Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Қызылорда облысының әлеуметтік саласын дамытуға арналған кеңес өтті

Қызылорда облысының әлеуметтік саласын дамытуға арналған кеңес өтті

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қызылорда қаласында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға арналған кеңес өтті.

Жиынға салалық министрліктердің өкілдері мен облыс басшылығы қатысты. Кеңесте әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуына қатаң бақылау орнату мәселелері көтерілді. Аида Балаева жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік саясатты іске асыруда нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізуді тапсырды.

Жиында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындары мен колледждерде кадр даярлау жүйесі жаңартылатынын мәлімдеді. Енді білім беру бағдарламалары еңбек нарығының нақты сұранысына сәйкес сауалнама деректері негізінде түзетілмек. Аида Балаеваның айтуынша, бұл тәсіл болашақта сұранысқа ие мамандарды анықтауға мүмкіндік береді. Қызылорда облысында осы бағытта жаңа мамандықтар атласы әзірленген. Өңір экономикасының негізгі салалары үшін білікті кадрлар даярлау мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі облыс әкіміне білім беру гранттарының санын арттыруды тапсырды. Өңірде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы толық жүзеге асырылды. Жоба аясында 27 медициналық нысан бой көтерді. Премьер-Министрдің орынбасары емханалар қызметін жандандырудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ саладағы бақылауды күшейтуді тапсырды. Кеңес барысында атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру мәселесі де қаралды. Өңірде әлеуметтік көмек алушылар саны айтарлықтай қысқарған. Осыған байланысты жәрдемақылардың тек шын мәнінде мұқтаж азаматтарға берілуіне басымдық беру қажеттігі сөз болды. Аида Балаева білім саласына да ерекше тоқталды. Айтуынша, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім сапасын жақсарту бағытында кешенді шаралар қабылданып жатыр. Алдағы уақытта мектептерге жасанды интеллект технологияларын енгізуге айрықша мән беріледі. Бұл ретте жасанды интеллект мұғалімдерді алмастыру емес, керісінше, олардың жұмысын жеңілдететін көмекші құрал ретінде қолданылуға тиіс екені айтылды. Жиында туризм саласын дамытуға қатысты ұсыныстар да тыңдалды. Кейінгі кезде облысқа келетін туристер саны 35 пайыз артқан. Дегенмен, аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштері мен киелі орындарын кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті Аида Балаева. Сонымен қатар өңірдің мәдениет саласында да оң өзгерістер бар. Кейінгі үш жылда бұл салада 22 нысан жаңадан салынған. Оның ішінде барлық ауданда бірдей ашылған «Руханият орталықтарының» маңызы ерекше. Аталған орталықтар арқылы архив, кітапхана және музей қорлары толықтырылып, апатты жағдайдағы ғимараттар мәселесі түбегейлі шешімін тапқан. Кеңес қорытындысында Аида Балаева өңірдің әлеуметтік саласын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ Қызылорда облысында барлық бағыт бойынша оң өзгерістер бар екенін атап өтті. 

Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев, Нұржан Мұзарапшин

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 07:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары