Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

Жас теннисші Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

Сақ болыңыз : полиция айыппұл туралы SMS келсе, не істеу керектігін түсіндірді

Күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Қытайлық астронавт жалғыз өзі ғарышта бір жыл болады

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Қызылдың құны қалтаға ауыр

Қызылдың құны қалтаға ауыр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елдегі ет бағасы жарты центке де жетпейді деген шенеунік нарық құнынан хабарсыз секілді көрінді. Өйткені мұндай баға берекелі де мерекелі 2010 жылдардың өзінде де болмаған. Мұны Ranking орта­лығының мамандары саралап білді. 

«2010 жылдың қаңтарында рес­ми статистика бойынша бір келі сиыр еті 641 теңге тұрған. Ол кездегі бағаммен есептегенде шамамен 4,5 доллар. Яғни, сол жылдардың өзінде ет жарты цент бол­маған. Халықаралық деректер­ге сүйенсек, Африка елдерінің өзінде сиыр етінің бағасы кемінде 5,4 доллардан басталады», – делін­ген сараптама орталығының мә­лім­демесінде.

Ұлттық статистика бюросы­ның ескі деректеріне сәйкес, сиыр етінің бір келісі 214 теңге болған кезең 2000 жылдың наурыз айына сәйкес келеді. Яғни, бұдан ширек ғасырға жуық уақыт өткен. Ал бүгінгі жағдай мүлде басқа. 2026 жылдың ақпанының басында сүйексіз сиыр етінің орташа бағасы 4 900 теңгеге жетті. Жылқы еті – 4 100 теңге, қой еті – 3 900 теңге.

«Халық ет жеуді, қасап мал союды қояды-ау...»

Ақпанда ірі қалаларда сиыр еті өткен жылмен салыстырғанда, орта есеппен 26,8 пайызға өсті. Кейбір өңірлерде өсім тіпті қатты сезілген: Жезқазғанда баға бір жылда 48,2 пайызға, Көкшетауда 40,9 пайызға, Түркістанда 37,2 пайызға көтеріл­ген. Баға шарық­тауы былтырғы қыркүйектен бастап үдей түсті. Ол кезде жылдық өсім 19 пайыз шама­сында еді, ал желтоқсанға қарай 22,6 пайызға жетті. Әсіресе, сиыр мен қой еті қатты қымбаттады.

Бұл көрсеткіштер елдегі ірі қалалар мен облыс орталықтарын­дағы бағаларды қосып есептеген­дегі орташа сан. Мысалы, Алма­тыда бір келі сүйексіз сиыр еті орта есеппен 5 100 теңге тұрады. Ал нақты дүкенге барсаңыз, баға одан да жоғары болуы мүмкін: қара­пайым төс еті 5 мың теңгеден бас­талса, жамбас еті 11 мың теңгеге дейін барады. Ең қымбат қала – Астана. Мұнда орташа баға 6 100 теңге. Петропавлда – 5 600, Қона­ев­та – 5 200 теңге. Ал салыстыр­малы түрде арзан өңірлер – Павлодар (4 100 теңге), Семей мен Тал­дықорған (шамамен 4 200 теңге).

Мал бордақылап күнелтіп отыр­ған ауыл тұрғындары да мә­селе жақын арада шешімін тап­паса, ел ет жеуден қала ма деп алаңдаулы. Мысалы, қасапшы Оспан Жұмаділлаев бағаны көтере алмаймыз, үстінен қалатын аулақ ақшаны қанағат тұтып отырмыз деген уәж айтып отыр.

– Ауылда мал бордақылап, соғымға жылқы соямыз. Бірақ қазір малдың өзі де, жем-шөбі де қатты қымбаттап кетті. Бұрынғы­дай емес, әр шығынды есептеп оты­рамыз. Жылқыны сатып ала­мыз, жем-шөпті сырттан тасимыз – бәрі ақша. Соның бәрін қосып, малды бағып-қағып, семіртіп, жі­лік­ке бөліп сатамыз. Бірақ бағаны 3 000-3 200 теңгеден асыра алмай­мыз. Одан жоғары қойсақ, халық­тың қалтасы көтермейді. Оны да түсінеміз. Бірақ бағаны осылай ұстап тұру бізге де оңай емес. Шы­ғы­нымызды әрең жауып, үстінен аз ғана тиын қалады. Соған шүкір деп отырмыз. Бұрынғыдай пайда көріп жатырмыз деп айта алмай­мыз, – дейді ол.

Қасапшының сөзінше, қазір бәрі қымбат – жем-шөп те, жанар­май да, жұмыс күші де. Ал еттің бағасын көтерейін десең, елдің қалтасы көтермейтіні де рас. 

– Осындай қыспақ жағдай­дамыз. Алдағы уақытта не болаты­нын ешкім нақты айта алмайды. Егер бәрі осы қарқынмен жалғаса берсе, жақында халық ет жеуді, қасап мал союды қояды-ау. Қасап­шылықтың да қадірі кете ме деп алаңдаймыз, – дейді ол.

Мұндай жағдай тек бізде емес. Әлемнің өзінде ет бағасы өсіп ке­леді. Мал азығы, дәрі-дәрмек, тасымал шығындары қымбаттады. Жалпы инфляция да өндіріс шы­ғы­нын арттырып отыр. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруа­шылы­ғы ұйымы келтірген мәлі­метке қарағанда, өткен жылы әлем­де ет бағасының көрсеткіші 116-127 пайыз аралығында болған. 2026 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 123,8 пайыз деңгейінде тіркелді.

Ет бағасы Еуропамен теңесті

Халықаралық Global Product Price порталының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар айында Қазақ­стан сиыр етінің қымбаттығы бойынша 76 елдің ішінде 42-орын­да тұрған. Платформа көрсеткен баға – 15,1 АҚШ доллары, яғни шамамен 7 400 теңге. Бұл – қазақ­стан­дықтар базар мен дүкендерден көріп жүрген шынайы бағаларға жақын көрсеткіш.

Қазақстан рейтингтің дәл ортасында тұр. Бірақ біздегі сиыр еті кейбір Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне қарағанда қым­бат. Мысалы, Біріккен Араб Әмірліктерінде бір келі сиыр еті 12,5 доллар тұрады – бұл Қазақ­стан­дағы бағадан шамамен 17 пайызға арзан. Ал отандық өндіру­шілер етті дәл осы Әмірліктерге және Үндістанға экспорттауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Словенияда (14,6 доллар), Румы­нияда (14,2 доллар), Сингапурда (13,7 доллар), Мексикада (12 доллар), Сауд Арабиясында (9,9 доллар) сиыр еті бізден арзан.

«Бәйтерек» басшысының негізгі ойы – ет бағасының төмен болуы фермерлердің дамуына кері әсер етеді дегенге саяды. Баға тым төмен болса, мал өсірушілер шығынын жаба алмайды, жаңа жобаларға қаржы сала алмайды.

Мұнда шындықтың үлесі бо­луы мүмкін. Бірақ мәселенің екін­ші жағы бар: Қазақстанда жалақы ет бағасындай жылдам өсіп жатқан жоқ. Фермерлердің мәселесін халықтың қалтасы арқылы шешу оңай емес. Егер ет бағасы шамадан тыс өссе, адамдар оны аз сатып алады немесе мүлде алмай қояды. Ал бұл халықтың тұрмысына тіке­лей әсер етеді. Сон­дықтан басты шешім – халық­тың табысын арт­тыру.

Инвестиция жағына келсек, өткен жылы мал шаруашылығына салынған негізгі капитал көлемі 47,4 пайызға өсіп, 32,7 млрд тең­геге жеткен. Дегенмен бұл өсім 2024 жылғы төмен көрсеткіштен кейінгі қалпына келу кезеңімен байланысты. 2024 жылы инвес­тиция көлемі екі есеге жуық қыс­қарған еді.

Барлық инвестицияның шама­мен 73 пайызы ірі қара мал өсіретін кешендерге бағытталған. Бұл бағытта қаржы көлемі 13,6 млрд теңгеден 23,8 млрд теңгеге дейін артқан. 

Күйігімізді «киік еті» баса ма?

Мемлекет нарықтағы қысым­ды азайтудың бір жолы ретінде киік етін ресми айналымға енгізуге бет бұрғандай. Яғни, ірі қара мал еті қымбаттаған кезеңде, билік арзандау балама ұсынып, бағаны белгілі бір деңгейде тұрақтан­дыруды көздеген сыңайлы. Өйткені киік санын реттеу жай ғана әңгіме күйінде қалған жоқ. Соңғы екі жылда бұл мәселе нақты іске ұласты. 2025 жылдан бастап киік еті ресми түрде дүкен сөре­леріне шығып, арнайы базарларда сатыла бастады. Яғни, бұрын тек табиғатты қорғау тұрғысынан тал­қыланған тақырып енді эко­номика­лық айналымға енді.

Алдымен дүкендерде киік етінен жасалған консервілер пайда болды. Артынша жаз айларында салқындатылған етті кең көлемде сату жолға қойылды. Осылайша, киік санын реттеу науқаны біртіндеп жүйелі өндіріс үдерісіне айналды. Киікті ату, оны арнайы орындарға жеткізу, сою, тексеру, одан кейін ғана саудаға шығару – бәрі белгілі бір тәртіппен жүр­гізіледі.

Бұл жұмыс Экология министр­лігіне қарасты «Охотзоопром» мекемесінің бақылауында. Оған қоса Сауда министрлігіне қарасты тиісті құрылымдар да қадағалайды. Ел бойынша лицензиясы бар 35 сою нысанының 27-сі іске қо­сылған. Олар жеті өңірде жұмыс істеп тұр. Барлығы ветеринарлық талаптарға сай тексерілген, арнайы цехтары мен тоңазытқыштары бар.

Ең көп қойылатын сұрақ – жабайы аңның еті қаншалықты қауіпсіз? Ресми мәліметке сүйен­сек, сою орындарына 196 мыңнан астам киік жеткізілген. Әрбір тұтас ет міндетті тексерістен өтеді: ішкі ағзалары қаралады, арнайы сына­малар алынады, радиациялық дең­гейі өлшенеді. Сараптамадан өт­пеген өнім сатылымға жіберіл­мейді. Ел ішінде 137 мыңнан астам тұтас киік еті саудаға шыққан. Олар­дың бәріне ветеринарлық анықтама берілген.

Киік етінің көтерме бағасы жария етілмейді. Ал дүкендердегі баға ашық. 2026 жылдың басында бір келі киік еті 1 300-2400 теңге ара­лығында сатылып жатыр. Көбі­не 1600-1800 теңге шамасында. Бұл сиыр етімен салыстырғанда, әлдеқайда арзан. Кей өңірлерде сиыр етінің келісі 4 мың теңгеден асып кеткенін ескерсек, айырма­шылық айқын.

Заң бойынша сараптамадан өтпеген етті сатуға болмайды. Ба­зарлар мен дүкендерде инспек­торлар құжаттарды, таңбаларды, та­сымал жағдайын тұрақты тексе­ріп отырады. Мамандар да киік етін тек арнайы, рұқсат етіл­ген орын­дардан сатып алуға кеңес береді.

Мал өсіруге мемлекет қолдау көрсетпек

Әзірге киік етімен «алдана» тұрсақ, алдағы уақытта ірі қара мал етінің де қолжетімді болар күніне жетуіміз мүмкін. Себебі енді елімізде ет өндірісін күшейтуге бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылмақ. Оның аясында фер­мерлерге жылдық 5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Бұл қаржыға шаруалар әрі өзіміздің, әрі шетелдің асыл тұқымды малын сатып ала алады. Жоспар бойынша жыл сайын 110 мың бас мал алы­нуға тиіс. Соның 50 мыңы – отан­дық мал болса, 60 мыңы – сырттан әкелінетін асыл тұқым.

Бірақ қағаз жүзіндегі жоспарды орындау оңай емес. Қазақстан мал өсірушілер одағының жетекшісі Даурен Салықовтың айтуынша, 60 мың бас аналық малды қолжетімді бағамен табу – үлкен мәселе.

Мәселен, биыл Ресей ең көбі 20 мың бас ұсына алады. Беларусь – 3 мың бас, Еуропа елдері шама­мен 12 мың бас шығаруы мүмкін. Бірақ бұл – сатуға дайын тұрған көлем ғана. Оны кімге береді, бәрі ұсынылатын бағаға бай­ланысты. Сондықтан сарап­шы­лар бұл көрсеткіштердің жар­ты­сына ғана сенуге болады дейді. 

Ал қалған малды қайдан аламыз? АҚШ пен Канада әзірге тиімді бағыт емес. Ол жақта ірі қараның бағасы тым қымбат – бір қашар 5 мың доллар тұрады. Оның үстіне бұл сомаға тасымал мен карантин шығыны қосылмайды. Қазақстанға жеткізгенше мұндай мал «алтынмен пара-пар» болып кетеді.

Салыстырмалы түрде қолайлы нұсқа – Аустралия. Онда бір қашар шамамен 3 мың доллар. Сонымен қатар Уругвай, Аргентина, Бра­зилия сияқты Оңтүстік Америка елдері де қарастырылып отыр.

Тағы бір маңызды жайт бар. Бұрынғы тәжірибеге сүйенген ма­мандар қатал климатқа тез бейім­делуі үшін малды бір жасқа толмай тұрып әкелу керек дейді. Жас мал жаңа ортаға жеңілірек үйренеді. Бұл талап сатып алу шарттарына енгізілмек.

Кәмила ДҮЙСЕН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты

23 Мамыр 2026 11:00see110

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

24 Мамыр 2026 19:34see109

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

23 Мамыр 2026 13:55see109

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

24 Мамыр 2026 16:44see107

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

23 Мамыр 2026 18:58see106

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

24 Мамыр 2026 18:45see106

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

23 Мамыр 2026 12:20see105

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

23 Мамыр 2026 16:37see104

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

24 Мамыр 2026 20:11see104

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

23 Мамыр 2026 20:47see104

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

24 Мамыр 2026 11:25see104

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

24 Мамыр 2026 19:11see100

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

23 Мамыр 2026 11:26see99

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

24 Мамыр 2026 16:05see99

Жас теннисші Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті

24 Мамыр 2026 19:21see98

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

24 Мамыр 2026 09:43see98

Сақ болыңыз : полиция айыппұл туралы SMS келсе, не істеу керектігін түсіндірді

24 Мамыр 2026 17:21see95

Күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

23 Мамыр 2026 11:10see94

Қытайлық астронавт жалғыз өзі ғарышта бір жыл болады

24 Мамыр 2026 10:30see93

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

23 Мамыр 2026 12:46see93
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары