.

"Ақбөкен, қарақұйрық, тау ешкісі сияқты жабайы жануарлардың күйек кезеңі алдындағы табиғи маусымдық өзгерістер де ай атауының қалыптасуына негіз болуы мүмкін деп болжауға болады", – деп атап өтті институттағылар.

Профессор Н. Бөкетова тағы бір нұсқаны алға тартады. Оның пайымдауынша, сөздің бірінші бөлігі "жүн қырқу" дегенді білдіруі мүмкін, ал "күйек" сөзі кезінде белгілі бір жыл мезгілінің атауы ретінде қолданылған.

Дегенмен, тіл мамандары қазіргі "қыргүйек" сөзінің нақты қай сөздерден құралғанын әзірге кесіп айта алмайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қыркүйек 2026 11:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары