Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Жаңа Конституция білім мен ғылымды дамытуға басымдық береді

Жаңа Конституция білім мен ғылымды дамытуға басымдық береді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

11 наурыз күні Астанада Парламент депутаттарының, саясаттанушылардың, академиялық қауымдастық өкілдерінің, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сараптамалық алаң отырысы өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін және тұрақты мемлекет архитектурасын қалыптастыруға бағытталған институционалдық өзгерістерді талқылады. Қоғамның білімге негізделген дамуы, инновациялар және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алғашқы панельдік сессия жаңа Конституция институттарына арналды. Сессия модераторы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым болды. Пікірталас барысында сарапшылар жаңа Конституция жобасындағы институционалдық өзгерістерді және олардың саяси жүйенің тұрақтылығына ықпалын қарастырды.

Саясаттанушы Андрей Чеботарев конституциялық реформаның мемлекеттік жүйенің институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

– Сонымен қатар жаңа Конституция шешім қабылдау үдерісіне қоғамның қатысу тетіктерін кеңейтуді көздейді. Халық кеңесін, қоғамдық кеңестерді, жергілікті қауымдастықтардың жиындары мен басқосуларын қамтитын қоғамдық диалог пен сараптаманың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасуда, – деп өз пікірін білдірді сарапшы.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Марат Шибұтов жаңа Конституция жобасының азаматтардың саяси өмірге қатысуын қалай кеңейтетіні туралы талдау ұсынды.

– «Құрылтайдағы партиялық өкілдіктің кеңеюі және Қазақстан Халық кеңесінің рөлінің артуы саяси өкілдіктің неғұрлым теңгерімді жүйесін қалыптастырады. Бұл шешім қабылдау процесіне қоғамдық және саяси акторлардың көбірек қатысуына ықпал етіп, саяси жүйенің институционалдық тұрақтылығын нығайтады», – деп атап өтті Марат Шибұтов.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Негізгі заң жобасы адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

– Құжатта жеке тұлғаны қорғаудың бірқатар жаңа тетіктері бекітіледі. Оның ішінде азаматтардың Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктерін кеңейту, адвокатураның рөлін күшейту, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде қолданылатын «Миранда ережесіне» ұқсас құқықтық нормаларды енгізу қарастырылған. Бұл ереже ұсталған адамдарға олардың құқықтарын міндетті түрде түсіндіруді көздейді, – деп атап өтті Абзал Құспан.

Саясаттанушы Талғат Қалиев өз сөзінде конституциялық реформа тұрақтылығы көбіне жеке тұлғалық факторға сүйенген саяси жүйе моделінен ережелерге, рәсімдерге және өкілеттіктердің теңгеріміне негізделген неғұрлым институционалдық жүйеге көшу үрдісін көрсететінін айтты.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова жаңа Конституцияның өзегін құндылықтар, соның ішінде қоғамдық диалог пен сөз бостандығы құндылықтары құрайтынын атап өтті.

– Бізде сөз бостандығы бар екенін, цензураға тыйым салынғанын білеміз. Яғни, плюрализм кеңістігі қамтамасыз етілген, белгілі бір мәселелерге әртүрлі көзқараспен қарау мүмкіндігі бар. Бұл қоғамдық диалогқа қатысты барлық институттарға да таралады, – деді қоғам белсендісі.

Журналист және сарапшы Нұрбек Матжани сөз бостандығы мен жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.

– Жаңа Конституция әр адамның өз көзқарасын еркін білдіру құқығын бекітеді, сонымен қатар азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, сондай-ақ жеке өмірін қорғаудың құқықтық тетіктерін де қарастырады, – деп атап өтті сарапшы.

Ол негізгі кепілдіктердің қатарында цензураға тікелей конституциялық тыйым салынуын, сондай-ақ ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігінің бекітілуін атап өтті.

Білім беру, инновациялар және цифрлық құқықтар мәселелеріне арналған екінші панельдік сессияның модераторы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов болды. Қатысушылар конституциялық реформаның адами капиталды, ғылымды, инновацияларды және цифрлық ортаны дамытуға ықпалын талқылады.

Сессия барысында саясаттанушы Ғазиз Әбішев жаңа Конституция жобасында мемлекеттің және білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекітудің маңызын атап өтті.

– «Бұл ережелер ар-ождан бостандығы мен зайырлы мемлекет қағидаты арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ дінді саясаттандырудың алдын алуға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті Ғазиз Әбішев.

Maqsut Narikbayev University профессоры Марат Ахмади қазіргі жағдайда адами капиталдың басты стратегиялық ресурсқа айналып отырғанын атап өтті. Сарапшының пікірінше, Конституцияда ғылымды, білім беруді және инновацияларды дамыту басымдықтарын бекіту Қазақстанның білім экономикасына көшуіне және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға институционалдық негіз қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек технологиялық серпіліс өңірлік, географиялық, технологиялық және экономикалық теңсіздікті күшейтіп, белгілі бір теңгерімсіздіктер туғызғанын айтты.

– Осыған байланысты инновациялар, адами капитал, білім мен ғылым мәселелерінің жаңа Конституцияның негізгі мәндерінің біріне айналып, оның стратегиялық басымдықтары мен базалық құндылықтары ретінде қарастырылып отырғаны мен үшін үлкен қуаныш, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жаңа Конституция жобасы адам мен бала құқықтарын қорғау жүйесін күшейтетінін атап өтті.

– «Құжатта отбасыны, ана мен баланы қолдаудың қосымша кепілдіктері бекітіліп, мемлекеттік саясаттың адамға бағытталған сипаты айқын көрсетіледі», – деді Динара Зәкиева.

Осыған ұқсас пікірді Bilim Group компаниясының негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы да білдірді. Оның айтуынша, XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі факторы – оның интеллектуалдық әлеуеті.

– «Білім, ғылым және инновацияларды дамыту білім қоғамының негізін қалыптастырады, ол тұрақты экономикалық өсудің басты көзіне айналады», – деп атап өтті Рауан Кенжеханұлы.

Саясаттанушы Эдуард Полетаев қазіргі Конституция тек құқықтық қана емес, сонымен қатар стратегиялық функцияны атқаратынын, оның ұзақмерзімді мемлекеттік дамудың құндылықтық аясын анықтайтынын айтты.

Сараптамалық платформа қорытындысы бойынша, қатысушылар жаңа Конституция Қазақстанның әрі қарайғы дамуының институционалдық және құндылықтық негіздерін қалыптастыратынын, оның адам құқықтарын нығайтуға, білім қоғамын дамытуға және мемлекеттік жүйенің тұрақтылығын жаһандық өзгерістер жағдайында арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 17:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары