Қырғызстанда 17 жыл жасырынған қылмыскер елге экстрадицияланды
Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қырғызстаннан қазақстандық банктің қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы экстрадицияланды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, тергеу күдіктінің 2007-2008 жылдары Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болып, қазақстандық банктердің бірінен 183 миллион теңгеден астам ақшаны көрінеу қайтарусыз несие беру арқылы ұрлағанын анықтаған.
Алынған ақша оның мүшелері арасында бөлініп, жеке мақсаттарына пайдаланылған.
«Қылмыс жасағаннан кейін ҰҚТ мүшесінің бір бөлігі сотталған, ал күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты олхалықаралық іздеуге жарияланған», – делінген хабарламада.
2026 жылғы ақпанда ол Бішкекте ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:81
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 17:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















