Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

Halyk пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі не туралы келісті?

Шуда “Сергектер“ пайда болды қандай көшелер бақылауда

Атыраудағы Полиэтилен зауытының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді

Елімізде 6 9 жас аралығындағы балалардың 23 пайызында артық салмақ бар

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

Жалақысы 1 250 000 теңгеге дейін жететін бос жұмыс орындары бар

Жолаушылар ұшағының бортында күтпеген себептен өрт шықты

Жолаушылар ұшағының бортында күтпеген себептен өрт шықты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

China Eastern Airlines ұшағының бортында өрт шықты, оған алдын ала мәлімет бойынша, тұтанып кеткен пауэрбанк себеп болған. Оқиға лайнер қонғаннан кейін терминалға қарай бет алған тұста болды. Жолаушылар арасында дүрбелең туындағанына қарамастан, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Tengri Travel The Sun басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ қонғаннан кейін жүк сөресінен өрт шықты

Өрт Ланьчжоудан Гуйянға бағыт алған China Eastern Airlines әуекомпаниясының MU2421 рейсінде болды. Airbus A320 әуежайға аман-есен қонып, оқиға кезінде терминалға баратын жолда тұрған.

Мәліметтерге сүйенсек, өрт жолаушылардың бірінің қол жүгіндегі пауэрбанк салынған жоғарғы жүк сөресінен басталған. Құрылғының өздігінен тұтанып кеткені айтылды.

Жарияланған кадрлардан қызметкердің жүк сөресін ашқан сәтінде ішінен жалын шыққанын көруге болады. Жолаушылар өрт ошағынан тезірек алыстауға тырысса, ата-аналардың бірі кішкентай баланы бірден қауіпсіз жерге алып кеткен.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

AsiaOne (@asiaonecom) жарияланымы

Экипаж өрттің жайылуына жол бермеу үшін оны сөндіруге кірісіп, сонымен бірге жанып жатқан сөредегі заттарды сыртқа шығарған. Көп ұзамай ұшаққа әуежайдың өрт сөндіру қызметі жетіп, содан кейін ғана жолаушылар әуе кемесінен қауіпсіз шыға алды.

Aviation Safety Network ақпараты бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелерінен ешкім зардап шекпеген. Ұшақтың өзіне түтіннен ғана шамалы зақым келген.

Жолаушылардың бірі Jimu News басылымына берген сұхбатында алдымен салонның алдыңғы жағындағы адамдар өрт деп айқайлап, ұшақтың құйрық жағына қарай қаша бастағанын айтты.

"Мен ұшақтың сырты өртеніп жатыр деп ойладым, бірақ басымды көтергенде жоғарғы жүк сөресінен жалын шығып жатқанын көрдім", - деді ол.

Тағы бір жолаушы бортсеріктердің жағдайды тез бақылауға алғанын атап өтті.

"Экипаж бізден сабыр сақтауды өтініп, өртті тез әрі байыппен сөндірді. Бақытымызға орай, ұшақ қонып қойған еді - бұл шынымен де өте қорқынышты болды", - деді куәгер.

Пауэрбанктер неге ұшақта қауіпті болуы мүмкін?

Мамандар кез келген пауэрбанктің ішінде литий-ионды аккумуляторлар болатынын айтады. Техника ғылымдарының докторы Андрей Затонскийдің сөзінше, мұндай батареялар соққыға, қызып кетуге және ішкі зақымдануларға сезімтал келеді.

Бұл ретте құрылғы сырттай бүтін көрінгенімен, оның ішінде құлағаннан немесе қатты қызудан пайда болған жасырын ақаулар болуы мүмкін.

Пермь политехникалық университетінің сарапшылары ұшу кезінде электроника қысымның өзгеруіне, дірілге және температураның құбылуына байланысты қосымша жүктеме алатынын түсіндіреді. Егер аккумулятор зақымдалған болса, бұл факторлар "жылулық ұшып кету" (thermal runaway) деп аталатын процесті тудыруы мүмкін - бұл кезде батарея күрт қыза бастайды.

Осыдан кейін ішінде газ бөлініп, температура тез көтеріледі де, құрылғыда өрт шығып, тіпті жарылып кетуі мүмкін.

Сонымен қатар мамандар ұшу кезінде пауэрбанкті пайдалану аккумуляторға түсетін жүктемені арттыратынын ескертеді. Қуаттау кезінде батарея қосымша қызады, ал егер құрылғы салқындату мүмкіндігі жоқ сөмкеде, рюкзакта немесе орындық қалтасында болса, қызып кету қаупі артады.

Сарапшылардың айтуынша, смартфондармен салыстырғанда көптеген пауэрбанк, әсіресе бюджеттік модельдер, қорғаныс жүйесінің қарапайымдылығына байланысты зақымданулар мен артық жүктемелерге төзімсіздеу болады.

