Қазақстанда мұнай газ саласын дамытуға басымдық берілмек
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мұнай-газ саласын дамытуда ресурстық базаны кеңейтуге, мұнай өндіру тиімділігін арттыруға, өндірісті ел ішінде оқшаулауға және көмірсутектерді терең өңдеуге басымдық береді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров "Мұнай және газ" – KIOGE-2026 көрмесі мен конференциясында айтты.
Оның айтуынша, 2026 жылы елде шамамен 80 барлау-бағалау ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Ал 2027–2028 жылдары бұл көрсеткішті жыл сайын 120 ұңғымаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
"Министрлікте жасанды интеллект технологияларын қолданатын 45 жобадан тұратын портфель қалыптастырылған. Сонымен қатар 4 мыңнан астам мұнай ұңғымасын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін отандық жүйе енгізілді", - деді Ерлан Ақбаров.
Бұл жүйе ұңғымалардың бос тұрып қалу уақытын 20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Қазақстанда мұнай-газ машина жасау саласын дамыту үшін бес және он жылдық оффтейк-келісімшарттар енгізілуде. Бұл отандық өндірушілер үшін ұзақ мерзімді әрі тұрақты сұраныс қалыптастыруға бағытталған.
KIOGE-2026 көрмесі мен конференциясына әлемнің 62 елінен 500-ден астам компания қатысып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 18:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















