Қазақстанда азаматтардың атына жасырын несие рәсімдеудің жаңа тәсілі анықталды
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қаскөйлер банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі болып хабарласып, адамдарды өз еркімен құпия ақпарат беруге көндіреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, алаяқтар көбіне телефон арқылы хабарласып, күмәнді операция анықталғанын немесе азаматтың атына несие рәсімделіп жатқанын айтады. Осылайша адамды қорқытып, SMS арқылы келген растау кодын сұрайды.
Кейбір жағдайда қаскөйлер азаматтарға арнайы қосымша орнатуды ұсынады. Мұндай бағдарламалар телефондағы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беруі мүмкін. Соның салдарынан алаяқтар мобильді банкингтегі мәліметтерді пайдаланып, қаржылық операциялар жасауға әрекеттенеді.
Мамандар банк қызметкерлері клиенттен SMS кодын, құпиясөзін немесе банк қосымшасына кіру деректерін телефон арқылы сұрамайтынын ескертеді.
Қазақстанда азаматтар өз атына несие рәсімдеуге уақытша тыйым сала алады. Ол үшін eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы «Банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін қосу қажет.
Бұл қызмет алаяқтық жолмен несие рәсімдеу қаупін азайтуға көмектеседі. Дегенмен ол барлық жағдайда толық қорғанысқа кепілдік бермейді.
Егер азамат өз атына белгісіз несие рәсімделгенін анықтаса, дереу банкке хабарласып, полицияға арыздануы қажет.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2026 23:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