Мамандар сапар алдында құрылғының күйін тексеруді, зақымдалған немесе қызып кететін пауэрбанктерді қолданбауды және мүмкіндігінше ұшақта қажетсіз пайдаланбауды ұсынады.

Дүниежүзіндегі әуекомпаниялар ережелерді қатайтып жатыр

Осыған ұқсас оқиғалар жиілегеннен кейін, көптеген тасымалдаушы литий-ионды аккумуляторлары бар құрылғыларды тасымалдау ережелерін қайта қарай бастады.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға өткен жылдың күзінде Ханчжоудан Сеулге (Инчхон) бағыт алған CA139 рейсінде болған еді. әуекомпания мәліметінше, жолаушылардың бірінің орындық үстіндегі жүк сөресіне қойған қол жүгіндегі литий батареясы өздігінен өртеніп кеткен. Экипаж өртті дер кезінде сөндірді. Бортта болғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Қараша айында бортта пауэрбанктерді пайдалануға Azerbaijan Airlines тыйым салса, 2025 жылдың қазан айында осындай шектеулерді Emirates енгізді.

2025 жылғы 13 наурыздан бастап Air Astana мен FlyArystan да литий батареяларын тасымалдау талаптарын қатайтты. Қосалқы аккумуляторларды, соның ішінде пауэрбанктерді тек қол жүгімен тасымалдауға рұқсат етіледі.

Бұдан бөлек, FlyArystan 7 мамырдан бастап мұндай құрылғыларды тасымалдау ережелерін жаңартты:

қуаты 100 ватт-сағатқа дейінгі пауэрбанктерді шектеусіз тасымалдауға болады; қуаты 100-ден 160 ватт-сағатқа дейінгі құрылғыларға тек әуекомпанияның келісімінен кейін ғана рұқсат беріледі; 160 ватт-сағаттан асатын пауэрбанктерді тасымалдауға толықтай тыйым салынған.

Бұл ретте пауэрбанктерді тіркелген багажға тапсыруға болмайды, ал ұшу кезінде оларды пайдалануға және олардан құрылғыларды қуаттауға бұрынғыша тыйым салынады.

Шектеулерге сымсыз құлаққаптар да ілікті.

Талаптардың күшейтілуі біртіндеп литий-ионды аккумуляторлары бар басқа да құрылғыларға таралып жатыр.

Мәселен, Тайваньның EVA Air, UNI Air және Tigerair әуекомпаниялары сымсыз құлаққаптарды тіркелген багажға тапсыруға тыйым салды, соның ішінде Apple AirPods та бар. Себебі сол: қуаттау кейсінде литий-ионды аккумулятор бар және ол іс жүзінде пауэрбанктің бір түрі болып саналады.

"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құлаққап кейстері мен кіріктірілген литий-ионды аккумуляторлары бар портативті желдеткіштер сияқты электронды құрылғыларды бортқа тек қол жүгімен алуға болады", - деп түсіндірді Tigerair өкілі.

UNI Air өкілдері де Bluetooth құлаққаптары қуаттау кейсімен бірге портативті электронды құрылғыларға жататынын және қауіпсіздік мақсатында тіркелген багажда болмауы тиіс екенін атап өтті.

Осындай талаптар Жаңа Зеландияның авиациялық билік орындарының ережелерінде де бар, онда сымсыз құлаққаптарға арналған қуаттау кейсі де пауэрбанктің бір түрі ретінде қарастырылады.

Осылайша, литий-ионды батареялары бар құрылғыларды тасымалдау ережелерін қатаңдату үрдісі жалғасып жатыр. Мұндай шектеулердің негізгі мақсаты - борттағы өрт қаупін азайту және экипаждың ықтимал өрт ошағын жылдам анықтап, жоюына мүмкіндік беру.

Тағы оқыңыз: Теңізді ерекше жүкпен кесіп өткен екі дос желі жұлдызына айналды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Шілде 2026 16:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see167

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see160

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see154

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see148

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see148

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see146

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see140

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see139

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see135

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see133

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see129

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see125

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

10 Қыркүйек 2026 04:11see122

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

09 Қыркүйек 2026 12:41see119

Halyk пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі не туралы келісті?

10 Қыркүйек 2026 09:33see114

Шуда “Сергектер“ пайда болды қандай көшелер бақылауда

09 Қыркүйек 2026 15:34see113

Атыраудағы Полиэтилен зауытының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді

09 Қыркүйек 2026 14:14see113

Елімізде 6 9 жас аралығындағы балалардың 23 пайызында артық салмақ бар

09 Қыркүйек 2026 11:44see110

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

10 Қыркүйек 2026 09:38see110

Жалақысы 1 250 000 теңгеге дейін жететін бос жұмыс орындары бар

09 Қыркүйек 2026 08:49see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары